Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет92/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

Ай ІІ жылдың он екіден бір бөлігін қамтитын мезгіл. Йүзүңда көрдим ей жан байрам айын 61 (Жүзіңнен көрдім, ей жаным, мейрам айын).

Ай ІІІ сөйлеу, сөзбен ой-пікірін білдіру. Айайын емди бир қыйт´а, ишиткил 603 (Айтайын енді бір қыйт ә, құлағың сал).

Қазіргі қазақ тілінде кездесетін ай /планета/ – ай /жылдың он екіден бір бөлігін көрсететін мезгіл/, күн /планета/ – күн /тәуліктің жарық бөлігі немесе тәулік/ сияқты омонимдік қатарлар орта ғасырларға дейін-ақ қалыптасқанға ұқсайды. Яғни бұлардың шығу негізі бір. Дегенмен, бір кездерде бір мағынада қолданылған сөздер дами келе, әртүрлі сөздерге айналып бұрынғы мағыналық байланысын жоғалтқан. Әр мағынасында әр басқа ұғымдардың атауы болып орныққаны айқын.



Жоғарыдағы талдаулардан омоним түзетін сөздердің тұлғалануында да, ұғымында да өзгеріс жоқ екенін байқаймыз. Біз қарастырып отырған жәдігерде тұлғалануында дыбыстық айырмашылық болғанымен мағынасы жағынан қазақ тіліндегі мағынасымен сәйкес келетін омонимдік қатарлар да орын алған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет