Геометриялық фигуралар және олардың элементтерімен таныстыру әдістемесі.
Бастауыш сыныптарда геометриялық материалдарды оқып үйренудің негізігі міндеттері:
Оқушылардың нүкте, түзу, кесінді, бұрыш, көпбұрыш, дөңгелек сияқты геометриялық фигуралар туралы түсініктерін және алғашқы ұғымдарын қалыптастыру.
Геометриялық фигуралар: сызықтар (түзу, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған, сынық сызықтар), перпендикуярлар және параллельдер; нүкте, сәуле, бұрыш, кесінді, көпбұрыштар (үшбұрыш, төртбұрыш, тік төртбұрыш, шаршы) және олардың элементтері (төбелері, бұрыштары, қабырғалары); сопақша, дөңгелек, шеңбер және олардың элементтері (центрі, радиусы, диаметрі) туралы нақты түсінік қалыптасытру.
Ұзындық жөніндегі нақты түсініктерін қалыптасытру және заттың ұзындығын өлшеу, салыстыру, кесіндінің ұзындығын өлшеу, салыстыру сияқты ұғымдарды меңгеру.
Ұзындықтың өлшем бірліктерімен: сантиметр, дециметр, метр, километр, милиметр және олардың арасындағы қатынаспен таныстыру.
Сызғыштың көмегімен кесіндінің ұзындығын өлшеу, сондай-ақ берілген ұзындық бойынша кесінділер сызу, кесіндінің ұзындығын кеміту немесе арттыру, кесінділерді ұзындықтарына қарай салыстыру бірліктерін түрлендіру (іріден ұсаққа және керісінше); әртүрлі бірліктермен берілген ұзындықты салыстыру, сондай-ақ шамалармен амалдар орындауға үйрету.
Фигураның ауданы туралы алғашқы түсінік беру және фигураның ауданын шығарудың әртүрлі тәсілдерімен таныстыру.
«Палетканың» көмегімен фигураның ауданын табуға үйрету.
Аудан бірліктері арасындағы қатынасты игеру және шамаларды түрлендіруге, салыстыруға және аудан бірліктерімен амалдар орындауға үйрету.
Тік төртбұрыш, шаршы, сондай-ақ басқа да күрделі фигуралардың аудандарын табуға үйрету.
Қарапайым кеңістік денелерімен: текше және тік төртбұрышты параллелепипед; олардың элементтері: төбелері, жақтары, қырларымен таныстыру.
Геометриялық фигураларды өлшеу және оларды «көз мөлшерімен», «еркін өлшеммен қолмен» салу, құралдардың: сызғыш, транспортир, циркульдің көмегімен, сызықтары бар және сызықсыз қағазды салу, практикалық біліктерге жаттықтыру.
Кесіндінің қосындысы мен айырмасын, көпбұрыштардың, текшенің және тік бұрышты параллелепипедтің периметрі мен ауданын, көлемін табуға үйрету.
Геометриялық фигураларды түрлендіруге үйрету.
Геометрия элементтерін оқытып үйретудің басты және аса маңызды нәтижесі – фигураларды бір-бірінен ажырату және оларды тани білу іс-әрекетін меңгеру болып табылады. Ол оқу процесінде, әсіресе, геометриялық мазмұнды жаттығулар мен материалдарды қарастыру барысында жүзеге асырылады.
Есепті шығар.
10 теңге, 20 теңге жіне 50 теңге тиындары арқылы 100 теңге шығарудың мүмкін болатын жағдайларын құрастыр.
10+20+20+50
10+10+10+20+50