53
орнасымен-ақ қазақ əдеби-ғылым тілін жасау ісімен айна-
лысқанын айқын көрсетеді»
24
, – деп атап айтады.
Қазақ терминологиясының мəселесі ең алғаш рет 1924
жылы Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынборда өткен
ғылыми қызметкерлердің І съезінде кеңінен сөз болған
екен. Мұнда болған салихалы əңгімелер термин жасау
ісіндегі кейбір принципті мəселелерді күн тəртібіне қойып,
пікір түйіндеуге мүмкіндік берген сияқты. Сөйтіп,
қазақ
қауымы алдағы конференцияларға біршама дайындалғанға
ұқсайды. 1926 жылы Баку қаласында болған түркологтердің
Бүкілодақтық І съезі тікелей осы мəселелерді қарады. Мұнда
арнайы жасалған бес баяндаманың бесеуінде де алфавит, ор-
фография жəне терминология мəселелері арнайы сөз болды.
1930 жылы Мəскеу қаласында халық ағарту ісін арнайы
қараған партияның бүкілодақтық мəжілісінде де КСРО
халықтары тілінде термин жасаудың ғылыми принциптері
қарастырылды.
Қазақ терминологиясына қатысты деректерді қарап
отырсақ, Қазақстанда терминология мəселесіне 1925–1935
жылдар аралығында Қазақ
ССР Оқу халық комиссариа-
ты жанындағы Əдістемелік бюро жəне осы кезде құрылған
Терминология комиссиясы жетекшілік жасап келіпті.
1931 жылы басылып шыққан «Атаулар сөздігі» – сол жыл-
дар жемісі.
Осы тұста ғылыми-техникалық прогрестің түбегейлі да-
муына тікелей қатысы бар жəне қазақ терминологиясының
да дамуына əсері мол болған академик Е.А.Чаплыгин (1879–
1942) мен Д.С. Лоттенің еңбегін ерекше атауға міндеттіміз.
1933 жылы осы ғалымдар ұсынысы бойынша КСРО
Ғылым академиясында Ғылыми-техникалық терминология
комитеті (КНТТ) ұйымдасқан болатын. Бұл комитет тер-
минология мəселесімен шұғылданушы барлық мекеме-
24
Бəйішев С. Қазақ тілінің терминологиясын жасаудың негізгі принциптері
мен міндеттері // Терминология сөздігі. Алматы, 1949. 1-кітап.
54
ге жəрдем етуге тиіс еді. Сол міндетін күні
кешеге дейін
атқарып келді. Бір қызығы – бұл шаралардың бірде-бірінен
Қазақстан ғалымдарының да қалыс қалмағандығы. Олардың
да қарап жатпағандығын дəлелдейтін жоғарыдағы деректерге
қоса мынаны айта кетуге болады. Дəл осы 1933 жылы Қазақ
Автономиялы Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесінің
508 санды қаулысымен Мемлекеттік терминология комис-
сиясы (Мемтерминком) құрылған. Оның тұңғыш төрағасы
Қ. Жұбанов, мүшелері Б.К. Асфандияров, Г.К. Бірімжа-
нов т.б. болған.
Алғашқы ұйымдасқан күннен бастап бұл комиссия қазақ
тілінің терминологиялық жүйесін жасау,
қалыптастыру
жұмыстарымен айналысты. Сол мақсатпен 1935 жылы
мəдени сала қайраткерлерінің Бүкілқазақстандық І съезі
ашылар қарсаңында Мемлекеттік терминология комиссия-
сы Бюллетенінің төрт саны жарық көрді. Бюллетеньнің
бұл сандарында алдағы зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар
сілтейтін материалдар жарық көрді. Əсіресе қазақ тілі
терминдері мен
орфографиясы жөніндегі жоба, сондай-
ақ Қ. Жұбановтың термин сөздің ерекшелігі жəне жасалу
принциптері жайында мақалалар жарияланды. Сол кез-
де қазақ тіліне келіп еніп жатқан терминдердің дұрыс ды-
бысталуы мен қалыптасуына Қ.Жұбанов
ұсынған «ф», «х»
əріптерінің, əрине, пайдасы болды. Өйткені ол кездегі бағыт
орыс тілінен алынған сөздерді бұзбай айтып, жазу бола-
тын. Шынында,
физика, философия, флора, химия тəрізді
терминдерінің бұдан бұрынғы жазылу, айтылу кейпі
пизика,
Достарыңызбен бөлісу: