Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы


Бул. Табу. Ol kömüč buldï ДТС 121 (



бет63/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

Бул. Табу. Ol kömüč buldï ДТС 121 (Ол күміс тауып алды). Хабибим нақшидин мағни булайын Мн 331 (Сүйіктімнің нақышынан мән-мағына табайын). Ескерткіште қыпшақ тобына жататын тілдерде, әсіресе қазіргі қазақ тілінде дәл солай тұлғаланатын тап- етістігі қатар берілген. Қайткенмен де оғыздық бул- варианты қыпшақтық тап- тұлғасының қолданылу жиілігіне қарағанда екі есе көп.

Қазіргі түркі тілдерінде: түрк., bulmak; әзірб., tapmag, bulmag; башқ., tabıv, izläp tabıv; қырғ., tabū; өзб., tápmák; тат., tabu, izläp tabu; түркм., tapmak; ұйғ., tapmak; қаз., табу [43, 84-85 бб.].

Жазба тілдегі архаизмге айналған сөздердің бірсыпырасы фонетикалық ерекшелігімен қазіргі қазақ тілінде қолданылғанымен, кейбіреулері мүлде кездеспейді. Бірақ басқа түркі тілдерінде қолданылады. Мн тілінде орхон-енисей жазбаларындағы көне түркілік тілдің сарқыншақтары ай- (айт), бит- (жаз), тапуғ (қызмет), қамуғ (барлық) сияқты сөздер қолданыс тапқан. Бұлар қазіргі қазақ тілі тұрғысынан түсініксіз, архаизмдер. Қазіргі кездің тұрғысынан дудағ, қапуқ, қуйаш, көзгү зат есімдері көнерген сөздер сияқты ұғынылады, бірақ оғыз тобына жататын тілдерде олар әлі күнге дейін қолданыстан түспеген.

Кейбір сөздердің түбірі сақталғанымен, қосымшалары көнеріп, қазіргі тілімізде сөз тудыру қабілетін жойып алған. Енді бір лексемалардың түбірі түсініксіз болғанымен жұрнақтары әлі күнге дейін қолданылуымен ерекшеленді. Тілдің даму барысында сөздердің қолдану аясы тарылып, мағынасы жағынан архаизмге айналып, қазіргі кезде тілде кездеспеуі заңды құбылыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет