Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет6/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

Зерттеу нысаны. «Мухаббат-наме» ескерткіші (XIV ғ.) тілінің сөздік қоры.

Зерттеу пәні. Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы.

Зерттеудің дереккөздері. «Мухаббат-наме» жазба ескерткішінің Британ мұражайында Or.8193 нөмерлі папкада тіркеулі тұрған араб жазулы көшірмесінің факсимелиесі және Б. Сағындықұлы мен С. Тәшімбайдың «Мухаббат-наме ескерткішінің (XIV ғ.) мәтіні» (2007 ж.) еңбегінен мысалдар теріліп алынды. Оның ішінде түркі бөлігін құрайтын 231 есім сөздер және 323 етістік, барлығы – 554 сөз талдауға түсті.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің негізгі мақсаты – XIV ғасырда жазылған «Мухаббат-наме» ескерткіші мен қазақ тіліндегі тілдік бірліктерді салыстырып, фонетикалық, морфологиялық, семантикалық айырмашылықтары негізінде олардың арасындағы тарихи сабақтастықты анықтау. Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделді:

  • ескерткіштің зерттелу деңгейін пайымдап, ғылыми тұрғыдан шолу жасау;

  • ескерткіш тілі фонетикалық құрамының қазақ тілі тұрғысынан фонетикалық айырмашылықтары мен ұқсастықтары, дыбыстық сәйкестіктерін анықтау;

  • ескерткіште қолданылған жұрнақтардың мағынасы мен тұлғалық жағынан сол тектес қазіргі қазақ тіліндегі жұрнақтардың грамматикалық қызметін көрсету;

  • қазақ тілі тұрғысынан ескерткіш тіліндегі сөздердің көнеру сипаттарын анықтау, ескерткіштің сөздік қорындағы қазақ тілінде кездеспейтін, бірақ оғыз тобы тілдерінде қолданылатын сөздерді бөліп көрсету;

  • ескерткіш тіліндегі сөздердің лексика-тақырыптық топтарын анықтау;

  • ескерткіш тіліндегі қолданылған көп мағыналы сөздердің мағыналық саралануын тарихи даму контекстінде қарастыру;

  • қазақ тілі тұрғысынан ескерткіш тіліндегі сөздердің лексикалық мағыналарының кеңею немесе тарылу құбылысын зерделеу;

  • ескерткіш тіліндегі сөздердің лексика-семантикалық топтарын қазақ тілімен салыстыру, сол арқылы лексикалық айырмашылығын көрсету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет