Терминжасам тәсілдері сөзжасам тәсілдеріне негізделеді. Сонымен бірге, терминжасам тәсілдерінің өз ерекшеліктері де бар. Сөзжасам тәсілдері терминжасам тәсілдерінің негізін құрайды


«Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады: 1) лексикалық мағыналы сөз, 2) сөзжасамдық жұрнақ»



бет5/7
Дата06.03.2023
өлшемі23,77 Kb.
#71800
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Терминжасам тәсілдері

«Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады: 1) лексикалық мағыналы сөз, 2) сөзжасамдық жұрнақ» [9,34].


Бірақ терминжасамның өз жұрнағы жоқ. Сондықтан терминжасамда тілдің сөзжасам жүйесінің жұрнақтары қызмет етеді, онда сөзжасам заңдылықтары толық сақталады. Сөзжасамның аналитикалық тәсілі де терминжасамда белсенді қолданылады. Тек, терминжасамда оған қатысатын лексикалық бірліктер терминнің дефинициясына сай таңдалады.

Профессор С.Аманжолов қолданған қолайлылығы аз терминдердің көбі калька тәсілі арқылы жасалған. Сондай-ақ сипаттама терминдер немесе аналитикалық (түсіндіру, сипаттау) әдісімен ұсынылғандар да бар: байшыл (индоевропа) тіл ғылымы, жалғау-жұрнақсыз (аморфты) тіл, тілдердің бірыңғай пайда болуы (глоттогенетический процесс), түпкілікті (байырғы) сөздер т.б. Сол сияқты, проф. С.Аманжолов қолданысындағы (мысалға келтірілген сипаттама тәсілі арқылы жасалған) терминдерді бүгінгі таңда ұшырата қою қиын. Бұл жерде факультативті болса да маңызды роль атқарып тұрған фактор – сол терминдерге уақыттың, кезеңнің әсері. Кейінгі дәуірде ғылымның дамуы, қарқыны, терминнің мәнін сипаттап жеткізуден гөрі оның нақтылығын, құрылымының мейлінше қарапайым болуын, уәжділігін т.б. қасиеттерін алдыңғы қатарға шығарды. С.Аманжолов қолданысындағы байшыл (индоевропа) тіл ғылымы, жалғау-жұрнақсыз (аморфты) тіл, тілдердің бірыңғай пайда болуы (глоттогенетический процесс), т.б. терминдер ең оптимальды ұзындығына қойылатын талап үддесінен шыға бермеуі де мүмкін. Бірақ қазірде: «Анализ показал, что термины, используемые в ряде отраслей науки и техники и закрепленные, узаконенные нормативными документами – рекомендациями и стандартами, бывают достаточно протяженными, и например, среди лингвистических терминов встречаются такие, которые содержат до 11 слов» [2,12] деген де пікірлер бар. Ал аталған терминдердің ұтымсыз болуының енді бір себебін дәуірі өткендіктен немесе уақыты озғандықтықтан, саясаттың ықпалынан (байшыл т.б.) іздеген дұрыс.


Уақыт өткен сайын белгілі бір сала теориясы мен терминжүйесі ұғынықты, түсінікті, айқын бола түседі де, терминдердің қайтадан сұрыпталуы процесі жүзеге асады. Міне, осы айтылғандар ірі ғалым бір кездерде қолданған терминдердің бүгін айналыстан шығып қалуының тағы бір себебін ашып береді. Ғалымның

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет