Теруге: Редактор Д. Ақышев


Қазақстан Республикасының валюталық жəне банктік заңнама нормаларын бұзғаны



жүктеу 0.73 Mb.
Pdf просмотр
бет3/7
Дата06.03.2017
өлшемі0.73 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Қазақстан Республикасының валюталық жəне банктік заңнама нормаларын бұзғаны 

үшін əкімшілік жауапкершілік 

 

Белобородова О.Э., «ҚР Ұлттық Банкі» ММ Маңғыстау филиалы валюталық 



операцияларды бақылау бөлімінің бастығы 

 

 



 Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  жəне  оның  аумақтық  филиалдары 

валюталық  реттеу  мен  бақылаудың  негізгі  органы  бола  отырып,  Қазақстан 

Республикасының  аумағында  валюталық  операцияларды  жүзеге  асыратын  ҚР-ның 

резидент  заңды  жəне  жеке  тұлғалардың,  сондай-ақ  резидент  еместердің  валюталық 

заңнаманы  сақтауын  бақылайды.  Жоғарыда  көрсетілген  тұлғалар  қолданылып  жүрген 

валюталық  заңнаманы  бұзған  жағдайда  Қазақстан  Республикасының  Əкімшілік  құқық 

бұзушылық туралы кодексіне сəйкес əкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

 

ҚР  Ұлттық  Банкінің  филиалы  туралы  ережеге  сəйкес  филиалға  əкімшілік  құқық 



бұзушылық  туралы  хаттамалар  жасау,  оларды  Ұлттық  Банктің  не  аумақтық  филиалдың 

уəкілетті  лауазымды  тұлғасына  немесе  сотқа  қарауға  жіберу  жəне  əкімшілік  құқық 

бұзушылық  туралы  істерді  қозғауға  жəне  қарауға  байланысты  өзге  функцияларды  орындау 

құқықтары берілген. 

Осы мақалада «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» мемлекеттік мекемесінің 

Маңғыстау филиалының резиденттерді Қазақстан Республикасының валюталық жəне банктік 

заңнамасын бұзғаны үшін əкімшілік жауапкершілікке тарту бөлігіндегі қызметін талдау жəне 

шолу келтірілген. 

 

Валюталық  операцияларды  бақылау  бөлімінің  мамандары  валюталық  заңнамаға 



сəйкес Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын 

ҚР-ның резидент заңды жəне жеке тұлғалардың, сондай-ақ резидент еместердің валюталық 

заңнаманы  сақтауы  үшін  валюталық  бақылау  органының  функциясын  жүзеге  асырады. 

Заңды  жəне  жеке  тұлғалар  жауапкершілігі  Əкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  кодексте 

көзделген  қолданыстағы  валюталық  заңнаманы  бұзған  жағдайда  əкімшілік  іс  қозғау  үшін 

бөлім мамандары əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды. 

 

Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  Маңғыстау  филиалының  уəкілетті 



лауазымды  тұлғалары 2008 жылы  əкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы 73 іс  қозғаған  жəне 

қараған, 2009 жылдың  бірінші  жартыжылдығында 32 іс  қараған.  Қазақстан 

Республикасының  Əкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  кодексінің  баптары  бойынша 

деректер төмендегі кестеде келтірілген: 

 

 

2008 жыл 2009 



жылғы 1 

жартыжылдық  

Баптың атауы 

ҚР ƏҚБК 

бабы 

Іс саны 

Салынған 

айыппұл 

сомасы (мың 

теңге) 

Іс саны 

Салынған 

айыппұл 

сомасы 

(мың теңге) 

Валюталық 

заңнамаға 

сəйкес 


талап 

етілетін 

валюталық 

операциялар 

бойынша 

есептілікті, 

ақпарат  пен  құжаттарды 

табыс ету тəртібін бұзу 

 

1-б, 180 



 

2-б, 180 

 

52  


 

 



 

 

882,3 



15 

 



 

 

 



1 045,7 

Валюталық 

операциялар 

туралы  хабарлау  куəлігін 

немесе 

валюталық 



1-б, 182  

 

 



 

 



 

 

 



 

 



 

 

 



 

операцияларды 

жасауға 

тіркеу  куəлігін  алу  үшін 

құжаттарды  беру  мерзімін 

бұзу


  

2-б, 182  

 

1  


246,2 

1  


254,6 

Валюталық заңнаманы бұза 

отырып, 

валюталық 

операцияларды жүргізу

 

188 2    - 



 

 

 



Статистикалық есептілікті 

ұсыну тəртібін бұзу 

 

1-б, 381 



2-б, 381 

 



 

 



11,7 

 



 

Барлығы 

 

 

73 



 

1 140,2 

32 

1 300,3 

 

 



Бұзушылық  фактілердің  жəне,  тиісінше,  əкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы 

қозғалған  жəне  қаралған  істер  санының  азаюы  Қазақстан  Республикасының  валюталық 

заңнамасының  өзгеруіне,  сондай-ақ  құқықтық  жауапкершіліктің  артуына  байланысты. 

Қазақстан Республикасында валюталық режимді ырықтандыру, Қазақстан Республикасында 

экспорт-импорт  валюта  бақылауын  жүзеге  асыру  тəртібін  реттейтін  нормативтік  құқықтық 

актілерді жетілдіру, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-

импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы 

№ 86 қаулысына  толықтырулар  мен  өзгерістердің  енгізілуі  жəне  бекітілуі  валюталық 

операцияларды жүргізу тəртібін жеңілдетті, экспорт-импорт мəмілелері бойынша валютаны 

репатриациялау  бойынша  талаптар  өзгерді,  олар  қазіргі  уақытта  резиденттің  экспорттан 

түсімді  немесе  импорт  бойынша  пайдаланылмаған  авансты  мəміле  талаптарында  көзделген 

мерзімде уəкілетті банктердегі шоттарға есептеу міндеттемесін болжайды. 

 

 

Кəсіпорындардың  валюталық  заңнама  саласында  əкімшілік  құқық  бұзушылық 



жасауын  болдырмау  жəне  мемлекеттік  статистикалық  есептілік  ұсыну  мақсатында 

Ұлттық  Банк  филиалының  мамандары  сыртқы  экономикалық  қызметтің  əрбір 

қатысушысымен  валюталық  заңнама  нормаларын  түсіндіру  бойынша  жеке  жұмыс 

жүргізеді,  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  валюталық  заңнаманың  барлық  өзгерістері 

жəне  оны  бұзғандығы  үшін  əкімшілік  жауапкершілік  туралы  ақпарат  тұрақты  түрде 

жарияланып тұрады. 

 

Дағдарыс эволюция элементі ретінде 

 

Айгүл Ибраева, «ҚР Ұлттық Банкі» ММ Атырау филиалының валюталық операцияларды 



бақылау бөлімінің бастығы 

 

Банк  жүйесі  нарықтық  экономиканың  басты  тірегі  бола  отырып,  тұтастай 



алғанда қоғамның қызметіне жан-жақты ықпал етеді. Ол ақша капиталының қайта бөліну 

тетігін  қамтамасыз  етеді  жəне  елдің  шаруашылық  жүйесінің  есеп  айырысу-төлем 

құралының негізгі буыны болып табылады. 

 

Əлемдік  өтімділік  дағдарысы  отандық  банктердің  сыртқы  қаржы  ресурстарын  тарту 



мүмкіндіктерін  төмендетті,  бұл  ішкі  экономиканы  кредиттеу  көлемдерінің  қысқаруына 

ықпал етті. Əдеттегідей, жекелеген кредиттік бағдарламалар жабылып, пайыздық ставкалар 

(оның  ішінде  бұрын  берілген  кредиттер  бойынша  да)  өсіп,  кредиттерді  беру  талаптары 

қатаңдатылды. Нəтижесінде, екінші деңгейдегі банктердің (бұдан əрі – банктер) экономикаға 

қарыздарының көлемі айтарлықтай қысқарды, ел экономикасының даму қарқыны бəсеңдеді, 

іскерлік белсенділіктің құлдырауы орын алды. 

2009  жылғы 1 қазандағы  жағдай  бойынша  банктердің  филиалдары  облыстың  жеке 

жəне  заңды  тұлғаларына  өткен  жылдың  қаңтар-қыркүйегіне  қарағанда 50,7%-ға  төмен 

заемдар  берді.  Банктердің  филиалдары  бөлшек  секторда  беретін  кредиттері  көлемдерінің 

қысқаруы  жеке  тұлғалардың  несиелері  үлесінің 2008 жылғы  деңгеймен  салыстырғанда 

40,4%-ға  төмендеуіне  ықпал  етті.  Кəсіпорындарды  кредиттеу  көлемі 2008 жылғы  қаңтар-

қыркүйекке қатысты 54,0%-ға төмендеді.  

Орын  алып  жатқан  қаржылық  қатынастардың  кемшіліктерін  көрсеткен  əлемдік 

қаржылық-экономикалық  дағдарыс  қаржы  секторының  тұрақтылығын  арттыруға,  оның 

ішінде  елдің  қаржы  секторына  деген  сенімді  нығайтуға  бірінші  кезектегі  күш-жігерді 

бағыттауға ықпал етті. 

Сыртқы  нарықтарға  кіруді  қысқарту  жағдайларында  банктердің  ресурстық  базасын 

толықтырудың  маңызды  көздерінің  бірі  халықтың  жəне  кəсіпорындардың  депозиттерінің 

өсуі  болды.  Осыған  байланысты  банктер  өздерінің  депозиттік  саясатын  қайта  қарап,  соның 

ішінде  тартылатын  депозиттер  бойынша  ставкаларды  көтерді.  Сонымен  қатар,  банк 

секторына  деген  сенімді  арттыру  мақсатында  мемлекет  екінші  деңгейдегі  банктердегі 

депозиттерге  кепілдік  беру  сомасын 5 миллион  теңгеге  дейін  ұлғайтты.  Бұл  ретте  Ұлттық 

Банк  Қазақстанның  депозиттерге  кепілдік  беру  қорының  жарғылық  капиталын 30 млрд. 

теңгеден 100 млрд. теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады. 

Бұл  шаралар,  сөзсіз,  депозиттердің  өсу  динамикасында  оң  үрдістердің  туындауына 

əсер  етті.  Мəселен, 2009 жылғы 1 қазандағы  жағдай  бойынша,  облыс  банктерінің 

филиалдарындағы  салымдар 49,0 млрд.  теңгені  құрады, 2008 жылғы  деңгейге  қатысты  өсу 

2,5 есе болды. Сонымен бірге 2009 жылғы тоғыз айда облыс банктерінің филиалдары өткен 

жылдың қаңтар-қыркүйегіне қарағанда 50,8%-ға төмен (281,9 млрд. теңгеге) қаражат тартты. 

Депозиттерге ақша салуда заңды тұлғалар көшбасшы орында тұр, олардың тартылған 

салымдардың  жалпы  көлеміндегі  үлес  салмағы 79,1% болды.  Барлық  тартылған 

депозиттердің 20,9%-ы  халықтың  үлесіне  тиесілі.  Аймақ  банктерінің  филиалдарындағы 

шоттарда  халық  салымдары  көлемдерінің  ұлғаю  үрдісі  байқалатынын  атап  өткен  маңызды. 

Мысалы, өткен жылдың тоғыз айындағы деректермен салыстырғанда, ағымдағы жылы жеке 

тұлғалардың салымдары 

15,0% өсті.

 

Кез келген тəуелсіз мемлекет үшін ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз 



ету  мəселелері  стратегиялық  мəнге  ие  жəне  əрқашан  өзекті  болады.  Орын  алған  өтімділік 

дағдарысы  жағдайларында  Қазақстанның  экономикалық  саясаты  жаһандық  дағдарыс 

салдарларының  елдегі  əлеуметтік-экономикалық  ахуалға  əсерін  жұмсартуға  бағытталған. 

Əлемдік дағдарыс жағдайларында да мемлекет үшін əлеуметтік аспект басым болды жəне əлі 

де басым болып қалуда. Елдің барлық əлеуметтік міндеттемелері өзгеріссіз орындалуда. 


 

2000  жылдың  аяғында  Қазақстанда  жинақтаушы  жəне  тұрақтандырушы  қаржылық 

функцияларды орындау үшін Ұлттық  қор құрылғанын атап өткен жөн. Қазіргі уақытта бұл 

қаражат  мемлекетке  экономиканың  дағдарыстан  барынша  зардап  шеккен  секторларына 

көмек көрсетуге мүмкіндік жасап отыр. 

2009 жылғы қыркүйекте Ұлттық қордың активтері өткен аймен салыстырғанда 2,6% 

ұлғайып, 23,8 млрд. АҚШ долл. құрады.  

2009  жылғы  қыркүйекте  тұтастай  алғанда  елдің  таза  халықаралық  резервтері  бір 

айдың ішінде 0,2% өсіп, 20,0 млрд. АҚШ долл. құрады. 

 

Шын мəнінде, дағдарыс - əлеуметтік эволюцияның ажырамас бөлігі жəне қоғамдық 



прогрестің  негізін  құрайтын  шарттарының  бірі.  Кез  келген  дағдарыстың,  ең  алдымен, 

экономика  үшін  кезекті  кезең  екендігін,  сыртқы  факторларға  тұрақтылыққа  сынау 

екендігін  жəне  одан  экономика  барынша  жұмылдырған  жəне  бəсекеге  қабілетті  болып 

шығатынын ұмытпаған жөн. 

 

Пластикалық карточкалар нарығының жетістіктері 

 

Мурзагалиева Г.А., «ҚР Ұлттық Банкі» ММ Маңғыстау филиалының экономикалық талдау 

жəне статистика бөлімінің жетекші маман экономисті 

 

Бүгінгі  таңда  нарықтық  экономикада  уақыт  талабына  сай,  сіз  бен  біздің 



жанымызда  ең  болмаса  бір  ғана  төлем  карточкасының  болғанының  өзі  кез-келген 

тығырықтан  шығып  кетуге  себепші  болары  анық.  Ендеше,  қ

азіргі  уақытта 



төлем 

карточкаларының маңыздылығы мен ерекшеліктеріне тоқтала кетейік. 

 

Экономикалық  тұрғыдан  алғанда  ең  болмаса  бір  төлем  карточкасы  жоқ,  белсенді 



азаматты таппайсың. Нарықтық экономикада төлем карточкаларының алатын орны ерекше. 

Төлем  карточкасы - электронды  терминалдар  немесе  өзге  де  құрылғылар  арқылы 

ақшаға  қол  жеткiзу  құралы.  Карточка  иесіне  кез-келген  төлемдердi  жүзеге  асыруға,  қолма-

қол  ақша  алуға,  валюта  айырбастауға  жəне  төлем  карточкасының  эмитентi  белгiлеген,  əрi 

соның  шарттары  бойынша  басқа  операцияларды  жүргiзуге  мүмкiндiк  беретiн  ақпарат 

құралы.  

Қазақстанның  тұрғындары  олардың  күнделікті  өміріне  сеніммен  кірген  төлем 

құралының осы түрінің ыңғайлы екендігін өткен он жылда ғана бағалай алды. 

Төлем карточкаларының нарығында қызмет көрсетудің үлкен ассортименті бар жəне 

түрлі  карточкалық  бағдарламалардың  елеулі  саны  ұсынылады.  Мəселен,  төлем 

карточкасының көмегімен дүкендер мен мейрамханаларда тауарлар мен қызмет көрсетулерге 

төлем  жасауға,  коммуналдық  қызмет  көрсету,  байланыс  қызметін,  салық  жəне  кеден 

төлемдерін  төлеуге,  кредиттерді  өтеуге,  карточкадан  карточкаға  ақша  аударуға,  интернет 

немесе  телефонды  пайдалану  арқылы  тауарларға  жəне  қызмет  көрсетуге  тапсырыс  беруге 

болады.  Пластик  карточкадағы  ақшаның  қолма-қол  ақшадан  айтарлықтай  бір  ерекшелігі 

шекарадан  өткен  кезде  ол  мəлімделмейді.  Егер  біреу  өзімен  бірге  карточканың  орнына 

қолма-қол  ақша  (ұлттық  немесе  шетел  валютасын)  алып  өтемін  десе,  онда  Қазақстан 

Республикасының «Валюталық реттеу жəне валюталық бақылау» заңына сəйкес, ол ақшаны 

доллармен баламасында он мыңға дейінгі шамада ғана декларациясыз алып өте алады. Одан 

жоғарғысының  бəрі  міндетті  кедендік  декларациялауға  жатады.  Пластик  карточканың 

пайдасы  бұл  жағдайда  айқын  көрінеді,  себебі  карточка – ақша  қаражаты  емес,  бұл  небəрі 

шотқа кіру құралы ғана. 

2009  жылдың 1 қыркүйегіндегі  жағдай  бойынша 20 банк  жəне  «Қазпочта»  АҚ 

нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. 

Екінші  деңгейлі  банктер  жергілікті  жүйе  төлем  карточкаларын: Altyn Card – 

«Қазақстанның Халықтық Банкі» АҚ жəне «АТФБанк» АҚ , SmartAlemCard – «БТА Банкі» 

АҚ, TemirCard – «БТА  Банкі»  АҚ  ЕҰ - «Темiрбанк»  АҚ, «Сити  банкі»  АҚ  жəне  «Цесна 

банкі»  АҚ  шығаруда.  Бұдан  басқа,  қазақстандық  банктер  келесідей  халықаралық  жүйе 

карточкаларын  шығарумен  жəне  таратумен  айналысуда: VISA International, Europay 

International, American Express International, China Union Pay жəне Diners Club International 

карточкаларын алуға болады. 

Облысымыздағы 2009 жылдың 1 қыкүйегіндегі жағдай бойынша банктердің шығарған 

төлем  карточкаларының  саны 354,1 мың  дана  құрап,  бұл  карточкаларды  ұстаушылардың 

саны – 311,2 мың  адам  болды (2008 жылдың  сəйкес  кезеңімен  салыстырғанда  бұл 

көрсеткіштер  сəйкесінше 15,9% жəне 17,1% артқан).  Төлем  карточкаларының  ішінде 

неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді.  

2009  жылдың  тамыз  айында  қазақстандық  эмитенттердің  төлем  карточкаларын 

қолдану  арқылы  жасалған  транзакцияларының  көлемі 16823,9 млн.  теңгені  құрады  (өсім 

2008  жылдың  тамыз  айымен  салыстырғанда 35,6%). 2009 жылдың  тамыз  айындағы 

транзакциялардың  саны 480,6 мың.  транзакция  құрап, 2008 жылдың  тамыз  айымен 

салыстырғанда 19,9%-ға өскен. Сондай-ақ, қолма-қол ақшасыз төлемдер санының (44,7 мың. 


 

транзакцияға)  дейін  немесе 55,8%-ға  қолма-қол  ақша  алуға  байланысты  операциялар 

санының өсуімен жəне 2 есеге (3020,5 млн. теңге) ал қолма-қол ақша алу операциялары 17,1 

%-ға (435,9 мың транзакция) жəне 25,8 %-ға (13803,4 млн. теңге) сəйкес келеді. 

Төлем карточкаларын кең көлемде пайдалану облысымыздағы жəне еліміздегі қолма-

қол  ақшасыз  төлем  құралы  ретінде  пайдаланылып,  ақша  айналымының  дамуына  оң  ықпал 

етеді. 

 Дегенмен,  халықтың  күнделікті  қажеттіліктерінде,  техникалық  прогресс 



жетістіктеріне  тез  бейімделу  əдетінің  шамалы  екендігін  айтпай  кетуге  де  болмайды. 

Мəселе техникада емес, ұлттық психологияның ерекшелігі мен заман талабына сай білімнің 

тапшылығында. 

Қарапайым 

тұрғындардың 

арасында 

төлем 

карточкаларының 

мүмкіндіктерін  толықтай  түсінгендері  аз.  Бұл  орайда  банк  қызметкерлері  тарапынан 

төлем  карточкасының  тиімділігі  мен  артықшылығын  көрсету  жолында  жұмыстар 

жандана  түсуі  керек.  Сонда  ғана  сіз  бен  біз  төлем  карточкасының  маңызды  екенін  жəне 

оның ұзақ жасайтынын мойындайтын боламыз. 

 

Қолма-қол шетел валютасына дүрлікпе сұранысқа – тосқауыл 

 жəне валюталық заңнаманың кейбір мəселелері туралы  

 

Сатыбалдина Г.К., «ҚР Ұлттық Банкі» ММ Батыс Қазақстан филиалы директорының 

орынбасары  

 

2009 жылдың басы жүргізілген девальвациямен жəне валюталық реттеу саласында 



қабылданған шаралармен есте қалады. Жүргізілген іс-шаралар Қазақстан Республикасының 

валюталық  заңнамасын  бұдан  əрі  ырықтандыру  жəне  жетілдіру  бағытындағы  Ұлттық 

Банк саясатының қисынды жалғасы болып табылады.  

 

 2009  жылғы  бірінші  тоқсан  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің 2009 жылғы 

төртінші  ақпанда  ұлттық  валюта  бағамының  бір  сəттік  девальвациясын  жүргізуімен  есте 

қалды,  оның  нəтижесінде  ұлттық  валютаның  айырбастау  бағамының  жаңа  дəлізі (±3% 

немесе 5 теңге  ауытқумен  бір  доллар  үшін 150 теңгеге  жуық)  айқындалды.  Осының 

салдарынан, 2009 жылғы бірінші тоқсанда Қазақстандық теңгенің АҚШ долларына, еуроға, 

Ресей  рубліне  бағамы  шамамен 20%-ға  төмендеді.  Сонымен  қатар  Қазақстан  теңгенің 

девальвациясын  көптеген  басқа  елдерге,  оның  ішінде  рубльдің  біртіндеп  басқарылатын 

девальвациясының  саясатын 2008 жылғы  қарашадан  бастап  жүргізе  бастаған  Ресей 

Федерациясына  қарағанда,  кеш  жүргізді.  Сол  сəтте  жүргізілген  Ресей  Орталық  Банкінің 

ақша-кредит саясаты тұтастай алғанда Қазақстан экономикасына, сол сияқты атап айтқанда 

қазақстандық  тауар  өндірушілеріне  де  теріс  əсер  етті.  Мықты  теңге  отандық 

кəсіпорындардың өнімін облыстың жағрафиялық орналасуына байланысты (Батыс Қазақстан 

облысы  Ресейдің  бес  облысымен  шекаралас)  бəсекеге  қабілеттілігін  азайтып  көрсетті. 

Мəселен,  Батыс  Қазақстан  облысының  сыртқы  сауда  айналымында 2008 жылғы  қарашада 

жəне  желтоқсанда  Батыс  Қазақстан  облысының  статистика  департаментінің  деректері 

бойынша импорт тиісінше 112,3 жəне 126,6 млн. АҚШ долл. құрады, ал 2009 жылғы қаңтар-

ақпанда импорт 58,6 жəне 63,6 млн. АҚШ долл. дейін азайды, бұл, ең алдымен, жүргізілген 

девальвациямен  түсіндіріледі,  оның  нəтижесінде  өнімді  жəне  құрылыс  материалдарын 

жеткізумен айналысатын шаруашылық субъектілердің басшылары қазақстандық құрамы бар 

тауарларға бағдар жасай отырып, барынша есті іс-əрекет ете бастады. 

Осыған  ұқсас  жағдай  облыстың  банк  секторында  да  орын  алды.  Девальвациялық 

күтулер  халықты  теңгедегі  депозиттерді  валюталық  депозиттерге  аударуға  итермеледі,  бұл 

депозиттік базаның құрылымында көрініс тапты – 2009 жылғы қаңтарда халықтың теңгедегі 

салымдарының  көлемі 17,3%-ға  (абсолюттік  сомада 2,9 млрд.  теңгеге)  төмендеді,  ал 

халықтың  шетел  валютасындағы  салымдарының  көлемі 48%-ға  немесе 3,2 млрд.  теңгеге 

ұлғайды. 2008 жылғы  желтоқсанда  жəне 2009 жылғы  қаңтарда  қолма-қол  шетел 

валютасының  нарығында  қолма-қол  АҚШ  долларына  дүрлікпе  сұраныс  орын  алды.  Халық 

қолма-қол  шетел  валютасын  ықтимал  девальвациядан  сақтану  үшін  ғана  емес,  Ресейлік 

банктердің айырбастау пункттеріне АҚШ долларын сатудан пайда алу үшін де сатып алды 

(бұл туралы Ресейдің аумағына қолма-қол АҚШ долларын контрабандалық өткізудің сəтсіз 

əрекеттері айғақтайды). Мəселен, 2008 жылғы желтоқсанда халық 30,8 млн. АҚШ долларын, 

ал  қаңтарда 46,9 млн.  долларын  сатып  алды.  Егер  девальвацияға  дейінгі  кезеңде  долларды 

сату  орташа  алғанда 500 – 600 мың  болса,  қолма-қол  шетел  валютасына  дүрлікпе  сұраныс 

кезеңінде  облыстың  банктері  мен  уəкілетті  ұйымдары  күніне 2 -2,5 млн.  АҚШ  долл.  дейін 

сатты.  Осының  салдарынан,  қолма-қол  долларға  деген  жоғары  сұраныс  кейбір  айырбастау 

пункттерін  бір  АҚШ  доллары  үшін 127 теңгеге  дейін  негізделмеген  жоғары  сату  бағамын 

белгілеуге  арандатты.  Сонымен  бірге,  кейбір  тəуелсіз  БАҚ,  күмəнді  таң  қаларлық  оқиға 

арқылы дүрліктіру мақсатында, жақын болашақта шетел валютасы бағамының айтарлықтай 

өсуі  туралы  сыбысты  əдейі  күшейтіп  отырды,  бұл  да  қолма-қол  шетел  валютасына 

айырбастау  пункттерінде  бағалардың  шарықтауына  ықпал  етті.  Бұл  ретте  айырбастау 

пункттерінде  белгіленетін  бағамдарға  ықпал  етудің  ешқандай  заңнамалық  тетіктері  жоқ 



 

Ұлттық  Банктің  филиалы  облыстың  ЕДБ  филиалдарының  жəне  уəкілетті  ұйымдарының 

айырбастау пункттерінде айырбастау бағамдарының өзгеру мониторингін жүргізу жөніндегі 

жұмысты  ұйымдастырды.  Осы  мақсатпен  жұмыс  тобының  күн  сайынғы  сапары 

ұйымдастырылды,  оның  құрамына  ҚРҰБ  филиалының  қызметкерлерін  қоспағанда, 

айырбастау  пункттеріндегі  шетел  валютасының  қалыптасып  жатқан  бағамдары  туралы 

объективтік  ақпаратты  жариялау  үшін  тəуелсіз  БАҚ  тілшілері  де  енгізілді.  Мониторинг 

жүргізуді  қоспағанда,  осындай  сапарлардың  мақсаты  қаланың  негізгі  магистральдарында 

орналасқан  стационарлық  билбордтарда  жазылатын  бағамдардың  өзгерістерін  тексеру 

болды, себебі кейбір банктер жəне уəкілетті ұйымдар кейде ақпаратты жаңартуды ұмытып, 

бұл жағдай да дүрлікпенің пайда болуына жəне шетел валюталары бағамдарына байланысты 

шатақ жағдайдың туындауына өз үлесін қосты. Сонымен қатар қолма-қол шетел валютасын 

сатудың  көбеюі  туралы  ақпарат  Батыс  Қазақстан  облысының  əкімшілігіне,  БҚО  облысы 

бойынша Кедендік бақылау департаментіне, БҚО бойынша ҰҚК Департаментіне қолма-қол 

шетел  валютасын  ықтимал  заңсыз  əкелу  жəне  əкетуді  болдырмау  мақсатында  жіберілді. 

Кедендік жəне құқық қорғау органдары арасындағы осындай үйлесімді іс-əрекет пен ақпарат 

алмасу  нəтижесінде  жеке  тұлғалардың  қолма-қол  шетел  валютасын  мемлекеттік  шекара 

арқылы  алып  шығуына  бақылау  күшейтілді,  оның  нəтижесінде  қолма-қол  АҚШ  долларын 

контрабандалық  өткізудің  бірнеше  фактілері  анықталды,  олар  бойынша  бұдан  əрі  соттың 

шешімімен  мемлекеттің  кірісіне  айтарлықтай  сомалар  тəркіленді.  Сонымен  бірге  Ұлттық 

Банктің  филиалы  алдағы  уақытта  да,  қолма-қол  шетел  валютасына  дүрлікпе  сұраныс 

туындаған  жағдайда,  өзара  іс-əрекет  ету  жоспарын  əзірлеу  жəне  бақылау  шараларын 

күшейту мақсатында барлық мүдделі органдарды туындайтын ахуал туралы дереу хабардар 

етуге ниеттеніп отыр. 

Сондықтан Ұлттық Банктің 2009 жылғы ақпанда жүргізген бір сəттік девальвациясы 

əлемдік қаржы дағдарысы жағдайында жəне тəуелсіз Қазақстанның экспортының негізгі түрі 

болып табылатын шикізат ресурстарына бағалар төмендеген жағдайда ұлттық экономиканың 

тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шара болды. 

Сонымен  бірге  Қазақстандағы  валюталық  реттеу  жəне  валюталық  бақылау  жүйесін 

одан  əрі  жетілдіру  үшін  Қазақстан  Республикасының  Президенті 2009 жылғы 4 шілдеде 

«Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  валюталық  реттеу  жəне 

валюталық  бақылау  мəселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  № 

167-IV ҚРЗ Заңына қол қойды, ол 2009 жылғы 11 тамызда күшіне енеді. 

2009  жылғы  қаңтар-ақпандағы  оқиғалар  Ұлттық  Банктің  дағдарысты  жағдайда 

айырбастау пункттерінің қызметін реттеу мəселесінің қаншалықты өзекті екендігін көрсетті, 

сондықтан  жаңа  Заңның  қабылдануынан  кейін  Ұлттық  Банкке  дүрлікпе  сұраныс  кезеңінде 

айырбастау  пункттерінің  қолма-қол  шетел  валютасын  сатып  алу  мен  сату  бағамдарының 

арасында  шекті  рұқсат  етілетін  маржаны  белгілеу  құқығы,  сондай-ақ  белгіленген 

шектеулердің орындалуын кейінгі бақылау құқығы бекітілді.  

Валюталық  заңнаманы  одан  əрі  ырықтандыруға  əкелетін  тағы  да  бір  саты  жеке 

тұлғалар үшін шетелдік банктерде шоттар ашу туралы хабарлауды талап етудің күшін жою 

жəне  тіркеу,  хабарлау  жəне  паспортизациялау  бойынша  шекті  мəндерді  ұлғайту,  сондай-ақ 

қазіргі  уақытта  Ұлттық  Банк  əзірлеп  жатқан  жəне  соның  ішінде  экспорттық-импорттық 

мəмілелерді  паспортизациялау  шегін 10 мың  АҚШ  долл.  баламасынан 50 мың  АҚШ  долл. 

баламасына  дейін  ұлғайтуды,  сондай-ақ  тіркеуге  жəне  хабарлауға  жататын  мəмілелер  үшін 

шекті  ұлғайтуды  көздейтін,  заңға  тəуелді  НҚА  қабылдау  арқылы  тіркелуі  мен  хабарлануы 

тиіс  операциялардың  тізбесін  қысқарту  мүмкіндігі  болып  табылады.  Бұл  нормаларды 

қолданысқа енгізу жеке тұлғалардың, сол сияқты заңды тұлғалардың сыртқы экономикалық 

қызметін  жүзеге  асыруын  айтарлықтай  жеңілдетіп  қана  қоймай,  бірқатар  жағдайларда 

əкімшілік  жауапкершіліктен  құтылуға  көмектеседі.  Ал,  жеке  тұлғалардың  хабарлау 

мерзімдерін, шетел валютасын тіркеу жəне репатриациялау мерзімдерін бұзғаны үшін ƏҚК-

нің  тиісінше 180, 182 жəне 187-баптары  бойынша  əкімшілік  жауапкершілік  көзделетіні 

белгілі. 


 

Валюталық  реттеу  режимдерін  жұмсарту  мақсатында  заңда  бөлшек  сауданы  жүзеге 

асыру  жəне  қолма-қол  шетел  валютасына  қызмет  көрсету  (бажсыз  сауда  дүкендері, 

халықаралық тасымалдаулар кезінде жолаушыларға тауарлар мен қызмет көрсетулерді сату) 

жөніндегі  қызметті  лицензиялаудың  күші  жойылды,  бұл  ретте  осындай  лицензиясы  бар 

кəсіпорындар өз қызметін жалғастыра алады, бірақ Ұлттық Банктің тарапынан бақылаусыз. 

Сонымен  қатар  қолданысқа  енгізілетін  заңнама  арқылы  елдің  экономикалық 

қауіпсіздігіне жəне оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қауіп төнген жағдайда, Мемлекет 

басшысы  қабылдауы  мүмкін  шектеулерді  енгізу  бөлігінде  дағдарысқа  қарсы  шаралардың 

аясы кеңейтіледі жəне барынша нақты айқындалады. 

 

Осылайша, жүргізілген девальвация да, валюталық заңнамаға енгізілген өзгерістер де 

қазақстандық  кəсіпорындардың  сыртқы  экономикалық  қызметінің  белсенділігіне  қосымша 

ықпал  етуі  тиіс,  сондай-ақ  жалғасып  келе  жатқан  ауқымды  қаржы  дағдарысы 

жағдайларында елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуы қажет. 

1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет