Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет84/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

Күн түн. Бұл антонимдік қатар көне түркі ескерткіштері, орта ғасыр ескерткіштерінен біздің дәуірімізге дейін фонетикалық өзгерістерге ұшырамай жеткен. Түн күннүң қаршысы ол ДТС 326 (Түн күннің қарама-қарсы жағы). Ескерткіште де, қазақ тілінде де күнтаңның атуы мен күннің батуы аралығындағы уақыт, күндіз деген мағына береді. Түнтәуліктің кешкі уақыттан таңертеңгілікке дейінгі аралығы, қараңғы бөлігі. Ошул күн ким сени халиқ йаратты 369 (Сені құдай адам етіп жаратқан күні); Түн ақшам ким көрүнди байрам айы 39 (Түн. Ақшам. Көрінді мейрам айы).

Күн ай. Күнәлемге жарық, қызу беретін планета. Әгар күн тоғмаса хам йақту қылғай 63 (Егер күн шықпаса етер еді жарық). Ай – түнде жерге жарық сәуле беріп тұратын планета. Толун ай дек қылур бир қатра суны 10 (Толған айдай қылар бір тамшы суды).

Аз көп. Азкөп емес, шағын, азғантай деген мағынада. Айыт, ей мехриң аз, ´ишваң фараван 251 (Ей, мейірімің аз, қылымсуың көп де); Көпмол, қыруар, едәуір, бірсыпыра деген мағыналарда. Күчүм йеткенча көп қылдым вафалар 267 (Күшім жеткенше, адалдықты көп қылдым).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет