Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы


Сөз соңындағы дауыссыз дыбыстар сәйкестіктері



бет26/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

Сөз соңындағы дауыссыз дыбыстар сәйкестіктері. Ескерткіш тіліндегі сөздерді қазақ тіліндегі сөздермен салыстырғанда көп сөздердің сөз соңында фонетикалық өзгеріске ұшырағандығы аңғарылады. Олар: ч ~ ш, ш ~ с сәйкестіктері. Енді осы сәйкестіктерге жеке-жеке тоқталалық. Қаш. Қас. Йүзүң навруз-о қашың байрам айы 188 (Жүзің – наурыз, қасың – мейрам айы). Сач. Шаш. Бойы бирла сачыны тең йаратты 12 (Бойы мен шашын өлшеп тең жаратты).

Диалектолог С. Омарбеков ч дыбысы V-VII ғасырлардағы құлпытасқа жазылған жазуларда да, сондай-ақ орта ғасырлардағы көне ескерткіштердің тілінде де қолданылған, қазіргі түркі тілдерінде (қырғыз, түркімен, ұйғыр, өзбек, азірбайжан, түрік т.б.) сөздің алуан түрлі позицияларында өте жиі жұмсалады және бұл құбылыс қазақ тілі говорларында да бар, қазіргі Қазақстан жерінің Тарбағатайдан бастап Семей облысының оңтүстігі, бүкіл Жетісу, Алатау өңіріне дейінгі аймағы, Каспий жағасындағы Маңғыстау түбегі мен Түркістан, ішінара Қарақалпақстан жерін мекендеуші қазақтардың тілінде аффрикат ч дыбысының спирант ш-ның орнына қолданылатындығын анықтаған [38, 144 б.].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет