Тәрбиеші:Узакбаева С.Б Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Құрастыру.
Тақырыбы: « Желкенді қайық» Мақсаты:Балалар қалдық және табиғи материалдардан қайықты құрастыра алады.Балалар көліктерді ажырата біледі,қайықтың құрлысын атай алады.Қайықтың суда жүзетінін біледі.
Қажетті көрнекіліктері: әр түрлі көліктердің суреттері,АСТтехнологиясы.
Мотивациялық қозғаушы: кеме – корабль,лодка-қайық,жұмбақтар,үлестірмелі материалдар.
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері: Күн көзіндей күлімдеп
Көңілді болып жүрейік
Қәзіргі болар сабаққа
Біз сәттілік тілейік
Сәлеметсіздерме апайлар
Сәлеметсіздерме достарым,
(Балалар көңіл-күйлерін ,бір-біріне деген достықтарын қимылдар арқылы көрсетеді.)
Сұрақ-жауап: Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: қыс мезгілі.
Тәрбиеші:қыс мезгілінде неше ай болады?
Балалар:қыс мезгілінде үш ай болады, аттарын атайды.
Тәрбиеші: қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?
Балалар: Күн салқын болады,қар жауады,аяз болады.
(Көліктердің дауысы естіледі.)
Тәрбиеші:балалар, ненің дауысы естіледі?
Балалар: машина,көліктердің.
Тәрбиеші:
Сендер көліктер туралы білесіңдерме? ендеше теледидарға назар аударайық.
(Слайд көрсетіледі).
Тәрбиеші: Балалар көліктердің бірнеше түрі болады:
1.Жолда жүретін көліктер:
жеңіл машина , автобус ,газель,камаз т.б.
2.Әуе көліктері:
ұшақ,тік ұшақ,әуе шары ,ракета.
3.Су көліктері:
кеме,қайық, су асты кемелері,желкенді қайық,ескекті қайық жатады.
4.Темір жол көлігі:
поезд,тепловоз.
Ендеше балалар көлік түрлерімен таныстыңдар ,көліктер туралы ойын ойнайық.
1.Педагог жетекшілігімен ойын:
« Көліктерді қиындылардан құрастыр».
Жарайсыңдар балалар,ендеше сендерге жұмбақ жасырайын:
Суды жүзіп еседі
Су көлігі деседі.
Жауабы:( қайық.)
Балалар, бүгінгі оқу қызметінде су көліктерінің ішінде желкенді қайықпен танысамыз.
Желкенді қайықтың құрлысы :
Желкен,қайықтың кеудесі, желкенін ұстап тұратын діңгегі болады. Қайыққа ауыр заттар салуға болмайды, себебі ол батып кетеді. Онымен адамдар саяхаттайды,спорттық сайыстарға қолданады..
Ендеше біз желкенді қайықты құрастырамыз.
Біз оны табиғи және қалдық заттардан құрастырамыз.
2.Құрылымдалған ойын: Балалар төрт топқа бөлінеді :
1.Топ : « Желкенді қайықтар», жаңғақ қабықтарын,ермексаз, таяқшалар,түрлі-түсті қағаздар пайдаланып қайық құрастырады.
2.Топ: «Ескекті қайықтар», ағаш кесіндісі,ермексаз және қалдық қақпақты пайдаланып ,қайық құрастырады.
3. Топ: «Кеме»,олар түрлі-түсті қағаздардан қайықтар жасайды.
4. Топ: « Сүңгуір қайықтар»,олар губкадан қағаздан,таяқшадан қайықтар жасайды.
Жарайсыңдар, балалар!
Ендеше, қайықты құрастыруға кірісейік.
Балалар желкенді қайықтарын құрастырады. Дайын болған қайықтарымызға тәжірбие жасап көрейік. Бассейнге құйылған суға жасаған қайықтарын жібереді. Суда жүзген қайықтарын тамашалайды.Жарайсыңдар балалар енді бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті: (музыка әуенімен)
Кел балалар тұрамыз
Бойымызды жазамыз
Қайықтарға ұқсап біз
Жүзіп-жүзіп аламыз.
Балалар сергіту жаттығуларын жасайды.
Балалар танысқан көліктері және қайық туралы түсініктерін ойын түрінде көрсетеді.
3. Еркін ойын: «Не қайда жүреді?»
Балалар біз қандай көліктермен таныстық?
Әуе көліктері,су көліктері,әуе көліктері ,жол көліктері және темір жол көліктері.
Қайық қандай көлікке жатады?
Су көлігіне жатады.
Балалар құрастырған көліктерің ұнады ма ,керемет.,жарайсыңдар балалар ,балаларды мақтау ,мадақтау.Балалар құрастырған қайықтарын тамашалап,қызықтайды.
Осымен оқу қызметіміз аяқталды.Келген апайлармен қоштасады.Назарларыңызға рақмет.