Терминжасам тәсілдері сөзжасам тәсілдеріне негізделеді. Сонымен бірге, терминжасам тәсілдерінің өз ерекшеліктері де бар. Сөзжасам тәсілдері терминжасам тәсілдерінің негізін құрайды


«1) семантикалық тәсіл, 2) морфологиялық тәсіл, 3) синтаксистік тәсіл, 4) калькалау тәсіл, 5) сөз қысқарту (аббревиациялау) тәсілі» [10, 253]



бет3/7
Дата06.03.2023
өлшемі23,77 Kb.
#71800
1   2   3   4   5   6   7
«1) семантикалық тәсіл, 2) морфологиялық тәсіл, 3) синтаксистік тәсіл, 4) калькалау тәсіл, 5) сөз қысқарту (аббревиациялау) тәсілі» [10, 253]. Ғалым терминжасамның семантикалық тәсілін талдай келе, ол пікірлерін төмендегіше қорытады: «Сонымен, семантикалық тәсіл терминжасамның негізгі тәсілдерінің бірі ретінде терминологиялық лексика қабатының толыға, байи түсуіне үлкен септік жасайтын негізгі амалдың бірі болып табылады. Мұның тағы бір атап айтылуға тиісті ерекшелігі сол арқылы жасалған терминдер терминжасамның өзге амалдарына қарағанда, әрі қысқа, әрі нұсқа болып шығатыны. Сондықтан да терминжасам процесінде бұл тәсілді сарқа пайдаланып отыру қажет» [10, 259]. Ғалым еңбегінде калькалау тәсілі туралы жай аудармадан калькалаудың айырмасы мәселесіне жақсы түсінік берген. Сондай-ақ, ғалым калькалану арқылы жасалған сөздерді зат есім сөздер тобына жатады деп танып, калька-терминдердің екі түрін, яғни мағыналық және мағыналық-құрылым тұрғысындағы түрін атаған. Оны ғалымның өз сөзімен келтірген дұрыс. Ол төмендегідей: «Калькалану тәсілі арқылы жасалып, тілімізге енген терминдерді екі ыңғайда қарастырып, танып білу керек сияқты. Бірі – мағыналық калька, яғни сөзбе-сөз аударма емес, түбір сөздің негізгі мағынасын беру, екіншісі – мағыналық құрылымын (структурно-смысловые слова) беру. Бұл тәсіл бойынша термин сөзбе-сөз аударылады. Онда сөздің негізгі мағынасын берумен қатар, оның бөлінбес бөлшектері мен синтаксистік құрылымын да сақтау көзделеді» [10, 269].


Терминжасам мәселесіне арнайы назар аударған ғалым- Ш.Құрманбайұлы. Ғалым монорафиясында терминжасам тәсілдерінің мына түрлерін көрсеткен: 1) синтетикалық (морфологиялық) тәсіл, 2) аналитикалық (синтаксистік) тәсіл, 3) терминдену (лексика-семантикалық) тәсілі, 4) калькалау тәсілі [11, 99-165]. Термин сөздердің тіліміздегі аумағы өте үлкен. Оған 30 томдық терминологиялық сөздік толық дәлел болады. Бұл сөздік қорымыздағы үлкен байлық. Тіліміздегі осы үлкен байлық жан-жақты толық зерттелген деп айтуға әлі ерте демекпіз. Термин мәселелерін зерттеген ірі ғалымдарымыз барын білеміз. Академиктер Ә.Қайдар, Ө.Айтбаев, профессор Ш.Құрманбайұлы сияқты ғалымдарымыз – қазақ терминология ілімін зерттеушілер. Қазір заман өзгерді, талап та өзгерді. Кеңес заманы кезінде орыс тілінен терминдер біріздендіру саясаты бойынша дайын қалпында қабылданды. Осы саясаттың нәтижесі туралы Ш.Құрманбайұлы сөзін келтірелік: «Оған 70-80 пайызын орыс терминологиясымен ортақ терминдер құрайтын біздің терминологиялық лексикамыз бен біз тәрізді одақ құрамында болған көптеген халықтардың терминологиялық қоры құрамына қарап-ақ көз жеткізуге болады» [11, 33]. Әрине, кеңес заманында жат тілдегі дайын терминді қабылдау саясаты кезінде терминжасам теориясын зерттеу мәселесі қойылған емес. Бұл жағдай ұзаққа созылды. Қазір терминологиядағы кемшіліктерді жою мәселесі көтерілуімен байланысты ғана терминжасам мәселесін зерттеудің теориялық, практикалық жағынан маңызы артып отыр.
Терминологияның келесі маманы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет