Теріс емес бүтін сандарды оқыту әдістемесі


Ауызша есептеу тәсілдерін оқыту әдістемесі



бет11/21
Дата27.11.2023
өлшемі399,71 Kb.
#129714
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
1-47 Математика емтихан жауаптары

Ауызша есептеу тәсілдерін оқыту әдістемесі

Есептеуді жүргізу дегеніміз - оқып білген үйренген нәрселер мен жазбаша не болмаса ауызша амалдарды орындай алу болып табылады. “Ауызша есептеу дегеніміз не?”-деген сұраққа жауап берейік. Бұл дегеніміз қосу не болмаса азайту, көбейту не болмаса бөлу амалдарын ойша орындай алу қабілеті, білімі. Ал жазбаша есептеу дегеніміз - есептің орындалу алгоритімінің парақ бетіне түсіре отырып шығару. Бұл нәрселердің барлығы есепті шығаруға машықтандыру элементтері болып есептеледі. Есептерді орындалуының сапасына басты мәселе оқытудың жетістіктерінің нақты деңгейіне байланысты. Білім беру барысы бағдарламаға сәйкес түрде жүргізілуі қажет. Ол үшін:
1. Көрнекі құралдарды дұрыс қолдану.
2. Есептерді дұрыс және де шапшаң орындауға да машықтандыру. Әрі уақытту дұрыс басқару.
3. Барлық сыныпты және жеке оқушыны есепті шығару қабілетінің қаншалықты қалыптасқанын дұрыс бақылай алу. Қандай да бір болған кемшіліктерді деркезінде түзету жұмысының ұдайы жүруі.
4. Өзін-өзі бағалауға дағдыландыру, кері байланыстың болуы.
Осы айтылған жұмыстар бағыты үнемі жүріп жатуы тиіс.
Математика пәнін оқытуда логиканыда басты назарда ұстау қажетпіз. Білім алушылардың есептеу дағдысын қалыптастыру жұмысымен байланысты бүгінгі күннің әдістемесінің басты белгілері болып есептелетін осы талаптар математика пәнін оқытудың жолын анықтауда маңызды болып табылады. Себебі, оқылуы тиіс материалдар осылай іріктелуі процесінен өтуі қажет. “Не оқытамыз, нені оқытамыз?”- деген сұраққа жауап бере алуымыз қажет. Қазіргі таңда балалардың басым көпшілігі жаратылыстану бағытына бейім. Әр бір баланың бойындағы қасиетті ашу үшін біз өтілуі тиіс материалды іріктеп алуымыз қажет. Ауызша және жазбаша есептеуді еркін меңгерген оқушы болашақта көптеген оқу жетістіктеріне жетері анық.



  1. Есепті шығар.

Жүк таситын машина 8 сағатта 280 км, ал жеңіл машина осы қашықтықты 4 сағатта жүрді. Жүк таситын машинаның жылдамдығы жеңіл машинаның жылдамдығынан қанша есе кем?
Жүк-8 сағ.
Жеңіл-4 сағ.
Жол - 280 км
1) S = v * t, v = S : t = 280 : 8 = 35 (км/сағ) - жүк жылдамдығы
2) S = v * t, v = S : t = 280 : 4 = 70 (км/сағ) - жеңіл жылдамдық
3) 70 : 35 = 2 - 2 есе кем
Ответ: жүк көлігінің жылдамдығы жолаушылар көлігінің жылдамдығынан 2 есе кем





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет