Термометр: термометрдің құрылымы, зарарсыздандыру, сақтау



бет3/12
Дата21.05.2023
өлшемі1,05 Mb.
#95643
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
стандарт (9)

Қызба сырқаттың күтімі.
Қызба дегеніміз дене қызуының көтерілуі.Жылу реттегіш және патогенді тітіркендіргіштердің әсеріне жауап ретінде пайда болады.
Қызбаның барысында үш незігі кезең болады оны мейірбике жақсы білуі тиіс, себебі бұл кезде оның мінез-құлқының өз ерекшеліктері болады.
Бірінші кезең дене қызуының көтеріле бастау кезеңі.
Белгілері: Науқастың денесі тітіркенеді,түршігеді, терісі құс еттенеді, еріні көгеріп, аяқ- қолы жансызданып,тоңады, басы ауырып, әлсірейді, көңіл күйі нашарлайды.
Көрсетілетін көмек: Сырқат аяғына жылытқыш қою, қою тәтті шәй беру, қымтап жабу, желорай болдырмау, сырқаттың барлық физиологиялық қызмет атқаруын мұқият қадағалау
Екінші кезең- қызудың өте жоғары көтерілуі- ол улану күйінің күшеюі
Белгілері: А узынан ыстық леп шығады, шөлдейді, ерні кеберсіп, жарылады, қатты әлсізденіп, денесі, аяқ- қолы сырқырап ауырады, дщене қызуы тым жоғарлағанда сандырақтап(бред),елес(галлюцинация) болуы мүмкін.
Көрсетілетін көмек: жедел дәрігерді шақырту, бұл кезенде сырқатты жалғыз қалдыру өте қауіпті. Ол төсегінен атып тұрып, құлап түсуі, терезеден қарғып кетуі т.б мүмкін. Сырқатқа жеке күзет орнату.Үнемі бақылауда ұстау қажет.
Шешіндіріп, үстіне жеңіл жайма жабу, басына, күре тамырлар өтетін тұсына салқын компресс (2 ас қасық сірке қышқылы 0,5л су) , бас тұсына мұзды мұйық іліп қою, көп мөлшерде сұйықтық беру (морс, жеміс шырыны, кепкен жеміс сусындары, шәй), жалпы жағдайын қадағалау. Күре тамырының соғуын (пульс), қан қысымын бақылау, 5-6 рет шағындап қоймалжың, тез сіңетін, каллориясы жоғары, дәруменді тағам беру.
Ауыз қуысының күтімін жасау, ерні жарылған жағдайда май жағу, дәрігердің белгілеулерін орындап, негізгі ауруын емдеу.
Үшінші кезең- қызбаның төмендеу кезеңі. Ол екі түрге бөлінеді. Кризистік және лизистік.
Кризистік- дене температурасының күрт төмендеуі- жоғарыдан төмен өте тез (40-тан 36°Сқа дейін) түсуі .Шұғыл шаралар жүргізуді талап етеді. Бұл қан тамыры тонусының кенет төмендеуінен, қан қысымының азаюынан, тамырдың нашар соғуы салдарынан болады.
Белгілері:

  1. Қызудың кенеттен төмендеуі тердің шамадан тыс бөлініп, организмнің әлсіреуіне соқтырады, аяқ-қолдары суйды, еріндері көгереді.

Көрсетілетін көмек:

  1. Д әрігерді шақыру оның белгілеулері бойынша күре тамыр қысымын көтеретін дәрілер егу (кофеин, мезатон1%)

  2. Сырқаттың аяқ- қолына жылытқыш қойып, қымтап жабу

  3. Ыстық шай немесе кофе беру.

  4. Көп терлеуіне байланысты сырқатты құрғата сүртеді, іш киімдерін ауыстырады, төсек жаймаларын ауыстыру.

Лизистік- дене қызуының біртіндеп төмендеуі
Белгілері:Тері шып- шып терлейді, әлсірейді, науқас қызуы төмендеген соң ұйықтап кетеді
Көрсетілетін көмек:Оятуға болмайды, ұйқы күшті қалпына келтіреді, қызба кезінде науқасқа терісіне ерекше күтім қажет, ойылудың алдын алу шараларын жасау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет