Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


(қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті)



бет19/24
Дата15.11.2023
өлшемі42,8 Kb.
#123723
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Y5ZymIACR1Sdfi9fzYasVGUCxotNhs2n8tkAFWjo

(қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті)

Дидактикалық ойын.
"Қарама-қарсы сөздер" (мезгілдер және құбылыстар).
Мақсат-міндеттері. Заттар мен құбылыстардың қасиеттері туралы балалардың білімдерін тереңдету, тиянақтау; ой шапшаңдығына, есте сақтау, елестету қабілеттерін дамыту; сөздік қорды байыту.
Шарты.
Балалар педагог ұсынған әрбір сөзге қарама-қарсы сөздерді атап отыруы тиіс.
- Лас - (Таза).
- Қараңғы - (Жарық).
- Түн - (Күндіз).
- Ылғалды - (Құрғақ).
- Жаңбыр - (Қар).
- Аспан - (Жер).
- Таң - (Кеш).
- Су - (Мұз).
- Су - (Бу).
- Жаз - (Қыс).
(қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті)


Сюжетті-рөлдік ойын.
"Қонақ күтеміз".
Мақсат-міндеттері. Балаларға "қонақты күту" ұғымы, "қонақ" пен "қонақ күтуші" (үй иесі) ұғымдарын түсіндіру; ойын барысында рөлдедерді игерту; қазақ халқының қонақты күту дәстүрі жайында білімдерін кеңейту; адамға, үлкенді құрметтеуді, сүйіспеншілікке, достыққа тәрбиелеу.
Құралдар.
Ойын үшін жиһаздар, ойыншық кейіпкерлер немесе балалардың өздері рөлдерді сомдауы мүмкін; ойыншық ыдыстар мен тағамдардың жасанды пішіндері; ойыншық музыкалық аспаптар, микрофон; әдемі қапталған сыйлықтар.
Шарты.
Педагог балалармен бірге әрбір отбасыда қонақты күту алдында қандай тағамдарды, тәтті-дәмділерді әзірлейтінін, үстелге ыдыстарды, тағамдарды, құралдарды қалай қоятындарын алдын ала анықтайды.
Балалар педагогпен бірге қонақ күткенде қандай әрекеттерді жасайтынын жоспарлайды.
Балалар екі топқа бөлінеді: қонақтар мен үй иелері.
Үй иелеріне дастарқанды әзірлеуге уақыт беріледі, қонақ болғысы келген балалар дайындықты бақылайды, балалардың қонаққа өнерін көрсетуі үшін педагог бөлек орын дайындайды. Қонақтар үй иелеріне қандай сыйлықтарды әкелетінін ойластырып, бәрін дайындап әкеледі.
Алғашында, педагог ойын барысын белгілі фразалармен сүйемелдеп отырады, ойыншыларға қосымша әрекеттерін анықтайтын сұрақтар қойып жүреді, өзі қатысады, ойын желісінің одан ары жалғасуына үлес қосады.
Ойын аяғында педагог балалармен бірге қорытынды жасай алады: қонақты күту үшін тағамдарды сатып алып, оларды дайындап, дастарқанды жаю керек; қонақта үй иелері мен қонақтар өз өнерлерін көрсетеді, әңгімелеседі, жаңалықтармен бөліседі; қонақта әдептілік ережелерін ұстану керек (үй иесінің мүлкін бұзбау, әдепсіз сөздер айтпау, күтімге риза болу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет