Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет107/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

Ажал – өлүм. Ажалдин хеч кишиниң йоқ амани 232 (Ажалдан еш кісінің жоқ аманы); Меңа сенсиз өлүмдүр бу хайатым 269 (Маған сенсіз өлім-дүр бұл өмірім). Қазақ тілінде өлім, ажал, қаза [87, 451 б.].

Сарай – айуан – даргах. Бүгүн олтырмағыл айуан ичинда 156 (Бүгінгідей күні тектен-текке отырма әйван ішінде); Сарайдин барды Чин-Мачинға чавың 201 (Сарайдан жетті дабылың Шын – Машынға); Ишикиң топрақы даулатли даргах 56 (Есігіңнің топырағы – дәулет сарайы).

Ужмақ – жаннат. Бұл синонимдер ол дүниедегі рахат орын; пейіш мағынасын береді. Ким ужмақтур сениң базмиң бинасы 145 (Болып жатқан сенің тойың болған жер жұмаққа ұқсайды); Хамиша йаз ерүр жаннат хауасы 146 (Жаз бойы мұнда еседі мұнда жаннат ауасы). Қазақ тілінде пейіш, жұмақ, ұшпақ, жаннат, иранбақ, гүлстан поэт. [87, 462 б.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет