Терминжасам тәсілдері сөзжасам тәсілдеріне негізделеді. Сонымен бірге, терминжасам тәсілдерінің өз ерекшеліктері де бар. Сөзжасам тәсілдері терминжасам тәсілдерінің негізін құрайды



бет4/7
Дата06.03.2023
өлшемі23,77 Kb.
#71800
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Терминжасам тәсілдері

Ш.Біләлов терминжасам тәсілдерін өзінше түсіндірген: «Сонымен, 1-ереже бойынша баламалық жаңа сөз қалай жасалады? Біріншіден, сөзге қосымша, жалғаулықтар жалғану арқылы жасалады. Мысалы, көрме (хорда), жарма (биссектриса), кейіптеме (формула), түзгі (элемент), қосым (интеграл), ажырам (дифференциал), үстеме (мантисса), бүйірлік (абсцисса), беттік (ордината), төбелік (апликата), қиынды (сектор), тікше (прямоугольник)... Екіншіден, жаңа сөз сөздердің бірігуі арқылы жасалады: теңқиық (ромб), ішжиын (подмножество), қиықша (параллелограмм), қиықжақ (параллелепипед), костабан (трапеция), кілшоқы (пирамида), екімүше (бином), баскерме (диаметр)... Үшіншіден, сөз тіркестері арқылы жасалады: алғашқы берне (первообразная)...» [12, 24-25].


Алайда, тіл білімінде терминжасам тәсілдері туралы пікір тұрақталған деп айтуға болмайды, бұл мәселеде пікір алалығы күшті. Кейбір ғалымдар терминжасамда сөзжасамдық тәсілдердің түрлерінің атауы, яғни терминдерін өзгертуді де ұсынады. Ол туралы С.В.Гриневтің пікірін келтіруге болады. С.В.Гринев терминжасам тәсілдерін былай атауды ұсынады: семантикалық терминжасам, морфологиялық терминжасам, синтаксистік терминжасам, морфолого-синтаксистік терминжасам, терминологиялық алмасым [13, 67]. Ал О.П.Фролова терминдену, күрделі терминдер жасау, алмасу тәсілдерін атаған [14, 4]. Көпшілік ғалымдар синтетикалық тәсіл, аналитикалық тәсіл, лексика-семантикалық тәсіл терминдерін қолданып жүр. Қосымшалы терминжасам (суффиксальные терминообразования), транспозиция, словосложение, лексикализация терминдерін қолданушы ғалымдар да бар. Бұдан терминжасам тәсілдері мәселесінің әлі толық шешілмегенін аңғаруға болады. Тілдің сөзжасам тәсілдерінің бәрі терминжасамда қолданылады. Терминжасамның өзіндік ерекшелігі де бар. Терминжасамда тілдің сөзжасамдық тәсілдері қолданылатын болғандықтан, терминжасам тілдің сөзжасам заңдылықтарына бағынады. Сондықтан терминжасамның синтетикалық тәсілі де сөзжасамның синтетикалық тәсілінің заңдылықтары бойынша қызмет етеді. «Қазақ тілінің сөзжасамы» оқулығында синтетикалық тәсіл туралы мынадай мәлімет берілген:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет