Терминологиясы


ІІ ТАРАУ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ТЕРМИН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ



Pdf көрінісі
бет16/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   124
ІІ ТАРАУ
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ТЕРМИН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
а) Қазақ тілінде термин қалыптастыру – бүгінгі күн 
талабы.
ə) Қазақ тілінде термин қалыптастырудағы Мемтер-
минкомның рөлі.
б) Терминологиялық сөздіктер жəне олардың термин 
қалыптастырудағы орны. 
в) Терминология жұмысының жандануы.
Ғылым мен техниканың сала-саласына орай өрбіген, 
əрқилы мəні бар ұғымдарды пішіндеу əдеби тілдің ар-
найы саласы – терминологиялық лексикамыздың жасалып, 
қалыптасуына жол ашты.
Жалпы, əдеби тіл дегеніміздің ауқымы кең, шеңбері 
үлкен дүние ғой. Оны ғылыми əдебиетте тілдің дамыған 
кезеңінің белгісі деп таниды. Ал дамыған кезеңге тəн 
əдеби тілдің қасиетін танытатын басты арналарының 
бірі – терминологиялық лексика екенінде дау жоқ. Яғни 
терминдік жүйесі айқындалған жəне ғылыми ой-пікірлер-
мен техникалық тағылымды танытарлық сөз байлығы мол 
тіл, ол болашағы мол, нағыз дамыған əдеби тілдер қатарына 
жатса керек.
Осыған қарағанда, əдеби тіл қоғам өміріндегі өзгерістерге 
орай өріс алып, дамып, соның мəдени санадағы айнасына 
айналып отыратынға ұқсайды. Ал қоғам өміріндегі мұндай 
өзгерістер əрдайым бірқалыпты бола алмайды. Белгілі бір 
дəуірде эволюциялық дамудан революциялық сапаға ауы-
сып, ал кейбір кезеңде, керісінше, қалыпты күйге көшіп оты-
рады. Тілде пəлендей революциялық түбірлі өзгерістер бола 
қоймағанмен, ол қоғамдық құбылыстардың бəрін қамтып, 
соған лайық ұғым, түсініктерді сөз түрінде таңбалап береді. 
Барлық өзгеріс, өрістер тілде көрініс бермей тұрмайды. Ал 


48
тілде болып жататын əлгіндей құбылыстар, бір қарағанда, 
еріктен тыс өз бетінше өрбіп жататын сияқты. Шындығында, 
тілде ішкі табиғи жүйеден тыс ешнəрсе жасалмайды. Бəрі 
тіл дамуының ғасырлар бойы қалыптасқан заңдылығына 
орай болады. Осы процеске бір уақ зер сала қарасақ, тілдің 
лексикалық қабаты алуан-алуан кезеңді бастан өткізген екен. 
Əр кез өзінің талап-тілегіне орай байырғы сөздерін қайта 
екшеп, қайсыбіріне қосымша мағыналық жүк артып, сөз 
жасаудың түрлі амалдарын қарастырып, көрші елден де сөз 
алып т.т. əрекет еткен. Сонда тілдің лексикалық қабатының 
бір алуаны жанданып, екіншілері көмескіленіп, неше алу-
ан құбылып, сұрыпталып, уақыт тезінен өтіп отырғанын 
байқаймыз.
Солардың ішінен терминологиялық лексиканы ерекше 
атауға болады. Терминдік даралық сипат алған сөздер мен 
сөз тіркестері, бейнелеп айтқанда, тарихи кезеңдер мөріндей 
боп таңбаланған тілдік фактілер. Бұл да қоғам дамуының 
заңдылығына сəйкес туған лексика. Тілдің бұл қабатының 
дамуында өзіндік ерекшелік бар. Осыған жататын сөздік 
құрамға енген қолданыста активтілік танытып жүрген тер-
мин сөздердің бəрі дерлік саналы əрекет нəтижесі деп 
айтуға болады. Белгілі дауылды кезеңнің алғашқы сəтінен 
бастап-ақ, барлық аймақта (əсіресе Қазақстан сияқты елде) 
сауаттылық ұраны көтеріліп, оқу-өнер, ғылым-білімге та-
лап күшейді. Нəтижесінде қазақтың көптеген байырғы 
сөздерінің мағынасы кеңейіп, жаңаша өріс алды. Тіпті, керек 
десеңіз, өнімділік нышанын таныта бермейтін кейбір жалғау, 
жұрнақтардың өзі жанданып, жаңаша қызметке көшіп, сөз 
жасаудың актив түріне айналып кеткені бар (Бұл жөнінде 
еңбектің кейінгі бөлімінде толығырақ əңгіме болады).
Байырғы лексикамыздың жаңа өмірге лайықты жаңаша 
сипат алуына қоса, тіліміздің кірме сөздер қорының жа-
салғанын да байқаймыз. Яғни бұрын тіршілік ету дағдымыз-
да болмаған, ғылым мен техникаға байланысты ұғымдарды 
білдіруде жалпыға ортақ халықаралық терминдер мен атау-


49
лық мəндегі орыс сөздерін пайдалану қазақ əдеби тілінің 
арналы бұлақтарының бірі болып табылған. Ал тіл қоғамға, 
қоғам мүшелерінің бəріне бірдей қызмет ететін болғандық-
тан, сол қоғам мүшелерінің өзі бұл процесті үнемі қадағалап, 
тілді бөгде сөздерден қызғана қорғаштап, жаңаларын сұ-
рыптап, қолданыс мұқтаждығына орай икемдеп отыра-
тыны да бар. Сөз болып отырған лексикалық қабаттың 
уақытында əдеби нормаға сай қалыптаса қоюы оңай болған 
жоқ. Неше алуан талас-тартыс нысанына айналып, сан алуан 
сарапқа түскені мəлім. Мұның бəрі – тіл дамуының белгілі 
кезеңдеріне тəн заңды құбылыстар.
Сол бір тарихи кезеңдер шеңберінде тіл дамуына əсер 
еткен мəселелерді саралап, ғылыми тұрғыдан талдап ал-
май тұрып, терминология жайлы жүйелі сөз қозғау қиын. 
Сондықтан термин жасау мен оны қалыптастыру ісінде 
айтарлықтай із қалдырған сəттерді, кейбір деректерді сөз ете 
кетуге тура келеді.
Бұл ретте, қазақ терминологиясы түгілі, бүкіл ұлттық 
мəдениетіміздің қаулап қанат жаюына ықпал жасаған 
шаралардың 20–30-жылдарда тіпті белең алғанын айту ла-
зым. Неге десеңіз, сауат ашудың жарқын бір беттері осы 
кезеңге орайлас келеді. Жер-жерде сауат ашу мектептері, 
театр, газет, журналдар ашылып, баспаханалар жұмыс істей 
бастады. Соның нəтижесінде бұрын қағазға түскен өз сөзін 
сирек көретін қазақ қауымы енді жазу-сызуға өзі тікелей 
араласып, белсенді іске көше бастады. Байырғы қазақ сөзі-
нің қоғамдағы қызметі кеңейіп, ол баспасөздің, радионың, 
көркем əдебиет пен түрлі шаруашылық, саяси кітаптар тіліне 
айналды. Оның осылайша қызмет аясы кеңеюмен бірге
лексикалық байлығымыздың қолданыстағы пішіні өзгере 
бастады. Қайсыбір сөздер арнайы қолданыстағы болмысына 
орай нақтыланып, терминдік сапаға көшті. Сөйтіп, тіліміздің 
əдебилену дəрежесі айқындала түсті. Бірақ мұның бəрі, 
жоғарыда сөз болғанындай, адамдардың саналы əрекетінің 
нəтижесі. Сонымен отандық ғылымның содан бергі өткен 


50
жолын бір сəтке көзге елестетсек, терминологияға бай-
ланысты қыруар жұмыс істелген екен. Екі тілді қаншама 
сөздіктер жарық көріп, қалың жұртшылықтың игілігіне ай-
налды. Қаншама сөздер терминдік мəнде қайта жаңғырып, 
əдеби тіл қорына келіп қосылды.
Бұл тұста, ең алдымен, есте тұтатын жайт мынау: əдеби 
тіл дегенімізді тек көркем əдебиетке теліп, соған ғана 
қатысты деп қарау аз. Қоғам өмірінде атқарып отырған 
қызметіне қарап, біз оны кең мағынада түсінуіміз керек. 
Оның жалпы сипатын айқындайтын бірнеше белгілері 
бар. Біздің түсінігімізше, əдеби тіл, ең алдымен, қоғамға, 
қоғам мүшелеріне қызмет ететін қарым-қатынас құралы, 
жалпы жұртшылыққа өмірдің алуан-алуан сырларынан, 
оқиғаларынан, құбылыстарынан кең мағлұмат беретін ха-
бар тілі, халқымыздың ғасырдан-ғасырға ұласып, сақталып 
келе жатқан сөз байлығының қоймасы, мəдени мұрамызды 
жинақтаушы қазына, тыңдаушы мен оқушысын өлшеусіз 
əсерлендіріп, нəр беретін сан-салалы қызметі бар, стильдік 
тармақтары қанат жайған теңдесі жоқ əлеуметтік құрал.
Стиль дегенде, солардың ішінде бүгінгі дəуірде ерек-
ше бой түзеп, қатпарлана дамып келе жатқан саласының 
бірі – ғылыми стиль, яғни ғылым тілін айрықша қарау ке-
рек. Ғылыми-техникалық прогреске орай туып, өміріміздің 
алға бастар өзекті проблемасына айналған ғылымның бұл 
саласында анықталғанынан гөрі анықталуға, зерттелгенінен 
гөрі зерттелуге тиісті жайлары көбірек. Өйткені қазіргі 
қазақ тілінің бай лексикалық қорының, шамалап айтқанда, 
үштен екісін термин сөздер жүйесі құрайды екен. Бұл – 
ана тіліміздің даму тарихында бүгінгі заман болмысына 
лайықты, соның небір ірілі-уақты белгі-нышандарын біл-
діре аларлық сөз жасампаздық құбылыс жүріп жатыр деген 
сөз. Ендеше, үздіксіз жүріп жатқан бұл процестің ғылым 
үшін маңызын ашып, зерттеудің қажет екені даусыз. Ал əрбір 
ұлт тіліне еніп, ғылыми стиль тармақтарының өрістеуіне, 
қоғамдық-саяси лексикасының қалыптасуына тікелей жол 


51
ашқан халықаралық лексиканың, интернационалдық сөз-
дердің есебіне жету, қазір тіпті де оңай шаруа емес.
Ұлт тілдерінде терминдер жүйесінің қалыптасуына 
үкімет тарапынан едəуір қамқорлық жасалғаны мəлім. Əрбір 
сөз, əрбір терминнің қызметі айқындалып, олардың өмірдегі 
өрісі анықталды. Ғылым мен техниканың, оқу-ағарту ісі 
мен шаруашылықтың, көркем əдебиет пен жалпы мəдениет 
салаларының өрістеуіне лайықты қарапайым халық тілі мен 
халықаралық лексиканың тығыны ағытылып, түйдек-түйдек, 
лек-легімен қолданысқа түскен сөздер шеруі басталды. Бір 
қарағанда, айтуға ғана жеңіл осы процеске көз жүгіртсек, 
ұлттық мəдениетті өркендету тіпті де жеңіл болмағанын 
байқаймыз. Шынында, көп іс жаңадан, əліппеден бастала-
ды. Сол қолға алынған сансыз шаруаның бəрінде терминді 
аттап өтіп, терминсіз іс тындыру мүмкін емес еді. Сонау 
20–30-жылдардың өзінде-ақ алфавит, орфография, термино-
логия мəселелерінің бірінші кезекте əңгіме етілуі тегіннен-
тегін емес.
20-жылдардан басталған ғылыми-техникалық термин 
жасау ісі күні бүгінге дейін толастаған жоқ. Жылдар 
өткен сайын жазуымыз сараланып, əдеби тіліміз əрленіп, 
терминологиялық лексикамыз толыса, тұрақтана түсуде. Əр 
кезеңнің өз мөрі, өз міндеті бар. Сол жылдарда Қазақстан 
ғалымдарының, оның ішінде, терминологтердің айналысқан 
мəселелері қандай еді? Бірінші, жаппай ана тіліміздің бай 
сөздік қорын пайдаланып, термин жасау болса, екіншіден
қоғамдық-саяси терминдер жүйесін қазақ тіліне аударумен 
айналысты. Бір ұғымды танытатын бірнеше термин сөздер 
қатарласа қолданылып, тіліміздің дəлдігі мен икемділігіне 
сəл де болса кедергі келтірген кезі де болды. Тіпті орыс тілі 
арқылы тілге еніп, сіңісіп жатқан халықаралық терминдердің 
өзін қалайда қазақша аударуға əрекеттенген солақай 
сақшылықтың да (пуризм) болғаны белгілі. Мұның үстіне 
байырғы қазақ сөздерін терминдік мəнде қолдануда да неше 
алуан қызық жайлар орын алып жатты. Мысалы, кіндік, 


52


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет