-шы, -ші, -лық, -лік, -шылық, -шілік, -ма, -ме, -ыс, -іс, -с, -ым, -ім, -ш, -іл, -л, -қы, -кі, -у қосымшаларын өнімділер қатарына
қосып жүргенін ескеру керек.
Алайда бұл қосымшалардың терминжасамдағы өнімділігі
үнемі бір деңгейде емес екені де түсінікті болар. Терминдік
материалды сұрыптағанда, əсіресе қоғамдық ғылымдар тер-
минологиясын сарапқа салғанда, бұлардың терминжасам
процесіндегі қызметі əрбір кезеңге орай жəне ғылым мен
техниканың даму деңгейіне байланысты құбылып отыра-
тынын көреміз. Өнімсіз деу немесе өнімділігі орташалау
деп танылып келген кейбір жалғаулардың -ым, -ім, -м, -ыс, -іс, -с, -қы, -кі, -к, -қыш, -кіш, -уыш, -уіш, -кері, -геріқоғам
68
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология.
173
дамуының сипатына сəйкес ерекше активтілік танытатынын
көптеген мысалдар дəлелдейді.
Тілде бұрыннан қалыптасқан сөз жасау модельдерінің
ізімен жасалатын бұл тəсіл де терминжасамның ең өнімді
амалдарының қатарына жатады. Бұл да тіл байытудың бір
көзіне айналды. Морфологиялық тəсіл арқылы жасалған
лексиканы былай қойып, терминдердің өзіне септер болсақ,
оның санын анықтау қазір қиынға түсер еді. Термин жасауға
қатыстырылатын қосымшалар тек ұлттық тіл лексикасына
ғана жалғанумен шектелмейді, олар интертермин сөздерге
де, советизмдерге де, орыс тілінен енген кірме сөздерге де
жалғана береді (автоматтандыру, индустрияландыру, электрлендіру, коллективтендіру, министрлік, колхозшы, стахановшы т.б.). Зат не мамандық атаулары, бір нəрсенің
ерекше белгілерін атау мақсатында қазақ тілінің кейбір
жалғаулары термин жасаудың тұрақты элементіне айналды
десек те болады.
Терминнің дəл болуы негіз бен қосымшаның үйлесуіне
тікелей байланысты. Осы екеуі жымдаса келе терминдік
мəнге көшеді. Сондай атауларды жасауда қазақ тілінің -шы, -ші қосымшалары арқылы мынадай терминжасам моделі
қалыптаса бастағанын көреміз. Мұның өзін бірнеше үйірге
бөліп қарауға болар еді.
Біріншіден, -шы, -ші жұрнағының негізгі түбірге қосылуы
арқылы жасалған терминдер тіл-ші, үгіт-ші, шолу-шы, хабар-шы, тəрбие-ші, күзет-ші, жазу-шы,əн-ші, берсиев-ші, жасақ-шы, мысал-шы, дүкен-ші, əмір-ші, кеңес-ші, есеп-ші, сақ-шы, еңбек-ші тəрізді қазақтың төл сөздеріне жалғанып
жасалғандар бір төбе де, трактор-шы, бетон-шы, спорт- шы, коньки-ші, футбол-шы, архив-ші сияқты кірме сөздерге
жалғану арқылы жасалған сөздер бір төбе.