19
Көптеген пікірлер ағынына қарағанда, терминология
ғылымы шеңберінде мынадай мəселелер қарастырылып,
шешім табуға тиісті:
1) ғылыми-техникалық ұғымдардың классификациясы,
ұғымдар мен ұғымдар жүйесінің арасындағы байланысты
анықтау;
2) ұғымдар анықтамасын құру;
3) терминдерді талдап, іріктеп түзу;
4) терминдер жүйесін жасау.
Термин, ең алдымен, белгілі ғылым саласының ұғымдар
жүйесінен туындайды. Ол – осы құбылысты таңбалау үшін
құрастырылған немесе сол жағдай үшін арнайы ойлап
табылған шартты белгілер емес. Олар тілде бұрыннан бар
белгілі бір мағынаға ие сөздер мен түбірлер негізінде пайда
болады. Ал «номенклатураға» келетін болсақ, ол үшін ды-
быстар немесе мағыналылық шектеуден тыс сөздер алына-
ды, яғни номенклатуралық белгі ретінде алынатын сөздер-
дің мағыналық өрісін қумалап, оны сақтап жатудың қажеті
шамалы. Номенклатуралық белгілер ғылыми ұғымдармен
сəйкес келе бермейді, одан туындап жатпайды.
Терминология қисындық ұғынудың жоғары саты-
сы – адамдардың танымдық қызметін, соның нəтижесін
тұрақтандыру, таңбалау құралы есебінде қолданылады. Ал
номенклатурада абстракция шамалы. Номенклатура ар-
наулы объектілердің тізбесін ғана береді. Олардың өзара
мағыналық байланыстарын іздеп жатпайды. Ал терминоло-
гия, керісінше, мұндай байланыстарға мəн беріп отырады.
Сөйтіп, бір сөзбен айтқанда,
терминология мағыналы сөз-
Достарыңызбен бөлісу: