Аш І сын. адам баласының қоректік заты, тағамы; ішім-жем, тамақ. Ары гүлни арының ашы қылды 19 (Таза гүлді араның асы қылды).
Аш ІІ ет. бір жерден екінші жерге қарай өту, тауды, белесті басып әрі өрлеу. Ашар йилдин сениң йилганда атың 117 (Сенің атың желгенде желден озады). Бұл атау фонетикалық пішіні жағынан ерекшеленгенімен ұғымында өзгеріс жоқ.
Йат І сын. Жақындық, туыстық қатысы жоқ, бөтен, бөгде (адам). Сени көрган өзиндин йат болур 299 (Сені көрген өз өзіне жат болады).
Йат ІІ ет. Адамның, жан-жануарлардың жерге, не бір заттың үстіне шалқасынан, етпетінен, қырынан қисайып сұлап, дененің горизонтальды қалыпта болуы. Ағыр уйқучы бахтим неча йатқай 277 (Бақытым қашанға дейін қалың ұйқыда жата береді).