Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет8/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   124
Байланысты:
7240 (1)

Винокур Г.О. О некоторых явлениях словообразования в русской техни-
ческой терминологии // Труды ИФЛИ. Т. 5. С. 13.


22
Ол əсіресе қимыл атауларына назар аударады. Сөйтіп, тех-
никалық терминдердің көбі осы қимыл мен процесс атау-
лары болып келеді деген қорытынды жасайды.
Осы тектес пікірді, біз Н.А. Щеглованың
15
еңбектерінен 
де кездестіреміз. Ол терминологиялық жүйедегі қимыл 
процесі етістік түрінде емес, дерексіз зат есім арқылы біл-
діріледі дегенді айтады.
Ал А.А. Оруджев (əзірбайжан тілшісі) дербес мағынасы 
бар кез келген сөз, мейлі ол зат есім болсын, мейлі ол сын 
есім болсын, тіпті етістік пен үстеуде термин бола алады
16
, – 
дейді.
Жалпы, қоғамдық жəне гуманитарлық ғылымдар сала-
сы бойынша шыққан сөздіктерді сүзіп шыққанда, зат есім 
терминдермен қатар сын есім, етістік, үстеу терминдерді 
де кездестірдік. Бұл жөнінде Тіл білімі институты Терми-
нология мен аударма теориясы бөлімінің электронды-есеп-
теу машинасының сарабынан (Қ. Бектаев) өткен қоғамдық 
ғылымдар терминдерінің төрт томдық сөздігін
17
қарап 
шығуға болады.
Терминдердің қай сөз табынан жасалатынын анықтауда 
жекелеген фактілерге ғана сүйеніп, қорытынды жасау дұрыс 
емес. Мұны теориялық тұрғыдан қарастырған лазым.
Терминді екі түрлі құрылымдық типтерге, яғни олардың 
құрылымдық болмысын екі ыңғайда бөліп қарауға болады: 
тілдік жəне тілдік емес деп. Бұлар белгілі бір терминоло-
гиялық жүйенің құрамына ене отырып, бір-бірінен ерекше-
ленетін де жері бар (əсіресе сапалық ерекшелігі жағынан).
15
Щеглова Н.А. К вопросу о грамматических средствах терминологизации 
русских глаголов и профессиональной речи 17-18 вв. // Уч. зап. МОПИ., 
1963. Т. 38, Вып. 8, С. 89.
16
Оруджев А.Г. О создании научной терминологии и об упорядочении 
существующих терминов на азербайджанском языке // Изв. АН АзССР. 1951. 
№12. С.12.
17
Қоғамдық жəне Гуманитарлық ғылымдар саласының қазақша-орысша 
терминологиялық сөздігін (4 томдық) қараңыз. Алматы, 1985.


23
Тілдік терминдер былайша жіктеледі.
І. Термин сөздер (терминдік мəндегі сөздер). Бұлардың 
өзін бірнеше топқа бөліп қарау керек:
а) түбір тұлғалы терминдер: бал, бас, газ, йод, бор, лак, 
өт, алтын т.б.;
ə) туынды түбір терминдер: жазушы, бастауыш, баянда-
уыш, тракторшы, көрермен, қондырғы, есірткі, көрме т.б.;
б) күрделі термин (сложные термины): үшбұрыш, екі-
тілділік, темір-бетон, радиоактивтілік т.б.;
в) қысқарған күрделі терминдер. Мұның өзін бірнеше 
топқа бөлуге болады:
1) буын қысқарту арқылы біріктіріп жасалған терминдер. 
Мұнда көбінесе екі сөздің басқы буындары біріктіріледі: 
колхоз, совхоз, обком т.б.;
2) аралас типті күрделі терминдер. Бұлар, əдетте, бір 
сөздің басқы буынын не сол сөзді тұтас басқа бір сөздердің 
басқы дыбыстарымен біріктіру арқылы жасалады: райпо – 
районное потребительское общество, сельпо – сельское по-
требительское общество, райфо – районный финансовый 
отдел т.б.;
3) қысқартылған сөздерден жасалған аббревиатуралар: 
ГЭС, ВЦСПС, СОКП, БЛКЖО, МТС т.б.
ІІ. Сөз тіркесі түріндегі терминдер.
а) еркін тіркесті терминдер. Мұның құрамындағы əрбір 
компонент жеке тұрып термин бола алады. Ол басқа терми-
нологиялық сөз тіркесінің қатарына енуі де ықтимал. Мы-
салы, күкіртті азот, азотты алюминий. Кеңес Одағы, 
Коммунистік партия, еңбекші бұқара, Жазушылар одағы т.б.;
ə) еркін емес тіркесті терминдер, яғни бұлайша тіркескен 
терминдер құрамындағы сөздердің бəрі бірдей жеке тұрып 
термин бола бермейді. Олар дəл осы тіркесім түрінде ғана 
терминдік қызмет атқарады. Мысалы, қызыл бұрыш, ақ отау, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет