Терминологиясы


ТЕРМИНОЛОГИЯ  МЕН  АУДАРМА  ҒЫЛЫМЫН



Pdf көрінісі
бет18/22
Дата05.02.2017
өлшемі1,84 Mb.
#3429
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

ТЕРМИНОЛОГИЯ  МЕН  АУДАРМА  ҒЫЛЫМЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ  Қ. ЖҰБАНОВТЫҢ  РӨЛІ
Жалпы  тіл  атаулының  қоғам  өмірінде  атқаруға  тиісті 
басты  қызметтерінің  бірі – оның  ғылым  тіліне  айналуы 
деп есептесек, бұл қасиет те белгілі бір даму сатысына тəн 
құбылыс екенін мойындау керек. Қазақ тілінің даму тарихы-
на үңілгенде де біз осындай жайды аңғарамыз. 
Тілдің  ғылымға  қызмет  етерлік  қабілеті  болу  үшін,  тіл 
иесі  сол  халық  ғылымының  сан  тармағын  дамытуға  тиіс. 
Ал  ғылымды  дамытамын  деген  ел,  ең  алдымен  оның  неше 
алуан  ұғымын,  түсініктерін  нақты  өрнектейтін  арнайы 
лексикасын  жасайды.  Əрине  бұл  аспаннан  түскен,  не  жер 
астынан  алынған  нəрсе  емес,  əрбір  тілдің  өз  мүмкіндігінен 
туындап жататын заңды құбылыс. Бұл арнайы лексика деп 
отырғанымыз – тілдің  терминологиялық  жүйесі.  Əрбір  тіл 
өз терминологиялық жүйесін жасау мен қалыптастыруда əр 
алуан кезеңдерді бастан өткізеді. Қазақ тілі де солай.
Сөйтіп Қазақ тілінің терминологиялық жүйесін сөз еткен-
де, біз осы проблеманың тууына, жасалуына, қалыптасуына 
тікелей қатысы болған, бастауында тұрған, негізін салған екі 
алыпты ең алдымен еске алуға міндеттіміз. Бірінші – Ахмет 
Байтұрсынұлы да, екіншісі – Құдайберген Жұбанов.
А. Байтұрсынов – қазақ тілі мен əдебиеті терминдерін жа-
сап қалыптастырушы болса, іле-шала бұның ғылыми проб-
лемаларын  сөз  етіп,  оны  ғылым  объектісіне  айналдырған 
Қ. Жұбанов деп айтуға болады. Ендігі əңгіме осы тұлға жа-
йында.
Тілі тынысын жіті бақылап, оның сан сапасын саралауға 
жəне өз байқауларын өзгеше шабытпен сауатты жазуға кел-
генде  Қ.Жұбановтан (1899-1938) асқан  тілшіні  таба  қою 
қиынға  соғады.  Өзінің  бүкіл  білік-білімін  ол,  ең  алдымен, 
туған халқын сауаттандыру жолына жұмсады. Алфавит, ор-
фография, терминология мəселесін қалыпқа түсірмей, ешбір 
халық сауатты бола алмайтынын түсінген профессор өзінің 

319
күш-жігерін осы салаға да жұмсаған. Аталған бұл үш проб-
леманы біріне-бірін байланыстыра, бірінен-бірін туғыза ау-
мағын қарастыру ол кезде кез келген адамның қолынан келе 
алмастығы  түсінікті  болар.  Мұндай  шаруаны  заманының 
ғылым-білімін терең меңгерген Қ.Жұбанов сияқты зерек ма-
мандар ғана қозғай алар еді. Біздің бұл жолғы мақсатымыз 
ғалымның  қазақ  терминологиясын  қалыптастырудағы 
рөлін жəне аударма туралы ойларын айқындау болып отыр. 
Осыған орай оның «Термин сөздердің спецификасы» («О спе-
цифике  слов-терминов»), «Қазақ  əдебиет  терминдері  тура-
лы» («Термины  казахского  литературного  языка»), «Қазақ 
əдебиет  тілі  терминологиясының  принциптері» («Принци-
пы  терминологии  казахского  литературного  языка»)  жəне 
«Этюды к переводу трех стилей» деп аталатын зерттеулеріне 
айрықша  назар  аударамыз.  Термин  жайында  жазылған 
мақалалардың алғашқы екеуі 1935 жылы «Мемлекеттік тер-
минология комиссиясының бюллетенінде» жарияланған. Ал 
терминология  принциптерін  сөз  ететін  үшінші  еңбек 1936 
жылы шыққан «Терминология сөздігінің» алғы сөзі ретінде 
берілген,  кейін  бұлардың  барлығы  ғалымның 1966 жылы 
жарияланған «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулеріне» енді. 
 Қ. Жұбанов терминология мəселесін «К пересмотру ка-
захской  орфографии»  жəне  «Проект  и  изменений  орфогра-
фии и алфавита» деген мақалаларында да қозғайды. Бұдан біз 
профессордың бұл мəселені ылғи өзінің назарында ұстағанын 
байқаймыз.  Соның  нəтижесінде  кейінгі  ізденушілерге  пай-
дасы  тиер  бағыт-бағдар  сілтеп  отырған.  Алдымен  айтар 
бір шындық, еңбектердің қай-қайсысы да болашақ ғылыми 
ізденістерге үлгі боларлық дəрежеде жазылғандығы. 
Мəселен, «Термин сөздердің спецификасы» деп аталатын 
мақаласында  ол  қазақ  тіл  білімінің  тарихында  тұңғыш  рет 
термин дегеніміз не екенін, оны қалай түсініп, қалай іске жа-
рату туралы сөз қозғайды, өз анықтамасын ұсынады. Автор 
ойын дəл білдіру үшін біз бұл үзікті орысша қалпынша алу-
ды жөн көрдік. 

320
«Термином  называется  специфический  вид  определен-
ных  словесных  обозначений,  передающих  определенные 
понятия, установленные на данном этапе развития науки и 
революционной практики, причем передаваемое терминоло-
гическое понятие может не совпадать словарным значением, 
которые присуще данной словесной величине в обыденной 
жизни».
Сөз  бен  терминнің  аражігін  айырып  түсіну  қабілеті  əлі 
айқындала  алмай  жатқан,  сол  бір  сауат  ашу  кезеңінде  бұл 
мақаласының айрықша əсері болғанын сезіну қиын болмас. 
Мəдени революция кезіндегі əр алуан пікірталастар мен 
тартыстар,  көзқарастар  негізіне  қарағанда,  сан  түрлі  жол-
дармен қилы-қилы пішінде жасалып жатқан лексиканың бұл 
тармағын елдің бəрі бірдей түсініп, дұрыс қабылдай қоймаған. 
Жаңа  өмірдің  тілек-талабына  орай  ғылым  мен  техниканың 
сан  саласы  бойынша  толассыз  еніп  жатқан  терминдер 
тасқынын  тоқтату  қандай  мүмкін  болмаса,  оларды  бірден 
сол қалпында қабылдап, халық қолданысына енгізе қою да 
оңайға  түспеген.  Тіл  дамуында  етек  алған  бұл  құбылысты 
ешқандай  қараусыз,  қадағалаусыз  қалдыруға  болмайтынын 
бірден аңғарған ғұлама бұл процесті бүкіл аумағымен алып, 
оның даму арналары мен көздерін түгел көрсетеді. Əлгіндей 
көзқарастар  мен  таным  аласапыранында  бұл  проблема-
ны  аса  біліктілікпен  талдап,  ол  жөніндегі  түсінік  қандай 
болу керек дегенді ол кезде Қ. Жұбанов қана айта алды. Ол 
осы  сала  бойынша  ізденушілердің,  пікір  қозғайтындардың 
ғылыми тұрғыда қандай бағыт ұстануы қажет екенін таны-
тар  ой  өрбітті.  Өйткені  адамның  ақыл-пайымына  сыйым-
ды  іс-əрекеттің  сан  саласын  айрықша  дамыта  түскен  жаңа 
қоғам жұртшылықтың білуге деген құштарлығын арттырған 
ғалымдар  тарапынан  елеусіз  қалуы  мүмкін  емес-тін.  Жаңа 
ұйым,  жаңа  түсінік  қазақ  тілінің  сөздік  құрамын  айрықша 
қозғалысқа салып, осы заман іс-əрекетіне лайықты шапшаң 
қарқын  берді.  Сан  ғасыр  сүрленіп,  сандық  түбінде  жатқан 
талай қазақ сөзі қайта жаңғырып, жаңа сапаға көшті. Сөйтіп 

321
қоғам  дамуындағы  заңды  құбылыстар  нəтижесі  ретінде 
пайда болған лексикамыздың мүлде жаңа қабаты – термин 
сөздер табиғатын Қ. Жұбанов сынды ғұламаның түсіндіріп 
беруі – ғылыми ой-пікірдегі бір адым ілгері басқандық бо-
латын. 
Шынында,  əуелі  термин  дегенді  анықтап  алмай  тұрып, 
оның  ғылыми  мəселелерін  қарастыру  мүмкін  емес  қой. 
Қ.  Жұбановтың  алдымен  анықтама  берудегі  көздеген  мақ-
саты осы болатын. 
Терминнің анықтамасы берілгеннен кейін, термин жасау 
жөнінде белгілі дəрежеде жүйе бола бастайды. Неге десеңіз, 
терминология  технологиясын  жолға  салып,  бақылап,  тіпті 
басқарып  отыруға  мүмкіндік  туды.  Бұл  мақаланың  ең  ба-
сты маңызы осында. Мақалада тағы бір құнды пікір – тер-
мин  аудару  мəселесіне  байланысты  ойлар  деп  білеміз. 
Ол  ортақшыл  (коммунист),  пішіндеме  (геометрия),  жан 
жүйесі  (психология)  т.т.  сөздердің  қазақилығын  сынға 
ала  отырып,  ол  жалпыға  ортақ  халықаралық  терминдерді 
екінші тілге аударып  əуре болудың қажеті  жоқ  деп  түйеді; 
мұндағы қателіктердің көбі аударылмайтын дүниені аудару-
дан, жалпыға ортақ сөздерді қазақшалаудан болады дегенді 
мегзейді;  жəне  мұндағы  қателіктің  негізгі  себебі  терминді 
емес,  терминге  телінген  лексикалық  мағынаны  аударудан 
болып  жататынын  түсіндіреді.  Дəл  осыған  ұқсас  əрекеттен 
біз күні бүгінге дейін арыла алмай келе жатқандығымызды 
ойласақ,  Қ.  Жұбановтың  бұл  пікірінің  өміршеңдігін 
аңғарамыз. 
Жалпы  терминдерді  қазақша  тұрақтандыруды  мақсат 
еткен  жақсы  ниетті  қолдай  отырып,  біз  мынадай  жайды 
еске  сала  кеткіміз  келеді.  Əлемге  ортақ,  тілімізге  сіңген 
халықаралық  терминдерді  де  түгел  аударуды  талап  ететін 
қаламгерлер  қазір  де  баршылық.  Ондайлар  пікіріне  осы 
мақала толық жауап береді. 
Профессордың  қазақ  терминдерін  жасауға  тірек-негіз 
болған  нəрсе  не  екенін  əңгімелейтін  тұстары  аса  маңызды. 

322
Ол  екі  нəрсенің  басын  ашып  айтады.  Оның  бірі – көп 
ұлтты  кеңес  елінің  бəріне  ортақ  халықаралық  сипат  алған 
терминдерді сол қалпында қабылдау болса, екіншісі – қазақ 
тілінің  өз  ішкі  мүмкіндігі  арқылы  жасалған  терминдерді 
дұрыс  қолдану.  Ол  термин  жасалу  процесінде  осы  екі 
принциптің  қатаң  сақталуын  талап  етеді.  Əртүрлі  ағым, 
түсінік  өрши-өрбіген 30-шы  жылдардың  басында  мұндай 
кесімді пікір айту батылдықпен бара-бар болатын. Əсіресе, 
грамматиканы «тіл танытқыш», теорияны «қисын», базисті 
«түптірек»,  варваризмді  «қотырсөз»,  стилистиканы  «тіл 
қисыны»,  циркульді  «жезбе»  деп  алып,  лексиканы  «сөз 
кенін тексеру ғылымына» айналдырушылар қарасы көбейіп 
тұрған  тұста  туған  мұндай  батылдыққа  тəнті  болмай  тұра 
алмаймыз.  Əңгіме  дəлелсіз,  дəмсіз  айқайға  құрылған  құр 
батылдықта емес, ғылыми негізді тірек еткен дəйекті ойдың 
озықтығында еді. 
Қ.  Жұбанов  осы  ойын  «Қазақ  əдебиеті  тілі  терминдері 
туралы»  деген  мақаласында  тереңдете  түседі.  Ол  мəдени 
құрылыс  қайраткерлерінің  Бүкілқазақстандық  бірінші 
съезіне  дайындық  есебінде  мемлекеттік  терминология 
комиссиясының  мəжілісін  өткізіп, 10 мыңдай  терминді 
талқыға салды. Талқыға түсіп, «Бюллетеньде» жарияланған 
бұл терминдер қандай принцип негізінде жасалғанын баян-
дайды. Ол ұсынған принциптің бірінші пункті бойынша ре-
волюция, совет, теория, практика, медицина, т.б. терминдер 
аударылмай алынуға тиіс болатын; екіншіден, производство, 
труд, деньги, корень, стебель, мышцы, деление, умножение 
тəрізді аударуға келетін терминдердің қазақ тілінде балама-
сы  болмаса,  не  аудармасы  түсініксіздеу  болып  келсе,  онда 
сословие,  состав,  клетка,  слет  тəрізді  сөздер  сол  күйінде 
алынды. 
Сондай-ақ,  əрқилы  ғылым  саласында  бір  мағынады 
қолданылатын  түбір,  форма,  материя,  морфология,  ре-
акция,  экскурсия  тəрізді  терминдерді  бірегейлетіп  алу, 
халықаралық  терминдерді  (пролетарит, pyreltarijt емес) 
орысша қалыптасқан түрінде қабылдау жəне -изация, -ифи-

323
кация, -ациялармен  келетін  машинизация,  электрификация 
тəрізді  сөздерді  машина + ландыру,  электр + лендіру  деп, 
-ист, -изм жəне ре, син, де, суб, анти, контр сияқты сөзалды 
қосымшаларымен келетін терминдерді сол қалпында енгізу, 
авто,  аэро,  авио  формаларымен  келетін  сөздерді  авто-
жол,  аэрошана,  авиоқатынас  деп  қазақша  сөздерді  қосып 
жазу сияқты сан алуан ұсыныстарын он бір пунктке шақтап 
береді.  Іле-шала  бұл  ұсынылған  принциптер  мəдениет 
қызметкерлерінің съезінде он пункт болып мақұлданды. 
Міне,  осыдан  былай  қарай  қазақ  жазуында  сəл  де  бол-
са жүйелілік пен сауаттылық негізі қалана бастады. Себебі 
бұл принциптер Қ. Жұбановтың ойдан шығарған туындысы 
емес,  қазақ  терминдерін  жасауға  себеп  болған  негіздерден 
құралған  заңды  жалғастық  болатын.  Сөйтіп  терминжасам 
принципінде ұстанатын негіз қаланды, халықаралық термин-
дер мен өздік терминдерді іске жаратудың, дұрыс жазудың 
бірыңғай жүйесі жасалды. Термин сөздерге жалғануға тиісті 
қосымшаларды,  əсіресе  орыс  тілінен  енген  қосымшаларды 
қолданудың  тəртібі  қалыптасты.  Мұны  сауаттылық  қаре-
кетімізді  өзгеше  сапаға  көтерген  саналы  əрекеттің  бірі 
ретінде бағалауға тиіспіз. 
Қ.  Жұбанов  терминология  мəселесін  қарастыруда  жоға-
рыда  сөз  болған  бірер  мақаламен  ғана  шектеліп  қалмаған. 
Қазақ тілінің қандай бір проблемасын сөз етпесін, ол əрда-
йым  терминология  мəселесін  назарында  ұстайды.  Əсіресе 
алфавит  пен  орфография  мəселесін  тексергенде,  пікіріне 
термин сөздер табиғатын тірек етіп, бұларды байланыстыра 
біріне-бірін  ұштастыра  қарайды.  Мəселен,  оның  жоғарыда 
көрсетілген  орфография  мəселесіне  арналған  екі  мақала-
сының екеуі де терминологияға тікелей қатысты. Мұнда ол 
латын жазуына негізделген қазақ емлесінің кемшілігіне бай-
ланысты аяқ алып жүруге болмайтын қателерге талдау жа-
сайды.  Əсіресе,  орыс  жəне  интернационалдық  терминдерді 
жазу  барысында  бой  көрсеткен  былықтардың  сан  түрін 
көрсетеді. Panetijke, revolutsija, gymija тəрізді терминдердің 
жазылуындағы  өрескелдіктерді  талдай  келе,  бұлардың  өріс 

324
алу  себептерін  іздестірді.  Оның  себебін  табады  да.  Сөйтіп 
одан  құтылудың,  оны  болдырмаудың  жолын  қарастырады. 
Мұндай  кемшіліктің  негізгі  себебін  ол  қазақ  орфография-
сында  кейбір  қажетті  əріптердің  болмауынан  деп  табады. 
Атап  айтқанда,  əлгіндей  сөздерді  толық  пішінде  таңбалау 
үшін  «ф»  мен  «х»  əрпінің  жетіспей  тұрғанын  анықтайды. 
Осындай  əріптерді  енгізу  арқылы  ғана  сорақылықтардан 
арылуға болады дегенді қызып айтады. Сонымен бірге оның 
«у»  дыбысының  қосарлы  таңбасы  жайындағы  пікірі  де 
жұртшылықты толғандырғаны мəлім. Бірақ өкінішке қарай, 
ғалымның бұл əріптер жөніндегі ұсынысы дер кезінде қолдау 
таба алған жоқ. Тек, бірнеше жылдардан кейін ғана тіл мен 
жазудың  даму  сатысының  өзі  бұл  пікірдің  дұрыстығын 
дəлелдеп шықты. Сөйтіп бұл əріптер қазір қазақ алфавитінің 
толық  мүшесі  ретінде  қатар  түзіп,  термин  қалыптастыру 
ісінде қалтқысыз қызмет етіп келеді. 
Аталған  еңбектердегі  өрбітілген  ойлар  мен  қағидаға 
бергісіз  пиғылдар  Қ.  Жұбановтың  тілдің  табиғи  тыныс-
тіршілігін,  өріс-өзегін  мейлінше  терең  сезінген  дарын-
ды  лингвист,  білгір  терминолог  ғалым  екенін  дəлелдейді. 
Мұның  құндылығының  тағы  бір  себебі  терминология 
мəселесінің ғылыми тұрғыда тұңғыш сөз болуында. Осыдан 
былай қарай қазақ терминологиясы, үздік-создық болса да, 
ғылыми  зерттеу  объектісіне  айналды  деп  толық  айта  ала-
мыз. Соның бастауында тұрған Қ. Жұбановтың терминоло-
гия саласындағы бұл еңбектерін қарастыру арқылы біз қазақ 
тілінің терминологиялық жүйесінің жасалу, даму, қалыптасу 
іздерін,  жолдарын,  тарихын  дұрыс  түсініп,  дұрыс  бағалай 
білеміз деп түюге болады. 
Қ.  Жұбанов  терминология  мəселесінің  ғылыми  проб-
лемаларын  қарастырумен  бірге,  термин  жасау  ісімен 
де  шұғылданған.  Дара  етістік,  қаратпа,  қыстырма, 
біріккен  сөз,  біріккен  түбір,  жетек  сөз,  түп  мүше,  жа-
мау  мүше,  тұйықша,  сүйеншек  есімше,  қосалқы  сөз, 
қиюлы  сөз,  жалғауыш  т.т.  осыған  дəлел. 1937 жылғы 
«Жаңа  грамматиканың  жаңалықтары  жайында»  деген 

325
еңбегінде  бұрын  жасалған  терминдерді  нақтылай  түсу 
бағытында  біраз  əрекеттер  жасап  көреді.  Анықтауыш  пен 
толықтауышты басқаша түсіндірігісі келеді. Үстеуді жұрнақ 
орнына,  жалғауышты  жалғау  орнына  қолдануды  ұсынады. 
Алайда  ғалымның  терминжасам  процесіндегі  əлгіндей 
ұсыныстарының  көбі  ұтымды  бола  қойған  жоқ.  Оның  рөлі 
термин  жасауда  емес,  осы  саланың  сан  қилы  мəселелерін 
ғылыми  тұрғыда  қарастырып,  тіл  заңдылығынан  туындай-
тын  тұжырымды  пікір  өрбіте  білуінде  еді.  Ол  өзінің  ойлы 
да  ұтымды  ізденістерімен  терминологияның  лингвистика 
ғылымының  үлкен  бір  саласы  ретінде  дамып,  өріс  алуына 
ықпал жасаған дарынды терминолог. 
Қ.  Жұбановтың  ғылыми  жұртшылық  назарынан  тыс 
қалып  келе  жатқан  екінші  бір  қыры  оның  аудармашылық 
өнері мен аударма жайындағы ой-пікірінен көрінеді. Ол бұл 
саламен табиғи мұқтаждық арқасында айналысты. Тілдерді 
салыстыра  қарастыру  арқылы  бір  тілден  екінші  тілге  ау-
даруда  оның  асқан  таланты  байқалады.  Құрылымы  бөлек 
тілдердің семантикалық айшықтарын бірінен екіншісіне ау-
даруда  өзінің  айрықша  қабілетін  танытады.  Жоғарыда  сөз 
болған  «Бюллетеньде»  жарияланған  мақалалары  ұдайы  екі 
тілде жазылған. Осының өзінен-ақ оның аудару шеберлігін 
байқауға болады. Екі тілді бірдей жетік меңгерген ол ойла-
рын еш қиналмай екі тілде еркін жазады. 
Ол  аударма  практикасымен  ертеден-ақ  шұғылдана 
бастаған  сияқты.  Оның  алғашқы  аудармасы  есебінде 
К.К.  Юдахиннің 1929 жылы  Қызылордада  өткен  қазақ  тілі 
бойынша ғылыми-орфографиялық конференцияда сөйлеген 
сөзін  айтуға  болады.  Дегенмен  Қ.  Жұбановтың  аударма 
проблемасымен  арнайы  шұғылданбағанын,  қайта  жұмыс 
ретіне  қарай  жол-жөнекей  айналысып  отырғанын  ескеру 
керек. 
Əйтсе  де  Қ.  Жұбановтың  аудармашылық  қызметін  бел-
гілі  əдебиет  маманы,  профессор  Б.  Шалабаев  былай  деп 
əңгімелейді.  Ол 30-шы  жылдары  В.Г.  Короленконың  «Без 
языка»  деген  повесін  аударады.  Оны  баспагерлер  ұнатпай, 

326
аудармашыға қайтарады. Мұны білген профессор баспамен 
өзі байланыс жасап, аударманы əдеби өңдеуді өз міндетіне 
алатын болып келіседі. Сөйтіп аударманы түгел қайта өңдеп, 
«Тілсіз» деген атпен баспадан шығартады. 
Аудару  процесінде  Қ.  Жұбановтың  тілдердің  ұлттық 
табиғатына  қатты  мəн  бергені  байқалады.  Оның  тікелей 
аудармаға  қатысы  жоқ  ізденістерінің  өзінде  де  сөйлем 
құрау мəселесінде ылғи да өзге тіл білімдерімен салғастыра 
қарап  отырғаны  қызық.  Əсіресе  оның  қазақ  тіліндегі  сөз 
тіркесімділігі  жайында  жасаған  талдауы  көңіл  аударарлық. 
Əдетте  қазақ  тілі  аглюнитативті  тілдер  қатарына  жата-
тындықтан,  ондағы  сөзжасам  түрлері  жалғаулар  көмегімен 
жасалады  дейтін  ұғым  қалыптасқан  ғой.  Қ.  Жұбановтың 
«Жалғамалы  тілдер  тек  жалғамалылықпен  ғана  шек-
телмейді»  деп  керісінше  түйін  жасайды.  Оның  ойынша, 
бұл  мəселеде  қазақ  тілінің  сөз  тіркесімділігі  айрықша  рөл 
атқарады.  Осының  мысалы  ретінде 15 сөзден  тұратын 
сөйлемді талдап көрестуі дəлелді. Сен көрген қымбат алпа-
уыттан да қызыл құрт Ертай ұстаның Темірбайдан алған 
торы бесті аты жақсы. Осындағы 15 сөздің үшеуінде ғана 
сөз тудырғыш қосымша бар да, қалған 12-сі түбір сөз болып 
келеді. Сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстыра отырып, түрлі 
тіркесім  жасауға  болатынын,  сол  арқылы  жаңа  мағыналық 
өзгерістер туғызылатынын тəптіштеп талдайды.
Қ. Жұбанов келесі бір тұста түпнұсқаны қазақ тіліне дəл 
берудің жолдарын сөз етеді. Сондағы тіліне тиек ететіні кол-
хоз  қозғалысына  байланысты  ресми  материалдық  аударма-
сы. 30-ншы жылдарда пайда болған бұл материалдың басы 
мен аяғы жоқ. Түпнұсқа да, оның аудармасы да қолымызға 
түспеді. Алайда ғалымның бұл жөніндегі сауатты талдаула-
ры  назар  аударарлық.  Ол  аударманың  басты  кемшілігі  ша-
мадан тыс дəлме-дəлдігінде деп түйеді. Оның талдамасына 
қарағанда, аудармашы жеке сөздер мен мəнін жеткізе алмаған, 
қайсыбір сөздерді дұрыс қолданбаған. Сондай-ақ тілдердегі 
сөздер  мағынасы  бір-біріне  сəйкес  келе  бермейтінін  ау-
дармашылар  үнемі  ескеруі  тиіс  екенін  мегзейді.  Мəселен, 

327
Қ.  Жұбановтың  айтуынша,  орыстарда  тектік  ұғым  (пастух) 
бар да, оның қойшы, жылқышы боп түрленуі жоқ, ал неме-
се  керісінше  хлеб,  конюшня  ұғым  түрлері  бар  да,  олардың 
қора  дейтін  жалпы  жиынтық  атауы  жоқ.  Орыстың  тетя-
сын қазақша жеңеше деп те, апа деп те аударуға болады, ал 
қазақтың апасы орысша сестра боп кете береді. 
Сөйтіп Қ. Жұбанов əрбір сөздің контекске қарай құбылып 
отыратын  қасиетін  ескеріп,  аудармашылардың  бұған  мəн 
беріп  отыруы  керектігін  ескертеді.  Сондай-ақ,  ғалымның 
контекске  орай  əр  алуан  мағыналық  реңк  алып  жататын 
көңіл  (настроение),  күрес  (борьба)  сөздерін  аударуда  кетіп 
жататын  өрескелдіктердің  талдауы  аударма  саласындағы 
ізденістерге үлгі болуға жарайды. Мысалы: Аурудың көңіл-
күйі өте жақсы (У больного очень хорошее настроение) де-
ген  сөйлемдегі  көңіл  сөзі  настроениеге  дəл  келіп  тұрғаны-
мен, ғалым ұғымында «Повести решительную борьбу с этим 
и опасными и вредными для дела настроениями и изгнать их 
вон из партии» деген сөйлемде мұны былай деуге болмайды. 
Сонымен бірге жеке сөйлемдерді аударуда да қазақ тілінің 
мүмкіндігі мол екенін əдемі аңғартады. 
Қ.  Жұбановтың  аударма  тілі  туралы  айтқан  ойларының 
ішінде  редакторлық  ескертпелерінің  де  орны  бөлек  деп  бі-
леміз. Мұнда ол С. Аманжоловтың мақаласындағы қайсыбір 
пікірлерге  қарсы  дау  айтып,  аудармаға  байланысты  біраз 
қызықты бақылауларын жазады. Əсіресе оның халықаралық 
терминдерді қабылдау тұсындағы фонетикалық заңдылықтар 
əрекеті,  сингормонизм  туралы,  сондай-ақ  идиомалар  мен 
қанатты сөздерді аудару жөніндегі ойлары аса құнды. 
Қысқасы,  Қ.  Жұбановтың  қазақ  аударма  теориясы 
жайындағы  пайымдаулары  əлі  түбегейлі  тексеруді  талап 
ететін  жəне  зерттеушінің  зерделі  ізденістерінің  қатарында 
бағаланатын қазынамыз болып саналады. Оның бұлтартпас 
логикаға  негізделген  ойлары  мен  нəрлі  де  əрлі  тілі,  өзінің 
сөз саптауына тəн стилі, заманынан озып, ғылым болашағын 
ойлайтын  асқан  білімдарлығы  əлі  талай  ізденістерге  үлгі 
бола беретіні анық. 

328
БІЛІМ ТЕРМИНДЕРІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ШЕЖІРЕСІ
Қазақстан  егеменді  ел,  тəуелсіз  мемлекет  болды. 
Қазақ  тілі  мемлекеттік  тіл  мəртебесін  алды.  Енді  тілімізді 
мемлекеттік тіл дəрежесіне сай қоғамдық қызметін көтеріп, 
жан-жақты  дамыту  міндеті  бірінші  кезекте  тұр.  Оны  жан-
жақты  дамытудың  бірі – білім  саласындағы  терминдерді 
қарау  жəне  бірізге  салып  жүйелеу  мен  қалыптастыру. 
Бүгінгі таңдағы білім терминдерін таза өз тілімізде жүйелеп 
реттесек,  болашақта  жастарымызды  ұлт  тіліндегі  біліммен 
сусындандырсақ, тіліміздің дамуына қосқан үлкен үлес болар 
еді. Осы тұрғыдан алғанда білім терминдерінің болашағын 
болжау үшін оның өткен жолына да көз салмай болмайды. 
Осы  орайда  А.И.  Герценнің: «Өткенді  жете  білу  арқылы 
қазіргісін түсінеміз, болғандардың мініне терең бойлай оты-
ра, болашақтағының мəнін ашамыз, артқа қарай отыра, алға 
басамыз» деген ойы ойға оралады. 
Қазіргі заманғы қазақ терминологиясын түзу ісі ХІХ ға-
сырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың  басынан  бастау  алады. 
Əсіресе,  ХІХ  ғасырдың 90-жылдарынан  А.  Байтұрсынұлы, 
Х.  Досмұхамедұлы,  Қ.  Жұбанұлы,  Е.  Омаров,  Т.  Шонанов, 
Ə.  Ермеков,  Ж.  Аймауытов,  М.  Дулатов,  К.  Кемеңгерұлы, 
Ж.  Күдерин,  М.  Жұмабаев  сияқты  оқымысты  зиялыла-
рымыз  білім  терминдерінің  үлгісін  еңбектерінде  жазып, 
көрсетіп, бізге сара жол салып кеткен. Осы ағартушылардың 
еңбектерінде  бұрын  қолданылмаған,  қазақ  ортасына  бей-
таныс пəн сөздері, ғылым-білім атаулары қазақ тілінде жа-
салып,  аударылып  қолданыла  бастады.  Жаңа  сөздер  жа-
салды,  көптеген  қатардағы  сөздеріміз  ғылым  ұғымдарына 
сəйкестелініп, терминдік сипат алды. Қазақ тілінде терминді 
арнайы  түзу  ісін  А.Байтұрсынұлы  бастап  берді.  Мысалы, 
ғалымның  бір  өзі  қазақ  тілі  мен  əдебиеті  бойынша 500-
ден  аса  ғылыми  түсініктерін  түгелдей  қазақ  сөзімен  атап 
берді. Сонда-ақ, Х. Досмұхамедұлы, Қ. Жұбанұлы, Е. Ома-

329
ров,  Т.  Шонанов,  Ə.  Ермеков  т.б.  да  ағартушыларымыз  өз 
еңбектерінде кейбір пəн сөздерін қазақшалап, қазақ сөздерін 
термин ретінде, оларға сипат бере қолдануға тырысты. 
Яғни  осы  кезең  қазақ  терминологиясын  қалыптастыру-
дағы  айрықша  кезең  болып  табылады.  Өйткені  дəл 
осы  кезеңде  ұлт  тілі  негізінде  термин  жасау  ісі  жемісті 
жүргізілді.  Қазақ  зиялылары  бұл  іске  айрықша  мəн  беріп, 
ғылыми  терминологияның  бағдарын  өздері  белгілеп  отыр-
ды. Ғылымның көптеген салалары бойынша қазақ тіліндегі 
төл  оқулықтардың  жазылуы  жəне  өзге  тілдерден  аудары-
луы  салалық  терминологияның  қалыптасуына  жол  ашты. 
Сол  кезеңге  дейін  термин  жасаудың  тұрақты  принциптері 
болмаған  еді.  Ондай  күрделі  міндетті  атқару  ісі  қазақ 
оқымыстыларының  өздеріне  жүктелді.  Осы  кездегі  термин 
жасаудағы негізгі көзделген мақсат олардың қалың бұқараға 
түсінікті болуы еді. 
Кеңес  өкіметінің  алғашқы  жылдарында  көрнекті  қазақ 
зиялыларының  ықпалымен  ұлттық  мектептердің  өріс  алуы 
біршама дұрыс жолға қойыла бастады. 1920 жылы қазанда 
Халық  ағарту  комиссиясы  құрылды.  Оның  басты  міндеті – 
республика  халықтарын  сауаттандыру  үшін  ауылда  қазақ, 
орыс-қазақ  мектептерін  ашып,  оларды  оқулықтармен,  қа-
жетті  материалдармен  жабдықтау,  жастарға  білім  берумен 
қатар  еңбекке  баулу,  мұғалім  кадрларын  дайындау  мəселе-
лері  болды.  Жылдан-жылға  мектепте  оқитын  оқулықтар 
саны  арта  түсті.  Бұны  біз  Бүкілодақтың  І  құрылтайында 
берілген есебінен көреміз. «Бірінші басқыш мектептер саны 
1922  жылы 2001, 1924 жылы 2643 (оқушы  саны – 156865) 
болды, ал 1924–25 жылдары – 1238000-ға жетті, оның 222000 
қазақ балалары еді. ССРО-ның əртүрлі жоғары оқу орында-
рында Қазақстаннан 1924 жылы 908 адам оқыса, 1925 жылы 
600 адам қосымша оқуға жолдамамен жіберіледі, оның 600-
700-і қазақтар еді». 
Сонымен  бірге 20-жылдары  қазақша  ғылым  тілінің  да-
мып  қалыптасуына  мерзімді  баспасөздің,  оқулықтар  мен 

330
оқу  журналдарының,  сөздіктердің  тигізген  рөлі  зор  болды. 
Ғылымның  əртүрлі  саласына  жататын  терминдер  мерзімді 
баспасөз беттерінде жарияланып тұру арқасында бір жүйеге 
түсіп, тұрақтала бастады. 
Қазақ  терминдерінің  мəселесі  ең  алғаш  рет 1924 жылы 
Қазақстанның  сол  кездегі  астанасы  Орынборда  өткен 
ғылыми  қызметкерлердің  І  съезінде  алфавит,  орфогра-
фия  мен  терминология  мəселелері  кеңінен  сөз  болған  еді. 
А. Байтұрсынұлына дейінгі қазақ тілінің құрылысы туралы 
орыс түркітанушыларының еңбектерінде қазақ тілі ғылыми 
негізде алғаш зерттелгенмен, бірақ олар орыс тілінде жазы-
лып,  түркі  тілін  зерттеушілерге  арналған  болатын.  Оларды 
мектепте  қалың  көпшілікке  арналған  оқулық  деуге  бол-
майды, оларда қазақша тіл терминдері жоқ еді. Сол себепті 
А. Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың басында ана тілінде ұлттық 
тіл  білімінің  негізін  қалаған  қазақтың  тұңғыш  ғалымы 
ретінде танылады. 
А. Байтұрсынұлы жасаған ғылыми атаулардың (термино-
логия) принциптеріне сүйеніп, сол кездегі қазақтың оқыған 
зиялы  азаматтары  ғылымды  ана  тілінде  дамытудың  негізін 
қалады. Сонымен бірге қазақ оқығандары ғылымның əр са-
ласынан  ана  тілінде  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын  жаза 
бастады.  Елдос  Омарұлы  «Пішіндеме»,  Мағжан  Жұмабаев 
«Педагогика»,  Жүсіпбек  Аймауытов  «Психология»,  Жұма-
хан  Күдерин  «Өсімдіктану»  оқулығын,  ал  «Арифметика», 
«Есептану»  оқулығы  атауларына  Міржақып  Дулатұлы, 
Сұлтанбек Қожанұлы, Кəрім Жəленовтер көп еңбек сіңірді. 
Осы  ғалымдар  ұсынған  принциптер  түркітанушылардың 
ең  беделді  ғұлама  ғалымдары  қатынасқан  Бүкілодақтың 
І құрылтайында (Баку, 26 ақпан, 6 наурыз, 1926 ж.) жасалған 
ғылыми  баяндамада  ғылыми  тұрғыдан  қолдау  тапқан  еді. 
А. Байтұрсынұлы халықты осындай құрылтаймен таныстыру 
мақсатында  «Түрікшілер  құрылтайы»  деген  мақала  жазды. 
Онда: «Пəн сөздері жағынан басынан-ақ қазақ басқалардан 
бөлек  жол  тұтынуды,  басқа  түріктер  əдебиетті  араб,  парсы 

331
сөздерімен  шұбарласа  көркем  болады  дегендіктен,  екінші 
өз тілдерінен пəн сөзіне лайық сөздер іздеуге ерініп, дайын 
пəн сөздерді ала бергендіктен, түпкі ана тілі мен əдебиет тілі 
бөлектеніп, өз сөздерін жат сөздер жұтып жіберу дəрежесіне 
жеткен. 
Қазақ  жат  сөзге  əуестенбей,  пəн  сөздерін  өз  тілінен  жа-
сауға  тырысты.  Əдебиет  тілі  ауылдағы  қазақтың  хат  біле-
тін, білмейтін қайсысына да болса түсінікті болуын көздеді. 
Тілі  арасына  жік  түсіп,  айырылмас  үшін  шетел  сөздерін 
амалсыз болған жерде ғана алатын тəртіпті қолданды». 
Сөйтіп бүкіл ұлттың мəдениетінің қаулап қанат жаюына 
ықпал  жасаған  шаралардың 20-30-жылдарда  тіптен  белең 
алғанын айту лазым. Неге десеңіз, сауат ашудың жарқын бір 
беттері осы кезеңге орайлас келеді. Оны біз сол кездегі зи-
ялы қауымның оқулықтарынан, сөздіктерінен, еңбектерінен 
көреміз. Олар ғылымның əр саласында заман талабына сай 
өз мамандары жоқ кезде əрі ақын, əрі жазушы, əрі аударма-
шы, əрі сыншы болуға тура келді. 
Сонымен  бірге  қазақ  оқығандары  ғылымның  əр  сала-
сынан  да  ана  тілінен  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын  жаза 
бастады.  Оған  дəлел  М.  Дулатов (1885-1935) – ақын,  жа-
зушы,  драмашы,  көсемсөзші,  педагог,  қоғам  қайраткері. 
Орыс-қазақ  училищесін,  педагогикалық  курстарды  бітіріп, 
ауыл  мұғалімі  болып  істеп  жүріп,  өздігімен  білім  алумен 
айналысқан.  Соның  нəтижесінде  əдебиет,  мəдениет,  тарих 
жəне этнография, тіл білімі, математика жөніндегі 2 мыңнан 
астам мақалалар мен еңбектердің авторы. Солардың ішінде 
М.  Дулатұлының  «Есеп  құралы»  атты 2 бөлімнен  тұратын 
оқулығы 1914 жылы  басылып  шықты. 1914 жыл  мен 1928 
жылдар аралығында оқулық өңделіп, толықтырылып басы-
лып  отырды.  М.  Дулатұлының  осы  оқулығында:  көбейту, 
мысалдар, есептер, алу, бөлу, қосу, өлшеу, сызғыш, есептану, 
тік бұрыш, шаршы, түзу сызық, жаттығы, игеру, қосынды, 
қосылғыш, ондық сандар, бірлік сандар, теңге, тиын, саты, 
шақырым, қарыс, сүйем, көбейткіш, көбейтінді, есе артық, 

332
есе кем, азайтынды, қалдық сан, бөлгіш, бөлінді, пұт, қадақ, 
баспа табақ, таңба, көбейту кестесі, сағат т.б. жүзге жуық 
математиканың  жаңа  терминдерін  енгізген.  Арада  қанша 
жыл  өтсе  де,  бұл  атаулар  бүгінгі  мектеп  оқулықтарында 
қолданылып  жүр.  Яғни  ХХІ  ғасырдың  ұрпағына  да  өзінің 
зор ықпалын тигізіп отыр, тигізе береді де. 
Сондай  еңбектердің  бірі  С.Қожанұлының  «Есеп  тану» 
атты  кітабы 1924 жылы  Ташкентте  басылып  шыққан.  Бұл 
кітаптағы  əр  атау  да  өз  баламасын  тауып,  өмірге  жолда-
ма  алған.  Мысалы:  аралас  бөлшек,  түбір,  атаулы  сан, 
жалаң  сан,  дəреже,  алым,  бөлім,  жақша,  арту,  белгі, 
бөлінгіштік, артынды, дүркін, дүркінді бөлшек, көбейтінді, 
құралғыштық,  құрама  сандар,  бастапқы  сандар,  туынды 
сандар,  дұрыс  бөлшек,  бұрыс  бөлшек  т.б.  бұл  атаулар  да 
кейбір  аздаған  өзгеріспен  осы  күнге  дейін  тұрақты  пайда-
ланылып  келеді.  Ал  мүлдем  қолданылмай  тастағандарын 
бүгінгі  күнге  қолдану  мүмкіндігін  ойластыруымыз  ке-
рек.  Осындай  математика  саласына  тағы  бір  өз  үлесін 
қосқан  Е.  Омарұлының  «Пішіндеме»  оқулығы 1928 жылы 
Қызылордада жарық көрді. Осы оқулықта тұңғыш рет гео-
метрия пəні атаулары қазақша өз баламасын тапты. Кітапта: 
одағай (иррационал), түйін (теорема), құрылымдас (пропор-
ционал), өрістік (сектор), өре (диаметр), тетік (аргумент), 
пішін (фигура), қатар сызық (параллель), кесе (перпендику-
ляр) т.б. төл терминдерімізді жасап, қазақ тілінің ғылымды 
игеруге бейімділігін, икемділігін өзінің құнды еңбектерімен 
дəлелдеп берді. 
Кезінде  Алаш  зиялыларының  бұл  жазып,  аударып,  ба-
ламаларын тапқан терминдері араға 70-80 жылды салса да, 
бүгінгі  күндегі  тілші  ғалымдар  тарапынан  қолдау  тауып 
отыр. 
Ал  математика  саласынан  қазақ  тілі  саласына  ауыссақ. 
Ұлттық ой-сананы оятып, халықты, оның ішінде жас ұрпақты 
білімге  бұру  мақсатымен  жазылған  атақты  педагог,  ағарту-
шы Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» (1879), 

333
«Мəктубат» (1896) оқулықтарынан  басталатынын  білеміз. 
Бірақ  бұл  қазақтарды  орыс  тілінде  оқытудың  бастапқы 
əдістемелік  нұсқауларының  алғашқысы  болғаны  белгілі. 
Сол  кезеңдегі  көптеген  еңбектер  қазақ  балаларын  орыс 
тілінде  оқытумен  болған.  Атап  айтсақ, «Жазуға  үйрететін 
кнеге» («Букварь для киргиз», Қазан, 1892, 1894, 1908 жыл-
дары  қайта  басылған), «Қазақша  букварь» (Нурбаев,  Уфа, 
1916), «Əлифбе,  яки  төте  оқу» (И.  Аралбаев,  Уфа, 1911), 
«Қазақша ең жаңа əліппе» (Малдыбаев, Уфа, 1912), «Қазақ 
баласына  жəрдем  қазақша  əліппе  кітабы» (С.  Сырғалин, 
Қазан, 1913), «Үлкендер үшін əліппе» (жиюшылар: Ш. Са-
рыбаев, Е. Қожантаев, Ташкент, 1921), «Еуропалықтар үшін 
екі жылдық оқу құралы» (Қ. Кемеңгерұлы, Қызылорда, 1929) 
т.б. 
Осындай  еңбектерді  оқып  танысқан  А.  Байтұрсынұлы 
мен  Алаш  ардагерлері  қазақ  балаларын  таза  өз  ана  тілінде 
оқытуды көздеп, төл еңбектер жаза бастайды. Қазақ терми-
нологиясы сөз болған жерде Ахмет Байтұрсынұлына соқпай, 
оның сол саланың білгір басшысы екенін айтпай өту мүмкін 
емес, «Ұлт  ұстазы»  атанған  А.  Байтұрсынұлының  өзге 
ғалымдармен бірігіп жазған еңбектерін қоспағанда 15-тен аса 
əліппе, оқу құралдарын жазған. Ғалымның еңбектері өздері 
өмір  сүрген,  еңбек  еткен  дəуірінің  жемісі,  сол  еңбектері 
сол  дəуірдің  мұқтажын,  талап-талғамын  қанағаттандыруға 
қызмет етті. 
20-30-жылдары  ұлттық  мектебіміз  бен  тəлімдік  ой-
пікірдің дамуына елеулі үлес қосқан қоғам қайраткерлерінің 
бірі, педагог-ғалым, əдіскер, əдебиетші, лингвист, жазушы, 
тарихшы жəне аудармашы Телжан Шонанов болды. Ғалым 
сан алуан оқулықтар мен оқу құралдарының, қазақ тілі, тарих, 
математика, география, педагогика, психология мəселелеріне 
арналған  мақалалар  мен  еңбектер  жазған.  Т.  Шонанов 
А.  Байтұрсынұлымен  бірге  қазақ  тілінің  өркендеуіне,  жазу 
мəдениетіне, ұлттық мектептің дамуына өз үлестерін қосып, 
бірлесіп  қызмет  жасаған.  Ол  А.  Байтұрсынұлы  екеуі 412 

334
беттік  «Оқу  құралы»  атты  оқулықты 1926 жылы  баспадан 
шығарды.  Тілі  қарапайым,  мазмұны  шұрайлы,  бұл  оқулық 
сол кезде қазаққа жөн сілтеп, жастардың сауатын, дүние та-
нымын кеңейтуге əсер еткен құнды еңбек болды. 
Телжан Шонанұлы «Тіл дамыту», «Қазақ тілі» (Грамма-
тика мен емле), «Жаңа арна», «Ересектер үшін оқу құралы» 
еңбектеріне  қоса  өзге  ұлт  өкілдеріне  арнап  көптеген  оқу 
құралдарын, зерттеу еңбектерін жазды. Айталық «Самоучи-
тель киргизского языка для русских» (Оренбург, 1925, 1-ба-
сылым), (Қызылорда, 1929 ж.), «Қазақ тілінің оқу құралы», 
«Шала  сауатты  ересектер  үшін  оқу  құралы» (Қызылорда, 
1926 ж.), «Учебник казахского языка для взрослых», «Орыс-
тар  үшін  қазақша  əліппе»  атты  еңбектерін  атауға  болады. 
Т. Шонанұлы өзінің бір мақаласында балалардың 26 сөзден 
124 қатеге дейін жіберетіндігіне, олардың сөз арасын ажыра-
тып  жаза  алмайтындығына  тек,  емле,  грамматикадағы  кет-
кен кемшіліктерге ғана емес, ана тілін оқыту əдісінің дұрыс 
еместігінен деген қорытындыға келеді. 
А.  Байтұрсынұлының  шəкірті  педагог  ғалымның  еңбек-
тері  мен  оқулықтары  күні  бүгінге  дейін  кəдеге  жарап  келе 
жатқан үлкен ғылыми мұра. 
Қазақ  терминологиясының  тарихында  елеулі  орны  бар 
Халел Досмұхамедұлы (1889-1939) сан салалы ғылыми мұра 
қалдырды.  Ол  табиғаттану,  анатомия,  зоология,  фольклор-
тану,  этнография,  ғылыми  терминология  жасау  жөніндегі 
оқулықтар  мен  еңбектердің  авторы.  Х.  Досмұхамедұлы 
кірме  сөздерді,  əсіресе  орыс  тілі  арқылы  енген  сөздерге 
төл  тілімізден  балама  табуды,  кірме  сөздерді  қолдануда 
ана  тілінің  ішкі  дыбыстық  заңын  сақтап  қолдануын  дұрыс 
құбылыс  деп  есептеген.  Х.  Досмұхамедұлы  жарық  көрген 
«Табиғаттану», «Адамның  тəн  тірлігі»  атты  оқулықтарын 
жазуы кезінде қолданған термин сөздері қазақ тілінің ғылым 
тіліне айналуына толық мүмкіндігі барына кепілдік береді. 
Ол  ғылым  дамуы  үшін  терминология  мəселесін  белгілі 
бір  жүйеге  түсіруге  де  назар  аударды.  Х.  Досмұхамедұлы 

335
сонау 1920-30 жылдардың өзінде термин сөздің қабылдану, 
олардың бекітілу жолдарын анықтап берген болатын. Оған 
дəлел  Х.  Досмұхамедұлы 1925 жылы  Орынбор  қаласында 
өткізілген  қазақ  білімпаздарының  тұңғыш  съезінде  тер-
минология  ісін  ұйымдастыру  жөнінде: «Бүкіл  қазақ  халқы 
үшін  жалғыз  білім  кеңесі  болу  керек.  Ол  білім  кеңесі  жа-
нында əр пəннің мамандарынан сайланған комиссия болуы 
керек. Пəн сөздері əуелі пəн комиссиясының сынына түсіп, 
оның қабылдап алған сөздері баспасөз жүзінде жарияланып, 
көптің талқысына түсуге тиіс. Ол пəн сөздері сонан соң ғана 
барып білім кеңесінің қарауына түсіп, бекітіліп шығуы тиіс» 
деп ұйымдастыру жағынан бірден-бір үлгі көрсеткен. 
1924  жылы  Ташкентте  Х.  Досмұхамедұлының  «Қазақ-
қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» деген кітапшасы басы-
лып шықты. Ғалым бұл еңбегінде қазақ тіліне терминдерді 
орынсыз алмау, алған күнде де сақтықпен, тілдің өз заңына 
сəйкестендіріп  қабылдауды  ұсынады.  Басқа  тілден  ен-
ген  сөздерге  қосымшаны  да  үндестік  заңына  бағындырып 
қолдану  керектігін  айтады.  Ғалым  тілдің  ежелден  келе 
жатқан заңдылығын жойып алмау қамын ойлаған. 
20-жылдар,  академик  І.  Кеңесбаевтың  сөзімен  айтқанда, 
«қазақ  тіл  білімі  дамуының  болашағын  дайындаған,  со-
нымен бірге ана тіліндегі ағарту ісін шын мəнінде дүниеге 
əкелген жылдар. Олай болатыны – халықтың сауатсыздығын 
жою,  ұлттық  терминологияны  жасау,  оқулықтар  шығару, 
мемлекеттік  істі  ана  тілінде  жүргізу  сияқты  шараларды 
жүзеге асырудағы алғашқы адым осы жылдарда басталды».
«Асқар  тау  алыстаған  сайын  биіктей  түседі»  демекші, 
асыл азаматын уақыт таразысы өз талғамына салып, бүгінде 
өз бағасын беріп, халқымен қайта қауыштырды. 
Құдайберген  Жұбанов  латын  əліпбиі  негізіндегі  қазақ 
жазуы мен орфографиясын жүйелеген ғалым. 
Тіл  табиғатының  қыр-сырына  терең  жан-жақты  үңілген 
ғалым  қазақ  тілі  грамматикасының  морфология  саласына, 
тіл  грамматикасына,  синтаксиске  байланысты  көптеген  аса 

336
құнды  еңбектер  берді.  Тіл  тынысын  зергерлікпен  бақылап, 
оның сан, сапасын саралаған Қ. Жұбанов өзінің бүкіл білік-
білімін туған халқын сауаттандыру жолына жұмсады. 
ХХ  ғасырдың  алғашқы  жартысында  қазақ  халқының 
рухани-мəдени  өміріндегі  аса  зор  саяси-əлеуметтік,  халық-
тық мəні бар мəселесінің бірі – жазу, емле, термин туралы 
мəселенің басы-қасында Қ. Жұбанов жүрді. 
Қазақ тілінің зерттелуі жайында профессор Қ.Жұбанұлы 
«қазақ  тілі  осы  уақытқа  шейін  жүйелі  түрде  тексеріліп, 
ғылым  тезіне  түспеген  тіл  қазақ  тілін  алғаш  зерттегендер 
Н.И.  Ильминский,  профессор  П.М.  Мелиоранский,  М.  Те-
рентьев, И. Лаптев, В.В. Катаринский, академик В.В. Радлов, 
профессор Е.Д. Поливанов тағы басқалар болатынды», – деп 
жазды. Қазақ ғалымдарынан қазақ тілін зерттеген ғалымдар 
Ш. Уəлиханов пен А. Байтұрсынұлын айтады. 
Терминологияның,  жаңа  атаулардың  дəл  осы  кезеңде 
кең  көлемде  дамуы  қоғамдағы  өзгеріс,  дамуымен  байла-
нысты, яғни оның қоғамдық қажеттіліктен туғандығы сөзсіз. 
Ең  алғаш  терминология  мəселесі 1924 жылы 12-18 шілде 
аралығында  Орынборда  өткен  республикалық  ғылыми 
қызметкерлердің І съезінде сөз болған. 
1926  жылы  Баку  қаласында  болған  түркологтардың 
Бүкілодақтық  І  съезі  тікелей  осы  мəселелерді  қарастырды. 
Мұнда  арнайы  жасалған  бес  баяндаманың  бесеуінде 
де  қазақ  алфавиті,  орфографиясы  мен  терминология-
сы  сөз  болды.  Осындай  съездер  мен  газет  бетіне  шыққан 
мақалаларымыз  жəне  ағартушылықпен  айналысқан  ар-
дақты азаматтарымыздың еңбегінің нəтижесінде 1933 жылы 
Мемлекеттік  терминология  комиссиясы  (Мемтермин-
ком)  құрылған.  Оның  тұңғыш  төрағасы – Қ.  Жұбанов, 
мүшелері  Б.К.  Асфендияров,  Г.К.  Бірімжанов  т.б.  болған. 
Алғашқы  ұйымдасқан  күннен  бастап  бұл  комиссия  қазақ 
тілінің  терминологиялық  жүйесін  жасау,  қалыптастыру 
жұмыстарымен айналысты. 

337
Сол  мақсатпен 1935 жылы  мəдени  құрылыс  қай-
раткерлерінің Бүкілқазақстандық І съезі ашылар қарсаңында 
Мемлекеттік терминологиялық комиссиясы «Бюллетенінің» 
төрт  саны  жарық  көрді. «Бюллетеньнің»  бұл  сандарын-
да  алдағы  зерттеу  жұмыстарына  бағыт-бағдар  сілтейтін 
материалдар  жарияланды. «Бюллетеньнің» 1935 жылы 
небəрі  төрт-ақ  саны  шығып  үлгерсе  де,  терминология 
мəселесін  үлкен  əлеуметтік  дəрежеге  көтеріп  тастады. 
Сонда  «Бюллетеньнің»  төрт  санында 17 ғылыми  мақала 
жарияланған. Термин мəселесінің өзіне 7-8 мақала арналған, 
ал  қалғаны  орфография  мен  алфавитті  əңгіме  етеді. 
«Бюллетеньнің»  алғашқы  санында  Қ.  Жұбановтың  «Қазақ 
əдебиет  тілінің  терминдері  туралы» («Термины  казахского 
литературного языка») деген атпен мақала екі тілде берілсе, 
«К  пересмотру  казахской  орфографий»  мақаласы  орысша 
берілді. «Қосар ма, дара ма?», «Қазақ емлесі мен əліппесіне 
кіргізілетін  өзгерістердің  жобасы»  атты  мақалалары 
жарияланған болатын. 
Ал  екінші  санында  «Физика  терминдері  жайынан», 
«Математика  терминдері  жөнінде»  атты  мақалаларымен 
қоса  тағы  екі  ғалым  екі  тілде  «Терминдердің  спецификасы 
жөнінде» («О  специфике  слов-терминов»), «Қазақ  тілі  ор-
фографиясы  мен  алфавитіндегі  өзгерістер  жөнінде  жоба» 
(«Проект изменений орфографий и алфавита казахского язы-
ка») деген мақалалары басылған. Қарап отырсақ, Қ. Жұбанов 
сол кездің өзінде-ақ кезеңнің тілек-талабына сай мұқтажын 
өтейтін мəселелерді əлеумет талқысына салып, көпшілік на-
зарына аудара білген. 
Қазақ  филологиясының  тұңғыш  профессоры  Қ.  Жұба-
нов – тіл  білімінің  əр  алуан  саласына  өзіндік  із  қалдырған 
ғұлама.  Өз  кезінде  профессор  А.  Ысқақов  атап  өткендей, 
«Қ.  Жұбанұлы  тіл  білімінің  барлық  салаларымен  де  шұ-
ғылданған; қазақ тіл білімінің ол араласпаған, я қатыспаған бір 
де бір қалтарысы қалмаған деуге болады. Өйткені оның ғылыми 
мұрасынан  қолды  болмай  аман  сақталып,  бізге  дейін  келіп 

338
жеткен еңбектерінің өзін барласақ, олар қазақ тілінің фонети-
касын да, грамматикасын да, қазақ тілінің тарихын да, қазақ 
жазуы,  оның  емлесі,  терминологиясы – бəрі-бəрін  қам-
тиды». 
Қазақ  ғалымдарының  ішінен  термин  сөздің  тұңғыш  рет 
ғылыми анықтамасын жасаған Құдайберген Жұбанұлы бола-
тын. «Бұдан жарты ғасыр бұран профессор Қ. Жұбановтың 
терминдерге қойған талаптары, берген анықтамалары кейінгі 
кездегі  көрнекті  тіл  мамандарының  айтқан  пікірлерінен 
алшақ емес». 
Тұңғыш профессор Қ. Жұбановтың да қазақ терминоло-
гиясын  қалыптастырудағы  орны  бөлек.  Ол  терминжасам-
ның  ғылыми  принциптерін  алғаш  түзген  жан. «Осының 
негізінде  бұдан  былай  қарай  термин  жасау  ісі  белгілі  бір 
ғылыми жүйеге, тіл заңдылығына сəйкес қабылданған прин-
циптер негізінде жүргізілетін болды. Яғни, термин жасаудың 
ортақ  принципі  түзіліп,  оның  басқа  маңызды  мəселелері 
шешім тапты». 
Қазақ  тіл  білімінің  негізін  қалаған  А.  Байтұрсынұлы 
мен  Қ.  Жұбанұлы  жайындағы  бір  пайымдауында  академик 
Ə.  Қайдаров  былай  дейді: «ХХ  ғасырдың  бір  ширегінде, 
ескі  мен  жаңаның  жанталасқан  қарбалас  кезеңінде,  қазақ 
халқының  маңдайына  Үркердей  шоғырланған  бір  топ 
ғұлама-ғалымдардың  арасында  ерекше  көзге  түскендердің 
бірі – профессор Құдайберген Жұбанов еді. Енді міне, қалың 
жұртшылық өлгені тіріліп, өшкені жанып, сол абзал азама-
тымен  қайтадан  қауышып  жатыр.  Ел-жұртымен  алдыңғы 
қарлығаш  жүз  көріскен  профессор  Қ.  Жұбанұлы  есімі 
еді.  Сол  ағалардың  қоғамдағы  орнын  анықтауда  маңызды 
қоғамдық  ой-талғамды  қажет  етеді.  Филология  саласын-
да осыған орай сөз болатын екі арыс: Ахмет Байтұрсынов, 
Құдайберген Жұбанов! 
Бұлардың  айырмашылығы  неде  десе,  мен: «Айырмашы-
лық  өмір  сүрген  уақытта,  ағарту  ісіне,  тіл  біліміне  қосқан 
үлесі мен шешкен шешімі мен проблемаларында; əр ғалымның 

339
өзіне тəн қайталанбас тамаша ерекшеліктерінде!» дер едім. 
Біз  бұл  ғалымдардың  екеуін  де  қазақ  тілінің  іргетасын 
қалаушылар  деп  айтуға  қақылымыз.  Бірақ  Қ.  Жұбанұлы 
басқалардан  ерекше  қазақ  тіл  білімінің  ғылыми  негізін 
қалаушы деп аталуға тиісті». Осыған байланысты қазақ тіл 
білімінің ғылыми негізін салушы Қ.Жұбанов қолданған пəн 
сөздерге  тоқталуға  болады.  Кіріккен  сөз,  қиюлы  сөз,  қосар 
сөздер, хабар сазды сөйлем, хабарлы сөйлем, қиюлы кіріккен 
сөздер, əріп қиюлылар, аралас қиюлылар, сонар дыбыстар, 
үнсіз дауыссыздар, үнді дауыстылар, ерін қамаулысы, ерін 
дауыстылары,  езу  дауыстылар,  ауыз  жолды  дауыссыз, 
еріндік, езулік, ашық буын, жалаң ашық буын, жеңіл тұйық 
буын, ауыр тұйық буын, жеңіл бітеу буын, ауыр бітеу буын, 
сөз сазы, толық дауысты, келте дауысты, қосынды дауыс-
ты, тура жолды сонарлар, үздіксіз жуысыңқы, ерін дауыс-
сызы,  мұрын  жолды  айналма  сонар,  көмей  дауыссыздары, 
сыбыр  дыбыс,  сыбыс  быдыс,  тіл  дауыссызы,  үнді,  үнсіз, 
үздікті,  үздіксіз  дауыссыздар,  жабысыңқы,  жуысыңқы, 
тура жолды, мұрын жолды, жалаң буын. 
Төл  пəн  сөздерді  қалыптастыруда,  Ахаң  жолын  жалғас-
тырған Қ. Жұбанов атау сөздерді, ғылыми ұғымдарды, дəл-
дік пен нақтылық талаптарын өте мұқият ескеріп отырған. 
Алла қазаққа рухани əлемімізді асқақтатар асыл азаматтар 
беруден  тарынбаған.  Сондай  дарынды  азаматтарымыздың 
бірі – ақын Мағжан Жұмабаев. Ол тіл байлығымыздың үлкен 
бір саласы – терминологияға да өз үлесін қосты. М. Жұма-
баев – «Педагогика»  атты  оқулықтың  авторы. «Педаго-
гика» (баланы  тəрбие  қылу  құралы)  атты  əрі  оқулық,  əрі 
методикалық  сипаты  бар  кітабы 1922 жылы  Орынборда, 
1923  жылы  Ташкентте  басылып  шыққан.  Ағартушының 
өз  сөзіне  жүгінсек, «Кітапты  бір  орыс  кітабынан  тура 
тəржіма деуге болмайды. Алдына бір кітапты жайып қойып, 
бұрылмастан  көшіре  бергенім  жоқ.  Тəрбие  ғалымдарының 
пікірлерін тыңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ 
жанын қабыстыруға тырыстым (Көп пайдаланылғаны – Ру-

340
бинштейин,  Сиворцов,  Смирновтардың  педагогика  туралы 
еңбектері). Бізде бұрын жасалған пəн тілі болмағандықтан, 
түрлі терминдерге тап басқандай қазақша сөз табу көп күшке 
тиді. Қалайда, курстарда оқыған мұғалімдердің жəрдемімен 
таза орыс сөздері қазақшаға айналдырылды. Ал енді жиһан 
тілі болып кеткен шет сөздерді қазақшаға аударам деп азап-
тануды  тиімді  деп  таппадым».  М.  Жұмабаев  еңбегінде 
педагогикаға жəрдемші сөздер екіге бөліп қарастырылған. 
Бірінші, дене туралы пəндерге анатомия, физиология, ги-
гиена  пəндерін  жатқызып,  атау  сөздерін  (терминдерін)  сол 
күйінше аудармай алған да, анықтамасын дəл берген. 
Анатомия.  Адам  құрылысын  баяндайды  (денеде  қандай 
мүшелер бар, жаратылысы қандай). 
Физиология.  Адам  денесінде  болатын  көріністерді  баян-
дайды (қан жүру, демалу сықылды). 
Гигиена. Саулықты сақтау пəні. 
Гимнастика. Саулықты бекіту үшін түрлі дене қозғалысы 
туралы пəн. 
Екінші, жан туралы пəндерге психология, логика мен эти-
каны жатқызған. 
Психология.  Адам  жанын,  жан  тұрмысын,  жан  көрініс-
терін, жан күштерін, ақыл, қайратын, көңілдің жанын баян-
дайтын пəн. 
Логика. Дұрыс ойлау жолдарын көрсететін пəн.
Этика.  Құлық  туралы  пəн  деп  анықтамасы  нақты  да 
дəлелді берілген. Негізгі еңбек он бес бөлімнен тұрады: 
Сөз алды
1. Жинағы.
2. Жетекші сөз.
3. Жалпы педагогика.
4. Дене тəрбиесі.
5. Əсерленуді бөлу.
6. Абай.
7. Суреттеу.
8. Ес.

341
9. Қиял.
10. Ойлау.
11. Тіл.
12. Қайрат.
13. Баланың жалпы жаратылысы.
Ғалым белгілі бір ғылыми ұғымдардың қазақша балама-
сын  алғанда  оның  сол  ұғымды  дəл  беруін,  сондай-ақ  келе-
шекте сол терминдердің қазақ тілінде алатын тұрақты орны 
қандай болмақ деген сияқты мəселелерге көңіл аударғанын 
көреміз. Құлықтылық – нравственность, сұлулық – прекрас-
ное, жылулық – температура, елес – иллюзия т.б.
Əсерлену  ұғымы.  Нерв  системасы  алып  келген  əсерді 
жанның  ұғуы,  аңдуы,  əсерлену  деп  аталады.  Мысалы: 
Жан  алдымен  білімді  осы  əсерлену  арқылы  алады.  Абай 
дегеніміз сыртқы дүниедегі бір затқа, яки ішіміздегі бір жан 
көрінісімізге – ойға,  ішкі  сезімге,  қайратқа  жанның  төнуі, 
нүктеленуі  деген  сөз.  Мысалы:  Абай  болмаса,  біз  сыртқы 
заттардан  əсер  алып,  олармен  таныса  алмаймыз.  Еріксіз 
абай. Біз тілемеген уақытта, яки тілегімізге қарсы бір нəрсе 
біздің  абайымызды  еріксіз  тартса,  міне  осындай  уақытта 
абай  еріксіз  абай  деп  аталады.  Ал  енді,  біз  өзіміз  тілеп, 
бір  нəрсеге  абайымызды  өзіміз  аударсақ,  міне,  осындай 
уақытта болатын абай ерікті абай деп аталады. Келтірілген 
мысалдарға  қарап  отырып  Мағжан  Жұмабаевтың «... Пəн 
тілі  ең  əуелі  қазақ  халқының  сөзінен  ізделінсін»  деген 
ұстанымға сүйенгенін байқаймыз. Мағжан кітабының Орын-
борда  шыққан  нұсқасында  М.  Жолдыбаевтың  қазаққа  «Пе-
дагогика кітабы қажетті білімді салқынқанды, қасаң тілмен 
жеткізетін  əлдебір  оқулықтардай  емес-ті»  десе, «Ғылыми 
тіл – абстрактілі,  Мағжанша  айтқанда,  жалаңаш  тіл.  Əрбір 
пайымдауының  астарынан  автордың  мінезін  біле  алмай-
мыз. Ал мына кітаптан ақын жүрегінің дүрсілі құлаққа анық 
жетеді» деп білдіреді өз пікірін Шериаздан Елеукенов.
Мағжан  Жұмабаевтың  дене  тəрбиесі,  ақыл  тəрбиесі, 
сұлулық  тəрбиесі,  құлық  тəрбиесі,  жан  көріністері,  сезім 

342
мүшелері, бақылау, елес, ұлт тəрбиесі, əсерлену, жылулық, 
қан  жүру,  еріксіз  қиял,  ерікті  қиял,  ұғым,  ойлау,  қайрат, 
əдет, құмарлық, мінез, көру, суреттеу, қиял т.б. терминдері 
осы күні қолданылуда. 
Ал  осындай  дарынды  тұлғалардың  бірі  Жүсіпбек  Ай-
мауытов  сол  кезде  психология  саласынан  еңбек  жазған 
еді.  Талай  терминдерімізді  қазақша  сөйлете  алатынымыз-
ды  сөзжасамның  хас  шеберлері  əлдеқашан-ақ  дəлелдеген. 
Психология  саласында  əсіресе  Жүсіпбек  Аймауытовтың 
тəжірибесін  жинақтап,  кеңінен  қолдану  лəзім.  Тілінің  əсем 
əуеніндей төгілетінін айтпағанның өзінде, бір ғана «Психо-
логия  мен  өнер  таңдау»  деген  еңбегінде 150-ге    жуық  тер-
мин қолданылып, соның он шақтысының ғана латынша атау-
ларын  жақша  ішінде  келтіргені  еріксіз  таңдай  қақтырады. 
Мысалы:  құмартпалы  (страстный),  аяныш  жанды  (сенти-
ментальный),  күйгелек  (нервный),  бірыңғай  (монотонный), 
қадалмалы (дотошный). 
Тіліміз үшін қажет, бірақ дəл баламасы жоқ психология 
терминдері түсіндіруінде сөз шеберінің қалдырған мұрасын 
кеңінен  қолданудамыз,  тіптен  осылай  іркіліссіз  аударуды 
үйренуіміз  керек.  Жан  тамыршысы  (психология),  ыстық 
қанды  (сангвиник),  салқын  қанды  (флегматик),  қызбалы 
(холерик),  кейін  тартпа  (реакционный),  ескі  пікірлі  (кон-
сервативный),  үмітшіл  (оптимист),  көпшілдік  (альтуризм), 
мұратшылдық (идеализм) т.б.  
Өзіміз  қозғап  отырған  кезеңде  жарық  көрген  еңбектері-
нің  бірі – «Өсімдіктану».  Тұңғыш  биолог-ғалым  Жұмақан 
Күдерин  бұл  оқулықты 1927 жылы  Москвадан  басып 
шығарды.  Ж.  Күдериннің  «Өсімдіктану»  еңбегінде 300-ге 
жуық  қазақ  тілінде  жасалған  өсімдік  атаулары  кездеседі. 
Оқулықтың алғы сөзінде жазған биолог-ғалым Қабділрашит 
Қайым кітаптың ғалымдар мен мұғалімдердің іс жүзінде кең 
пайдаланып,  жетекші  құрал  етуіне  таптырмайтын  қомақты 
еңбек  екенін  айта  келіп,  биология  ғылымының  докторы 
Ғ.З. Бияшев пен А. Алманиязовтың пікірлерін келтіреді. Онда 
«Биолог-ғалым Ж. Күдериннің «Өсімдіктану» кітабы қазір-

343
дің  өзінде  маңызын  жоғалтқан  жоқ.  Ол  əлі  де  болса  қазақ 
арасында  өсімдік  өмірі  жөнінде  ғылыми  білімді  таратудың 
өте құнды құралы болып табылады» делінген. 
Бір ғажабы, қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтарда қаймағы 
бұзылмаған ана тіліміздің байлығы термин жасауда ұтымды 
пайдаланылған. 
Кезінде  ұлт  тілінде  термин  жасаған  ұлт  зиялыларының 
тілді  жақсы  білумен  қатар,  осы  тілдің  заңдылықтары  мен 
сөзжасам  тəсілдерінен  хабары  мол  болғанын  байқауға  бо-
лады. Оған А. Байтұрсынұлының, Е. Омарұлының, Н. Төре-
құлұлының, М. Жұмабайұлының, Ж. Аймауытұлының, Ха-
лел Досмұхамедұлының, Ж. Күдериннің, С. Қожанұлының, 
Т.  Шонанұлының  т.б.  өткен  ғасыр  басындағы  қазақтың 
тілінің  қалыптасуына  атсалысқан  алаш  азаматтарының  жа-
саған терминдері мен жазған еңбектері дəлел бола алады. 
Қазіргі  кездегі  терминологиялық  лексиканың  жасалуы 
мен  қолданылуы,  қалыптасуы  мен  дамуы,  сонау 1920-30 
жылдары А. Байтұрсынұлы бастаған қазақша терминжасам 
үлгілерінің,  принциптерінің,  қағидаларының  жалғасы  деп 
айтуға болады. 
1920–1930  жылдары  шет  сөздерге  ана  тілінен  балама 
табуға  ұмтылу  əрекеті  басым  болғанын  сол  кезеңдерді  са-
лыстыру, зерттеу арқылы көз жеткізіп отырмыз. Бұл кезеңде 
дəуір  зиялыларының  ұлт  тіліне  баса  назар  аударуы  қазақ 
тілінің мəртебесін жоғарылатты. Мұндай сөз тасқыны қазақ 
тілінің  тарихында  бірнеше  дүркін  болған  болса,  бұл  күнде 
халқымыз  тіл,  термин  мəселелерінен  қиналмайтын  еді. 
Олай дейтініміз ұлт тіліне деген жаңаша көзқарастың сипат 
алуына,  тілдің  төл  қоры  арқылы  жаңа  атау,  терминдер  жа-
сау,  қайта  құрау  процесінде  олардың  қазақыланған  атаула-
рын  жасауда,  тілдің  төл  мүмкіншіліктерін  іздестіруде 1920 
жылдарда  тілімізде  пайда  болған  терминдеріміздің  өзіндік 
ерекшеліктерін зерттеудің маңызы ерекше. Бұл кезеңді тер-
мин  дамуының  өз  алдына  бір  дəуірі,  үлкен  тарихи  кезеңі 
деп  қарау  орынды.  Өйткені,  ол  бүгінгі  таңдағы  білім  тер-
миндерін жүйелеуде негізгі нысана болмақ. 

344
«Пəн тілі ең əуелі қазақ халқының сөзінен ізделінсін» де-
ген ұстанымға сүйенген кезеңнің тəжірибесі бүгінгі терми-
нологияны ана тілінде дамыту үрдісіндегі негізгі тірек болуы 
тиіс. Соңғы тұста жарық көріп, кейін қалыс қалған атаулар 
өте көп. Ал оларды қайта жаңғырту, сол дəуір зиялыларының 
термин  жасау  шығармашылығындағы  əдіс-тəсілдерін  зерт-
теу  бүгінгі  тіл  мамандарының  міндеті.  Олай  болса, «Ескі 
сөз – жаңа сөздің түп қазығы» дегендей, 1920–30 жылдарда 
білім саласындағы терминдерге назар аударып, əдеби тілдің 
кəдесіне  жарайтын  баламаларды  актив  сөз  қатарына  қосу 
керек. 
Қорыта  айтқанда,  жат  сөздердің  орнына  жұртшылық 
жылы  қабылдайтын,  болашағы  зор  жаңа  қазақша  балама 
қалыптастыру, оның заңдылықтарын ашу, оған үн қосу – бір 
адамның емес, бəріміздің міндетіміз. Ол үшін қазақ тілінің 
сөз байлығы, көне замандардан келе жатқан байырғы сөздік 
қорын жан-жақты пайдалануымыз қажет. 
Өткеннен  сабақ  алмаған  өнер  де,  білім  де  алға  басып 
өркендемек емес. Олай болса А. Байтұрсынұлы, Х. Досмұ-
хамедұлы,  М.  Жұмабаев,  Ж.  Аймауытов,  Қ.  Жұбанов  т.б. 
тəрізді  біртуар  асыл  азаматтардың  педагогикалық  еңбекте-
рін  қайта  қарап,  қайта  енгізу  бүгінгі  ұстаздар  міндеті.  Ал 
1920–30  жылдардағы  термин  жасау  тəжірибесін  зерттеу – 
қазіргі  терминологияның  сан  салалы  сауалдарына  үлесін 
қосар бірден-бір дұрыс нысана. 
Сөз  соңында  Ə.  Кекілбаевтың  мына  сөзіне  назар  аудар-
ғанды  жөн  көрдік: «Арғы-бергідегі  арманда  кеткен  баба 
буынның, бүгін ортамызда жүрген аға буынның халқымыз-
дың  осы  күнге  дейін  аман  жетіп,  өніп,  өрбуіне,  өсіп-
өркендеуіне қосқан қай үлесін де əділ бағалап, олар салған 
игі дəстүрлерді жемісті жалғастырып, жеткен жетістіктерді 
одан  əрі  дамытып,  жете  алмай  кеткен  жеңістеріне  батыл 
құлаш  сермеп,  шеккен  тауқыметтерінен  тиісті  қорытынды 
шығарып,  алға  жылжуымызға  септігі  тиер  шарапатты  та-
ғылым ала білсек қана, аузымызға алалық, ісімізге шалалық 
кірмесі даусыз». 
Бұл мақаланың да көздеп отырған негізгі мақсаты осы. 

345

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет