Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет120/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   126
Есімдіктер құрамы. Мн-да жіктеу есімдіктері, сілтеу есімдіктері, сұрау есімдіктері, өздік есімдіктері, жалпылау есімдіктерінің мысалдары молынан ұшырасады. Есімдіктердің жалпы саны – 35: барча (барша), бары (бәрі), барынча (барынша), биз (біз), бу (бұл), ки (кім), ким (кім), қайда (қайда), қайу (қай), қамуқ (барша), қачан (қашан), мен (мен), муны (мұны), нелүк (неліктен), нетар (неліктен), неча (неше), нечүк (неліктен), ол (ол), ош (осы), ошал (осы), ошбу (бұл, сол), ошул (осы), өз (өз), сен (сен), сиз (сіз), текма (әрбір).

Жіктеу есімдіктері: мен (мен), сен (сен), ол (ол), сиз (сіз), биз (біз). Біз есімдігінің мына түрі кездеседі: би (біз). Жіктеу есімдіктерінің жекеше түріндегі мен, сен, ол есімдіктері қазақ тіліне ешқандай дыбыстық өзгеріске түспей жеткен. Есімдіктердің мен, сен, ол тұлғасында берілуі ескерткіш тілімен қазақ тілінің арасын жақындата түседі. Дегенмен ІІІ жақ ол есімдігі септік жалғауларын қабылдағанда ан тұлғасына ауысқаны байқалады. Мысалы, аның (оның), ануңа (оған), аны (оны), анда (онда), андин (одан).

Ескерткіште берілген жіктеу есімдіктерінің ішінде барыс септігінде ерекшелік бар: меңа (маған), сеңа (саған), сиза (сізге), сизга (сізге), ануңа- (оған). Көпше түрі біз есімдігінің септелу үлгісі: бизиң (біздің), бизниң (біздің), бизга (бізге), бизни (бізді), биздин (бізден). Әдеби тілдегі екінші жақтың көпше және сыпайы түрінде айтылатын біздің, сіздің есімдіктері қазақ говорларында бізің, сізің болып айтылады.

Жәдігердегі жіктеу есімдіктері – тұлғалық жағынан алып қарағанда түгелдей туынды сөздер. Есімдіктер тарихын зерттеп жүрген ғалымдардың пікірінше мен (< ме-н), сен (< се-н), ол (< о-л) жіктеу есімдіктерінің ме-, -се, о- және н дыбысынан құралған. Жіктеу есімдіктерінің көпше түрі біз, сіз сөздері де бі-, сі- және морфемасынан құралғаны белгілі. Көне түркі жазба ескерткішін зерттеуші ғалым С.Е. Малов біз, сіз жіктеу есімдіктерінің шығу тарихын былай көрсетеді: «Можно и по-другому объяснить этимологию местоимения biz и siz: «bi + si = biz «я – ты – мы», «si + si = siz «ты – ты – вы» [100, 52 б.]. В. Котвич, А.Н. Кононов сияқты ғалымдар біз, сіз есімдіктеріндегі морфемасы жұптық мағынаны (двойственное число) білдіретін көрсеткіш деп таниды.

Біз, сіз есімдіктерінің морфемасын көптік мағынаны білдіруші ерекше бір көрсеткіш деп танитын ғалымдар да кездеседі. Құмық тілінің грамматикасын зерттеуші ғалым Н.К. Дмитриев: «...биз и сиз разлагаются на би-з и си-з и представляют собою особое множественное число с архаичным показателем -з (-ыз/-из; -уз/-уьз) ...» деп көрсетеді [101, 77 б.]. Есімдіктердің шығу тарихын зерделеуші ғалым Ә. Ибатов морфемасының толық түрі -сі болған деген пікірді қолдай отырып: «Қазақ тіліндегі морфемасы алғаш бис, піс, пис дегендегідей түріне, онан соң без, һез дегендегідей түріне, ең соңында біз, сіз дегендегідей түріне түсіп, -сі > -с > -з > -з жүйесімен келіп қалыптасқан»,- деп тұжырымдайды [102, 22 б.].

Сонымен біз, сіз есімдіктерінің құрамындағы элементінің қалыптасуы жөнінде пікір екіге жарылады. Бір топ ғалымдар екілікті білдіретін қосымша ретінде қарастырса, енді екінші тобы екі сөздің бірігуінен, соның салдарынан ілгері ықпал заңдылығына сәйкес ның -з-ға айналуы, соңғы қысаң дауыстының түсіп қалып, бүкіл сөздің ықшамдалуынан туындаған деген пікірді ұстанған.



Сілтеу есімдіктері: бу (бұ, бұл), ол, ош (осы), ошал (осы), ошбу (бұл, сол), ошул (осы). Бұлардың ішінде ошбу, ошул, ошал есімдіктері ош және бу, ош және ал, ош және ул есімдіктерімен тіркесінен жасалып, «осы, сол» деген мағынаны білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет