Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


"Бақшаға не отырғызылып жатыр?" дидактикалық ойыны



бет10/24
Дата15.11.2023
өлшемі42,8 Kb.
#123723
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Байланысты:
Y5ZymIACR1Sdfi9fzYasVGUCxotNhs2n8tkAFWjo

"Бақшаға не отырғызылып жатыр?" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттері. Балаларға заттарды белгілері бойынша (өсу орнына қарай, қолданылуына қарай) жіктеуге дағдыландыру, тез ойлауды, есту зейінін дамыту.
- Балалар, сендер бақшаға не отырғызатынын білесіңдер ме? Мен әртүрлі заттарды атаймын, сендер мұқият тыңдап жауап бересіңдер. Егер мен бақта өсетінді атайтын болсам, «иә» деп жауап бересіңдер, ал егер бақшада өспейтін болса, «жоқ» деп жауап бересіңдер. Кім қате жіберсе, сол ұтылады».
Тәрбиеші:
- Сәбіз.
Балалар:
- Иә!
Тәрбиеші:
- Қияр.
Балалар:
- Иә!
Тәрбиеші:
- Қызылша.
Балалар:
- Иә!
Тәрбиеші:
- Өрік.
Балалар:
- Жоқ!
"Тым-тырақай" ойыны. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Балаларға ойын шартына сай ойнауды баулу; шапшаңдыққа, зеректікке, кеңістікті бағдарлау, жылдам жүгіре білу қабілеттерін дамыту.
Балалар шеңбер құрайды.
Бір немесе бірнеше бала шеңбер ортасында белгі санамақ сөздерден кейін ұстап алушылардың рөлін атқаратын болады.
Ал, кәнеки, балалар,
Бір, екі, үш - деп, санаңдар!
Бір, екі, үш! Ал тараңдар!
Бұл сөздерден кейін балалар жан-жаққа бытырай қашады. Оларды ортада тұрған бала ұстап алу керек.
Екі, үш бала ұсталған соң, тәрбиеші "бір, екі, үш" - деп санағанша, балалар тез шеңбер құрып тұрады.
Ойын қайта басталады.
Еркін ойын. "Көгөністер дүкені".
Мақсат-міндеттері. Көгөністер мен жеміс-жидектерді құмнан мүсіндеу.
Берілген ойын тақырыбында шығармашылық, белсенділік көрсеткендерді мақтау; ойынға қызығушылықтарын қолдау және дамыту. Көгөністер мен жемістер туралы алған білімдерін бекіту.

Бақылау. "Азық-түлік дүкеніне саяхат". (қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті)
Мақсат-міндеттері. Көгөністер мен жемістер туралы ойларды қорыту, көгөніс дүкеніндегі сатушының жұмысы туралы балалардың ойларын кеңейту.
- Біз бүгін витаминді салатқа көгөністер сатып алу үшін көгөніс дүкеніне экскурсияға барамыз.
- Балалар, қайсыларың дүкенге аналарыңмен бірге бардыңдар?
- Онда не істедіңдер? (Балалардың жауаптары.)
Педагог балалардан екі-екіден сап түзеуді сұрайды, содан кейін ол балаларға көшедегі жүріс-тұрыс ережелері, жол ережелері туралы еске салады.
Педагог балалармен бірге дүкенге барады, содан кейін көгөніс бөліміне апарады.
- Балалар, біз дүкеннің азық-түлік бөліміне келдік.
- Мұқият қарайық. Дүкеннің осы бөлімінен не сатып алатынымызды айтыңдаршы?
Балалар дүкен терезесін мұқият қарап шығады, көгөністер мен жемістерді атайды.
Дүкеннің осы бөлімінде көптеген түрлі көгөністер сатылады.
- Көптеген түрлі көгөністер сататын дүкеннің мұндай бөлімі қалай аталады?
- Дәл солай! Көгөніс бөлімі.
Тәрбиеші балаларға көгөністер мен жемістерді көрсетеді, балалар көгөністер мен жемістердің аттарын атайды және қысқаша сипаттама береді.
Тәрбиеші:
- Балалар, дүкенде жұмыс істейтін тұтынушыларға қызмет көрсететін адамның кәсібінің атауын есте сақтадыңдар ма?
- Дұрыс! Сатушы мамандығы. Сатушы өте қажет жұмыс және қиын жұмыс. Сатушы әр өнімнің қанша тұратынын, көгөніс базасынан қанша әкелінгенін білуі керек. Әр өнімді дұрыс өлшеу керек, чекті дұрыс жазып, ақшаны дұрыс санау керек. Дүкендер таңертеңнен кешке дейін жұмыс істейді, онда әрдайым адамдар көп болады.
- Сатушы жұмыс күні қатты шаршайды, балалар дүкенге анасымен бірге келгенде қыңыр мінез көрсетіп, айқайлап жатса, сатушының басы ауырып, есептеу кезінде қате жіберуі мүмкін. Балалар, мен мұны әрдайым есте ұстауларыңды сұраймын. Дүкенде ешқашан шу шығармаңдар және сатушыны жұмысына кедерге келтірмеңдер. Әрине, балалар, кез келген адам сыпайы және әдепті сөйлескенде риза болады. Дүкеннен тауар таңдауға және сатып алуға көмектесетін адамдарға жылы сөздер айтуды ұмытпаңдар, олар қуанып қалады.
Балалар сатушыға көрсеткен қызметі үшін, ал сатушы балаларға тауарды сатып алғаны үшін алғыс білдіреді.
Тәрбиеші:
- Осымен, балалар, азық-түлік дүкеніне саяхатымыз аяқталды. Біз салатқа қажетті көгөністерді сатып алдық. Енді, балалар, біз балабақшаға оралайық. Көгөністерімізді асханаға алып барып, кешкі асқа жаңа салат дайындай аламыз.
(Тәрбиеші жаяу жүргіншілер ережесін балалармен бірге қайталайды!)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет