Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет9/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   124
қара топырақ, қызыл əскер, азат ел, сұрапыл соғыс т.б.;
б) фразеологиялық терминдер: ежелгі заман, көне тіл, 
абсолют шама, абсолюттік ақиқат, үлкен жол, сырт пі-


24
шін, азамат соғысы, қызу жұмыс, азаматтық құқық, бала-
лар бақшасы, рухани тəрбие, замана тынысы, ерте дүние 
тарихы, рухани мəдениет, хайуанаттар дүниесі, табиғат 
заңы, даңғыл жол, алтын ғасыр, алтын қор, тарихи кезең, 
тарихи уақиға, құрмет тақтасы, ақыр заман, ірі басылым, 
қайта құру, қоғамдық құрылыс, қоғамдық даму, ортақ іс, 
ашық хат, бірінші орын, саяси күрес, саяси қайраткер, 
соңғы хабар, жұмыс күші, жұмыс столы, бақыт құсы, сот 
ісі, салтанатты мəжіліс, оқу жылы, ғалым хатшы, арнайы 
тапсырма, жомарт табиғат, айқын мысал.
ІІІ. Тілдік емес терминдерге неше түрлі таңба белгілер, 
графикалық символдар, математикалық, физикалық, химия-
лық формулалар мен цифрлар жатады.
Əдетте, адамзат ойы табиғи тілдерсіз көрініс беруі 
мүмкін емес. Барлық саяси, идеологиялық, экономикалық, 
эстетикалық, мəдени жəне ғылыми мұқтаждықтың бəрін 
өтейтін – осы табиғи тіл. Бұл – дамудың өзгеше сипатымен 
өлшенетін құбылыс. Тіл де дамуға тəуелді. Тіл дамуы лек-
сика саласында айқынырақ аңғарылады. Ол тілдерде мəдени 
жəне ғылыми байлықтар жасалып, қорлана түскен сайын, 
тілдердің лексика-фразеологиялық құрамының ішінде тер-
минология қоры молая, байи түспек.
Соңғы жылдардағы ғылыми-техникалық революцияның 
жедел қарқынмен дамуы, ғылым мен техниканың, шар-
уашылық, өндірістің барлық саласындағы қыруар ин-
формациялық мағлұматтың келіп құйылуы терминология 
құрамының қорлана түсуіне сеп болып отыр. Сондай-ақ 
белгілі бір тіл шеңберінде шектеліп қалмайтын номенкла-
тураның əр алуан түрі көбейді. Бұлар ұлттық шектелу шека-
расын бұзып, ұлтаралық, тіпті халықаралық сипат ала бас-
тады. Дамыған тілдің қай-қайсысында да бұлар лексиканың 
басқа салаларынан əлдеқайда көп, сондықтан олардың бəрін 
ешқандай сөздік қамти алмақ емес. Химия терминдерінің өзі 
шамамен қазір 2 миллионнан асады екен. Басқа қай ғылым 
саласын алып қарасақ та, осыған ұқсас жайды көреміз. 


25
Өмір ілгері жылжыған сайын терминологиялық лексиканың 
ауқымы кеңейе бермек.
Сондықтан жалпы əдеби тіл жүйесіндегі терминология-
ның орны қандай болмақ деген сұрақ тууы заңды. Мұны тек 
белгілі бір салада қызмет ететін мамандар ғана қолданатын 
болса, онда арнаулы терминология əдеби тіл лексикасының 
құрамына ене ала ма? Бұл сұрақтарға қазіргі лингвистика 
біржақты жауап бере алмайды.
60-жылдарға дейін терминологияның əдеби тілге жата-
тындығы жөнінде дау болмайтын. 1959 жылы Мəскеуде 
өткен Бүкілодақтық терминологиялық мəжілісте жəне 
1967 жылы Ленинградта өткізілген ғылыми-техникалық 
терминологияның лингвистикалық проблемалары жөніндегі 
кеңесте терминологияны əдеби тіл лексикасының дербес 
саласы деген пікір басым болды. Осы тезисті тəптіштей 
келе, 1967 жылғы кеңесте С.Г. Бархударов: «Жалпы арнаулы 
лексиканың қайсыбір бөлігі əрдайым тек мамандар тілінде 
өмір кешетіні анық. Сонымен бірге оның сан жағынан аздау 
болса да, мəні, сыбағалы салмағы жағынан маңызы зор бұл 
бөлігінің бүкіл қоғам мүлкіне айналатыны, сөйтіп жалпы 
ұлттық тілдің бөлінбес бір бөлшегіне айналатыны да даусыз. 
Осыдан келіп жалпы халықтық тіл мен арнаулы лексиканың 
өзара байланысы деген күрделі проблема туындайды»
18
(Ау-
дарма біздікі – Ө.А.). Ал Ф.П.Филин бұл мəселені мүлде 
басқаша қарайды. Ол тіпті мұны жалпы əдеби тіл құрамынан 
шығарып тастағысы да келген. Ол былай дейді: «Мамандар 
арасында ғана қолданылатын бұл қисапсыз мол арнаулы лек-
сика өз алдына бөлек тұрады. Бұл нормалы қалыпқа түскен 
лексиканың барлығы туралы мəселе қозғауға мүмкіндік 
береді»
19
.
18
Лингвистические проблемы научно-технической терминологии. М., 1970. 
С.8-9.
19
Русский язык в современном мире. М., 1971. С.108.


26
Біздің ойымызша, бұл «нормаланған тілді» əдеби тілден 
тыс қараудың жөні жоқ. Мамандар өз саласы бойынша өзара 
қарым-қатынас жасағанда да пайдаланатыны жалпыға ортақ 
əдеби тіл, əрине, бұл тұста өздеріне ғана тəн, тіпті жалпы 
əдеби тіл түгіл, жалпы ұлттық тіл шеңберінен шығып кететін 
термин сөздер, формулалар, символдар белең алып жатады. 
В.П.Даниленко: «Жалпы халықтық тілдің бір тармағына 
жататын ғылым тілі, біздіңше, сөйлеу тілі, көркем əдебиет 
тілі дейтін ұғымдармен қатар тұруға тиіс. Жалпы əдеби 
тілдің əрбір тармағының өзіне тəн құрылымдық өзгешелігі 
мен əдейі жүктелген қызмет аясы болады. Ал бұлардың 
əрқайсысы кейде жалпы əдеби тіл шеңберінен шығып кетіп, 
семантикалық жəне құрылымдық шеп құрайды»
20
.
Ғылым тілі болмысты танудың (гносеологиялық қызмет), 
оны зерттеу мен практикалық жұмыстардың нəтижесі тура-
лы мағлұмат беріп, сақтаудың, жинақтаудың, хабар берудің 
(информациялық-коммуникативті) құралы. Бұдан біз оның 
əдеби тілдің функционалдық жүйесін құрайтынын көреміз. 
Бұл жайында В.П.Даниленко: «Ғылым тілі, бір жағынан, 
жалпы халықтық тілге қарағанда, шеңбері шектеулі ұғым, 
өйткені оған жалпы халықтық тілге қатысты нəрсенің бəрі 
бірдей ене бермейді. Ғылым тіліне жалпы халықтық тіл 
қасиетінің бəрі бірдей тəн бола алмайтындықтан, ол бір 
жағынан, сол жалпы халықтық тілге қарағанда, анағұрлым 
тар ұғымда беріледі. Екінші жағынан, əдеттегі кəсіби 
қатынастан тыс ғылыми ұғымдарды білдіретін арнайы тер-
минологиясы бар ғылым тілі жалпы əдеби тілге қарағанда 
анағұрлым кең ұғымды білдіреді»
21
.
Терминология əдеби тілдің бір тармағы ретінде сол əдеби 
тіл нормасы мен ережесіне бағына отырып, сөз жасам (тер-
мин жасау) жəне сол норманы кодтау жағынан өзіне ғана тəн 
20


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет