-ҮМ жұрнағы. Қазіргі түркі тілдерінде бұл жұрнақтың грамматикалық мағыналары әртүрлі. Ескерткіш тілінде етістіктен есім тудыратын жұрнақ ретінде -үм жұрнағы ғана кездесті: өлүм. Меңа сенсиз өлүмдүр бу хайатым 269 (Маған сенсіз өлім-дүр бұл өмірім). Яғни бір ғана іс-әрекеттің, қимылдың нәтижесін білдіретін мағынада жұмсалған. Бұл -үм жұрнағының дыбыс айырмашылығында болмаса, ескерткіштегі мағынасы мен қазақ тіліндегі мағынасы сәйкес келеді.
Қазақ тілінде -ым, -ім, -м жұрнағы зат есім жасайтын өнімді жұрнақ. Бұл жұрнақ арқылы салт және сабақты етістіктерден, біріншіден, әртүрлі абстракт заттық ұғымдардың атаулары білім, сенім, төзім, келісім, тойым, байлам т.б., екіншіден, мекендік ұғымды білдіретін зат атаулары және конкретті заттардың атаулары күзем, алым, өнім, киім, тізім т.б сөздері туындаған [57, 153 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |