Терминжасам тәсілдері сөзжасам тәсілдеріне негізделеді. Сонымен бірге, терминжасам тәсілдерінің өз ерекшеліктері де бар. Сөзжасам тәсілдері терминжасам тәсілдерінің негізін құрайды


калькалау арқылы қолданған терминдерінің ішіндегі ең тиімсізіне тік және көлденең мағына (прямое и косвенное значение)



бет6/7
Дата06.03.2023
өлшемі23,77 Kb.
#71800
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Терминжасам тәсілдері

калькалау арқылы қолданған терминдерінің ішіндегі ең тиімсізіне тік және көлденең мағына (прямое и косвенное значение) сияқты терминдері жатады.
Жалпы алғанда калька тәсілі - қазақ тілінің сөздік қорын байытудың ең бір қолайлы тәсілі. Бірақ терминдерді калькалау көбінесе біржақты болып келеді. «Біздің термин жасаушыларымыз калька-аудармаға үйір-ақ, содан арыла алмай-ақ келеміз Калька-аудармаға үйір болатын себебіміз – ол – терминжасаудың бас қатырмайтын ең оңай амалы» [3,15]. Әрине, калькалау проф. С.Аманжолов заманында күшті болды және күрделі терминдерді калькалағанда көбінесе оның ұғымдық қыры ескерусіз қалып, соған байланысты «атаудың ар жағында тұрған ұғым аударма немесе түсіндірме сөздіксіз-ақ түсінікті болу» [3,13] принципі жүзеге аспай жатады. Ал ғалым ұсынған қолайлы терминдер бүгінгі таңда да қолданыста: тіл ғылымы, әдебиет тілі, дыбыс тілі, жалғамалы тіл, байырғы сөздер, қопармалы тіл, нүкте, тыныс, сызықша, зерттеу әдісі, қос сөз, шылау, түпкілікті (байырғы) сөздер, толымды, толымсыз сөйлем, жақсыз сөйлем, атаулы сөйлем, қосарлы, үйірлі баяндауыш т.б. Әрине, бұл терминдердің бәрін тек С.Аманжолов қаламынан шықты деу артық, олардың сілемдерін А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбановтардан іздестіру керек. Дегенмен тек С.Аманжолов қолданған терминдер бар. Терминжүйе нақты бір теорияның қалыбы (моделі), соған орай С.Аманжолов қолданған біраз терминдер өз алдына жеке тұратыны байқалады. Әсіресе синтаксис пен морфология саласы бойынша қолданысқа енгізген терминдері ерекше: тұлғашыл грамматика, атау жалғау, сатылы меншік, құралды жалғау, сарқын (яфетизм), тік және көлденең мағына, ашық барыс жалғауды керек ету, тетелес толықтауыш, сөзаралас ым, дара ым сөйлемі, ескі жіктеу, жаңа жіктеу т.б.
Cөздің түбіріне қатысты С.Аманжолов қолданған терминдер мынадай болып келеді: нақтылы түбір сөз, туынды түбір сөз, біріккен түбір сөз, кіріккен түбір сөз, қысқарған түбір сөз және қосымшалы тұлға сөз, үстемшелі сөз, қос түбір сөз т.б. Қос сөздерге байланысты терминдерді ерекшелеп атауға тура келеді: зат қос сөздер, сын қос сөздер, сан қос сөздер, есімдік қос сөздер, үстеу қос сөздер, одағай қос сөздер т.б. Қос сөздердің жасалу жолдары атауларында тұр. Түптеп келгенде терминдердің атауында сөйлем мүшелерінің жасалу жолдары, қызметтері белгілі болып тұрады, кейінгі қалыптасқан бөліністерден, атаулардан нақ осы тұрғыда түбірлі айырмашылықтардың көп еместігі аңғарылады. Мақсат ғалымның теориялық тұжырымдарының дұрыс-бұрыстығын айту емес, мақсат – қазақ тіл білімі терминдерінің қалыптасу процесіне көз жүгірту, қандай жолдар, қандай тәсілдер қолданылғанына назар аударту, оларды лингвистикалық зерттеулер жүргізу барысында ескеру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет