Бар ↔ йоқ. Бар – жоқ емес, бар болушылық деген мағынада. Көңүл бахринда көп гаухарлариң бар 47 (Көңіл теңізінде көп гәуһарларың бар). Йоқ – бар сөзінің қарсы мағынасы дегенді білдіреді. Жамалиң тек кишиниң йоқ жамали 223 (Жамалыңдай кісінің жоқ жамалы).
Чық ↔ кир. Чық – белгілі бір жерден, орнынан сыртқа кету деген мағынада. Кел, ей ужмақ гүли, чимганга чық қыл 155 (Кел, ей жұмақ гүлі, көгалға шық). Кирар разм ичра тойға кирү йаңлық 131 (Ұрысқа кіргенде тойға кіргендей кіреді). Кир – ену, келу деген мағынада.
Отур ↔ қоп. Отурсаң олтурур фитна, кетар ғам 395 (Сен отырсаң, ессіздік азайып, қайғы кетеді); Агар қопсаң, қыйаметлар қопар хам 396 (Егер тұрсаң, қиямет қиыншылықтар бас көтереді). Қоп сөзі орнынан тұру, түрегелу мағынасында қазіргі түрік тілінде қолданылады.
Жақсы мен жаман, қуаныш пен қайғы, күлкі мен жылау, қарғыс пен алғыс, рахат пен азап, ащы мен тұщы сияқты түсініктер объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстардың табиғатына салыстыра баға беруден туғандығы анық [82, 108 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |