Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет121/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126
Ош//уш тұлғасы жайында пікірлер бірізге түсе қойған жоқ. Бұл жайында пікірлер екі бағытта өрбиді. Г.И. Рамстедт ош//уш морфемасын ол//ул сөздерімен тектес деп қарастырған [36, 69-74 бб.]. Мн ескерткішінде кездесетін сілтеу есімдіктерінің байырғы ошал, ошбу, ошул тұлғалары қазіргі түркі тілдерінде әртүрлі фонетикалық өзгерістерге түскен. Мысалы, ошбу есімдігі түрік тілінде – іşbu, қарайымда – ушпу//успу, өзбек, ұйғыр тілдерінде – ушбу; татар диалектісінде – ушы, башқыр тілінде – ошо, қарақалпақ тілінде – осу//осы//усу//усы және құмық, түрікмен тілдерінде шо түрінде сақталынып қалған. Қазақ тілінде осы түрінде дыбысталады.

Қазақ тіліндегі сол сілтеу есімдігі қарақалпақ, ноғай тілдерінде нақ осындай тұлғасында дыбысталса, башқұрт, татар тілдерінде – шул, қырғыз тілінде – ошол, ошо, құмық тілінде – шол, со, түрік, түрікмен тілдерінде – шу.

Түрколог ғалым М. Томановтың ойынша қазақ тіліндегі осы есімдігінің қалыптасу жолы мынадай ош-ол//ос-ол//-ош-о//ос-о>ос-ы [50, 216 б.].

Сұрау есімдіктері: ким (кім), не (не), нелүк (неліктен), неча (неше), нечүк (неге, қалайша), қайу (қайсы, қандай), қачан (қашан), қайда (қайда).

Кім сөзінің шығу тегі және оның құрамы туралы түркологияда көптеген пікірлерді кездестіруге болады. Қайу (қайсы, қай жерде), қачан (қашан), қайда (қайда) есімдіктерінің түбірі мен қазақ тіліндегі қанша? қаны? қандай? есімдіктерінің түбірі бір екені түсіндіруді қажет етпейді.

Есімдіктердің қатарында ерекшелеу көрінетін нечүк сөзі бар. «Арабша-қыпшақша сөздік» бойынша ескі қыпшақ тіліндегі есімдерге салыстырмалы-тарихи тұрғыдан талдау жасаған С. Боранбаев нечүк сөзін былай жіктеп көрсетеді: «нечүк (нешік) не түбірінен -чуқ/-чүк//-чық//-чік жұрнағы жалғану арқылы жасалған кішірейту, шектеу, шамалау мағынасын беретін сұрау есімдіктерінің тұлғасын құрайды» [103, 106 б.].



Өздік есімдігі: өз (өз). Өз есімдігі жөнінде Ә. Ибатов былай дейді: «Біздің ойымызша, бәрінен де өз сөзін өре сөзімен байланыстыра сөз ету әлдеқайда орынды сияқты. «Өресі жетпеді» деген тіркестегі өре сөзі – күні бүгінге дейін қазақ тілінде жиі қолданылатын және барлық елге бірдей түсінікті, түп негізінде бойы сөзімен мағыналас сөз. Ал жаңа сөз жасалудағы р мен з дыбыстарының алмасуы, сондай-ақ, сөздің соңындағы дауысты дыбыстардың түсіп қалып отыруы түркі тілдерінің қайсысына болса да жат құбылыс емес. Тіпті өз (< өре) сөзінің тәуелдік жалғауынсыз қолданылмау себебінің өзі де осы соңғы дыбыстың орны толмай тұруынан да емес пе екен деген ой келеді» [102, 51 б.].

В. Радлов, Л. Будагов, Н.К. Дмитриев, Н.А. Баскаков, А.Н. Кононов сияқты ғалымдардың еңбектерінен өз сөзінің алғашқы мағынасын «внутренность, сущность, сердцевина, самая основа, нутро» деген мағыналарымен байланыстырып қарастырғанын байқауға болады. Ескерткіште кездесетін өз есімдігі қазіргі қазақ тілінде күні бүгінге дейін ешқандай фонетикалық өзгерістерге түспей қолданылуы – оның өте ерте кезде пайда болғандығын көрсетсе керек.

Сөйтіп, зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ескерткіште қолданылған жіктеу есімдіктері мен, сен, ол тұлғалары қыпшақтық белгіні көрсетсе, бұлардың септік жалғауларын қабылдағанда меңа, сеңа, ануңа болып өзгеруі – оғыз тілдеріне тән құбылыс. Дегенмен қолданылу жиілігі жағынан қыпшақ варианты көп ұшырасады.

Жалпылау есімдіктері: барча (барша, барлығы), бары (бәрі, барлығы, түгел), қамуқ (барша, барлық), жүмла (барлығы, бәрі), текма (әрбір). Барша сөзі бар және -ша аффиксынан құралған. Барша қазіргі татар, өзбек тілдерінде барча; қарақалпақ, қазақ тілдерінде барша болып қолданылады.

Ескерткіш тіліндегі бары жалпылау есімдігінің қазақ тіліндегі бәрі есімдігіне қатысын ғалым Ә. Ибатов былай түсіндіреді: «Бәрі деген жалпылау есімдігі бар есімдігіне ІІІ жақ тәуелдік жалғауын (-і) үстемелеу арқылы пайда болған. Қазақ тіліндегі сөздердің өзгеріске түсудегі өзіндік заңдылығына байланысты, бұл сөз (бәрі) тәуелдік жалғауын қабылдағанда, түбір сөз (бар) жуан буынды болғандықтан, тәуелдік жалғауын да (-ы) жуан түрінде, айталық, бары, барың сияқты түрде қабылдау керек еді. Бірақ олай емес, бәрі боп келеді. Мүмкін, бұл басында осылай да болған болу керек, ал, кейіннен бар сөзінің есімдіктер қатарына ауысуы негізінде мағыналық жіктің алшақтау әсерінен айтылу нормасы да өзгеше болып қалыптасуы ықтимал. Ал, түбірдегі а дыбысының ә болып кетуі осы соңғы і дыбысының ықпалына байланысты» [102, 53 б.].

Қорытындылай келе, есімдіктердің муны (мұны), муның (мұның) болып келуі ескерткіш тілінің қыпшақтың белгісі екенін көрсетеді. Сонымен қатар бу есімдігі қазақ тілінде ауызекі сөзде қолданылатын бу (бұ) тұлғасымен сәйкес келеді. Ол есімдігі септелу барысында аның (оның), ануңа (оған), аны (оны), анда (онда), андин (одан) болып өзгеруі қазақ тілінен ерекшеленіп, төл тілімізден алшақтау тұрады.

Үстеу. Ескерткіш тілінде 22 үстеу қолданылған: асрү (тым), ашуну (бұрын), бираз (біраз), бурун (бұрын), бүгүн (бүгін), бүйла (осылай), дағы (тағы), тағы (тағы), емди (енді), йырақ (жырақ), қатла (рет), қаты (қасы, жаны), менгү (мәңгі), мунда (мұнда), мунча (мұнша), оза (бұрын), барынча (барынша).

Ескерткіште негізінен мезгіл, мекен, мөлшер үстеулері кездеседі. Мезгіл үстеулері: емди (енді), таң (таң, таңертең), ашуну (бұрын, баяғыда), бурун (бұрын), оза (бұрын), бүгүн (бүгін). Мекен үстеулері: қайда (қайда), бүйла (былай), мунда (осында, мұнда), қаты (қасы). Күшейту үстеулері: асрү (тым, аса). Мөлшер үстеулері: аз (аз), өкүш (көп), бираз (біраз), бирар (бірер), мунча (мұнша, осыншама). Қимыл сын үстеулері: йырақ (жырақ).

Ескерткіш тіліндегі үстеулер жасалу жолы мен қолданылуына қарай қазақ тіліне жақын келеді. Олардың көпшілігі түркі сөзі болғанымен арасында көнерген сөздерге айналғаны да бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет