Оқы нагах агар санданға текса 161 (Егер оғы кездейсоқ темір төске тисе). Башағы итланүр сандан ичинда 162 (Төс ішіне оғының ұшы сіңіп кетеді). Черикта қан тамар қамчың учиндин 124 (Ұрыста қан тамады қамшыңның ұшынан). Қылычың бирла сафларны йарарсын 134 (Қылышыңмен жауларыңды жайратасың). Ким ол йа қашларың зүннар кескай 512 (Садақтай қасыңның талшықтары зуннарды тіліп түскендей).
Қару-жарақ атаулары түркі тілдерінде мынадай фонетикалық өзгерістерге ұшыраған: түрк., kılıç; әзірб., gılınc; башқ., kılıs; қырғ., kılıç; өзб., kılıç; тат., kılıç; түркм., gılıç; ұйғ., kılıç; қаз., қылыш. Қамчы сөзі: түрк., kamçı; әзірб., gamçı; башқ., kamsı; қырғ., kamçı; өзб., kamçı; тат., kamçı; түркм., gamçı; ұйғ., kamça; қаз., қамшы. түрк., ok; әзірб., oh; башқ., uk; қырғ., cebe, ok (cänin); өзб., ok; тат., uk; түркм., ok; ұйғ., ok (yanıŋ okı); қаз., оқ.
6 Үй жабдықтарының атаулары: күзгү (айна), ишик (есік), қапуқ (есік), қудуқ (құдық), куш (тостақ).
Ишикиңда йети көк банда болсун 140 (Есігіңде жеті ықлым пенде болсын). Йүзүңүзда көрүнү[р] күзгү тек нур 399 (Жүзіңізден көрінер айнадай нұр). Қуйаш хар күн йүз урур ол қапуққа 453 (Ол қақпаға күн сайын күн жүзін бұрады).
Үй тұрмысында қолданылатын бұйым және зат атаулары қазіргі қазақ тілінен жасалу жолдары арқылы ерекшеленеді. Бұл топтағы сөздер күзгү (айна) мен қапуқ (есік), куш (тостақ) қазіргі кезде сөздік қордан шығып қалған. Күзгү сөзінің түбірі күз, -гү есім тудыратын жұрнақ. Бұл жұрнақ қазақ тілі тұрғысынан -гү өлі жұрнақ ретінде танылады. Күзгү сөзі «Ер Тарғын» жырында кездеседі. Оғыз тобына жататын түрік, түрікмен, әзірбайжан тілдерінде ескерткіштегі қапуқ тұлғасындағы қ түсіріліп қолданылады. Түрік тілінде kapı қатаң варианты ал түрікмен, әзірбайжан тілдерінде gapı ұяң түрі кездеседі.
Қазақ тіліндегі сөздердің этимологиясын зерттеушілер қудуқ көне түркі және монғол тілдерінде құд – құды – құйы – құй қазіргі қазақ тілінде құдық мағынасында қолданылады және құй сөзі тіліміздегі кейбір говорларда сақталған дегенді айтады [70, 132 б.].
Түркі тілдерінде қудуқ сөзі: азірб., гую; алт., кутук; ққалп., қудық; қырғ., кудук; құм., къую; тув., кудук; түрк., киуи; түркм., гуйы; өзб., қудуқ., ұйғ., қудуқ., хак., хутух; башқ., козок; ноғ., куйы; тат., койы; қаз., құдық.
7 Киім-кешек және соған қатысты атаулар: тон (тон), йақа (жаға).
Ким атлас тон йарашур болса ма´лам 104 (Құрметті кісіге атлас тон жарасады). Сақақыңны йақаң киши өпар бас 456 (Сағағыңды жағаңның ұшы ғана өбеді).
Бұл топтағы тон сөзі қазіргі қазақ тілі тұрғысынан ешқандай фонетикалық өзгеріске түспей жеткенімен мағына жағынан ерекшеленеді. Ескерткіш тіліндегі тон сөзі жалпы киімді, ал қазіргі тілімізде бір ғана киімнің атауын білдіреді. Йақа сөзінің дыбыстық ерекшеліктері болғанымен өзеннің жағалауы және киімнің жағасы мағыналары ескерткіш пен қазақ тіліне ортақ.
8 Құрылыстардың, құрылыс материалдарының атаулары: ев (үй).
Качан ингай гаданың евина шах 254 (Сорлының үйіне қашан шаһ енуші еді). Қазіргі түркі тілінде ев формасы қолданылады. Қазақ тілінде ев-үй дыбыстарына алмауысынан қалыптасқан. Ескерткіштегі ев сөзі қазіргі түркі тілдерінде: түрк., ev; әзірб., ev; башқ., öy, yort; қырғ., üy өзб., üy; тат., öy, yort; түркм., öy; ұйғ., öy; қаз. үй [43, 228-229 бб.].
9 Әшекей бұйымдарының атаулары: ысырға (сырға).
Ысырғаң данаси – Зүхра, йүзүң – Ай 208 (Сырғаңның дәнегі – шолпан, жүзің – ай сияқты).
10 Діни наным-сенімдерге байланысты сөздер: йаратқан (жаратқан), уған (құдай), йалған (жалған), ужмақ (жұмақ), таңри (тәңрі), йаздан (құдай).
Достарыңызбен бөлісу: |