Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет34/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

Дауыссыздар үндестігі. Ә. Жүнісбеков үндестіктің тек дауыстыларда ғана емес, дауыссыздар да болатынын айтқан [51, 22-32 бб].

Қазақ тіл білімінде сөз ішіндегі дыбыстардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үйлесіп келуі – тіл үндестігі, ал сөз ішіндегі дыбыстардың бірыңғай еріндік болып айтылуы – ерін үндестігі деп аталады.

Қазақ тілінде қ, к дыбыстарының біріне біткен сөздерге жалғанатын қосымшаның бас дыбысы дауысты болса, бұлар ұяңданады: тарағ /тарақ-ы/, күрегі/күрек-і/, қабы /қап-ы/. Бұндай құбылысты біз зерттеп отырған Мн-дан кездестіруге болады. Мысалы, булақ/булағы, топрақ/топрағы, башақ/башағы. Ишикиң топрағы Кавсар булағы 248 (Есігіңнің топырағы – Кәусар бұлағы); Башағы итланүр сандан ичинда 162 (Төс ішіне оғының ұшы сіңіп кетеді).

Түбір. Сөздің түбірі жайындағы, әсіресе олардың құрылым жүйесі туралы мәселе ғалымдар назарынан тыс қалған емес. Академик Ә. Қайдар түбірге мынадай анықтама береді: «Тюркский корень есть наидревнейшая и историческая реальная единица языка, сохраняющая свою суть несмотря на постоянные фономорфо-семантические изменения, происходящие в процессе аглютинативного развития строя тюркских языков. Он может структурно совпадать с первообразным словом, если оно не превышает одного слога. Во всех остальных случаях тюркский корень выступает как производная единица языка, где корень отражает в себе состояние статики, а слово – динамики» [31, 30 б.]. Түбірге берілген ең соңғы және ең дұрыс анықтама – осы.

Байырғы тіл мен түркі тілдерінде, буынның негізгі екі түрі ұшырасады: 1) ашық буын (дауыссыз-дауысты), бітеу буын (дауыссыз-дауысты-дауыссыз). Ескерткіш тілінде түпкі түбірлер дыбыстық құрамы жағынан мынадай формаларда жұмсалған. Ескерткіште ашық, тұйық, бітеу буындарға жататын сөздер молынан ұшырайды.

Г – бір дыбысты, ашық буынды. Мысалы, аны /а-ны/, аның /а-ның/ дегендегі а тұлғасы, ер- етістігінің ықшам түрі е- тұлғасы, уған (құдай) сөзіндегі у (у – жасай алу) бір дыбысты, ашық буынды болып есептеледі.

ГС – екі дыбысты, дауыстыдан басталып, дауыссызға бітіп, тұйық буын құраған: аз (аз), аз (аздыру, жолдан тайдыру), ай (ай), ай (ай, тәулік), ай (айту, сөйлеу), ақ (ағу), ал (алқызыл), ал (алу), ат (ат), ат (ат, есім), ат (таңның атуы), ат (ату, оқ ату), ач (аш), ач (ашу), аш (ас), аш (асу), ев (үй), ей (ей), ең (өң, бет, жүз), ел (халық), ел (қол), ен- (ену, кіру), ер (болу), ес (есу, желдің есуі), ет (ету, істеу, жасау), из (із), ил (іл), ит (ит), иш (іс, жұмыс), иш (іш), ич (ішу), оқ (оқ), ол (ол), от (от), он (он), ош (бұл, осы), өп (өбу, сүю), өз (өз), өл (өлу), өр (өр), ур (ұр), ут (ұт), уч (ұшы), уч (ұшу).

Сонымен қатар анда /ан-да/, үзра /үз-ра/ дегендегі ан, үз тұлғалары. Ан тұлғасы қазіргі түркі тілдеріндегі ол сілтеу есімдігінің көне түрі де, үз тұлғасы үсті, үстіне дегендегі үс түбірі болып танылады.

СГ – екі дыбысты, ашық буынды: бу (бұл), де (айт, де, сөйле), йа (садақ), му (ма сұраулық шылау), қу (аққу), не (не), су (су), те- (де, айт).

ГСГ – ара (ара, аралық), ары (ара), ары (таза), айа (уа, о белгілі бір сөздің яки сөз тіркесінің алдынан келіп күшейтпелі мағына беретін демеулік сөз), егү (игі, ізгі), ики (екі), оза (бұрын).

СГС – үш дыбысты, дауысты дыбыстың алды-артына дауыссыздар келіп, бітеу буынды құрап тұр: бақ (қарау, бағдарлау), бай (бай), бар (бар, жоқ емес), бар (бару), бас (басу), баш (бас), бег (бек), бел (бел), бер- (бер-), бой (бой), бол- (болу), биз (біз), бил- (білу), бир (бір), бит- (біту), бит- (жазу), бул- (табу), йаз (жаз), йай (жазу, жаю), йар (жар), йат (жат, бөгде), йер (жер), йит (жету), йел (жел), йил (желу), йоқ (жоқ), йол (жол), йүз (жүз), йүз (жүз), йүз (жүзу), йүр- (жүр), йыл (жыл), кел- (келу), қал- (қалу), кет- (кету), қоп- (тұру), кес (кесу), кеч (кету, өту), көз (көз), көк (аспан), көп (көп), көр (көру), күн (күн), күн (күн, тәулік), күл (күлу), күт (күту), күч (күш), ким (кім), кир (кіру), киш (бұлғын), куш (тостақ), қан (қан), қат (қат), қаш (қас), қой (қой), қой- (қою), қол (қол), қул (құл), қуш (құс), қыл (қыл), қыл- (қылу), қыш (қыс), мал (мал), мен (мен), мең (мең), мин- (міну), миң (мың), сал- (салу), сан (сан), сач (шаш), сач (шашу), сен (сен), сиз (сіз), сөз (сөз), сол (солу), сүй (сүй), Сыр (Сыр), тал (тал), там (таму), таң (таңсәрі, ерте), тап- (табу), тар (тар), таш (тас), таш (тасу), тең (тең), тур- (тұру), тил (тіл), тиш (тіс), тоғ (туу), той (той), тол (тол), тон (киім), тут (ұстау), түз (түзу), түн (түн), түр (тұру), түш (түсу), чық (шық).

ГСС – айт (айту), арт (арту, көбею), арт (арту, асу), елт (жеткізу).

ГСГС – төрт дыбысты, екі буынды /ашық+тұйық буынды/: айақ (аяқ), адақ (аяқ), ағыз (ауыз), ағыр (ауыр), өкүш (көп), уған (жаратқан), үчүн (үшін), ачун (әлем), ачық (ашығу), елик (қол), ерин (ерін), айыт (айту), ишик (есік), ишит (есту), ошал (осы), ошул (осы), узун (ұзын), улус (ұлыс).

СГСГ – төрт дыбысты, екі буынды /ашық+ашық буынды/: бөри (бөрі), йети (жеті), тақы (тағы), дақы (тағы), йақа (жаға), йақа (жаға, жағалау), йети (жеті), йола (шырақ), киши (кісі), қара (қара, заттың түсі), неча (неше), таза (таза), туты (тоты).

ГССГ – төрт дыбысты, екі буынды /бітеу+ашық буынды/: алты (алты), алма (алма), асра (сірә), асра (сақтау), асрү (тым), елли (елу), емди (енді), екки (екі), айла (істеу, жасау), ичра (ішінде), ойна (ойнау), орта (орта), охша (ұқсау), ошбу (бұл, сол).

СГСС – төрт дыбысты, тұйық буынды: бағр (бауыр), көрк (көрік), төрт (төрт), йырт (жырт).

СГСГС – башақ (ұш), бекин (сияқты), билик (білім), бираз (біраз), бирар (бірер), булақ (бұлақ), булут (бұлт), бурун (бұрын), бутақ (бұтақ), бүгүн (бүгін), дудағ (ерін), йақут (жақұт), йаман (жаман), йаңақ (бет, жақ), йарым (жарым), йашын (найзағай), йетан (жиен), йигит (жігіт), көңүл (көңіл), қапуқ (есік), қарақ (қарақ), қатық (қатты), қачан (қашан), қуйаш (күн).

СГССГ – қамчы (қамшы), қатла (рет), менгү (мәңгі).

СГССГС – йалған (жалған), йаңлығ (сияқты), йапрақ (жапырақ), йармақ (жармақ), Қоңрат (Қоңырат).

Көне заманғы тілді зерттеуші ғалымдар түркі тілінде бір дауысты мен бір дауыссыздан ғана тұратын түбіртек (силлабофонема) болды дегенді айтады. Байырғы түбірлердің бір ғана дауысты дыбыстан немесе екі дыбысты дауыссыз – дауысты керісінше дауысты – дауыссыз, үш дыбысты дауыссыз – дауысты – дауыссыз болатынын ескере отырып, Мн-да кездесетін буындардың құрылымы мынадай болған деп айта аламыз: Г, СГ, ГС, ССГ, ГСС. Ал төрт дыбысты ГСГС, СГСГ, СГСС, бес дыбысты СГСГС, СГССГ т.б. сөздерінің де түпкі түбірлерін табуға болады. Дегенмен соңғы мысалдағы сөздер сол ескерткіш жазылған тұста қосымшалары түбірге сіңісіп, туынды қалпында жұмсалған болуы да мүмкін.

Сөз тұлғасының буындық құрамы жайлы айтқанда дыбыстардың тарихи ауысу, өзгеру жолдары да назардан тыс қалмауға тиіс. Қазіргі қазақ тіліндегі көп буынды сөздердің қалыптасуын: 1) қазақ тілі жалғамалы тіл болғандықтан, о бастағы бір буынды, екі буынды сөздер жұрнақтар арқылы, кейде жалғаулар арқылы күрделенуіне 2) басқа тілдерден ауысқан сөздердің үш-төрт және одан да көп буынды болуына байланысты түсіндіруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет