Йүз І зат. адамның беті, өңі, түсі, түрі. Йүзүңда көрдим ей жан байрам айын 61 (Жүзіңнен көрдім, ей жаным, мейрам айын).
Йүз ІІ сан. тоқсан тоғыздан кейінгі есептік сан, он ондық. Йети йүз елли төрт ичра түганди 622 (Жеті жүз елу төртінші жылы жазылып бітті).
Йүз ІІІ ет. адамның қол-аяғының қимылымен батып кетпей ілгері жылжуы; малту. Неча йүзгай киши дарйа ичинда 478 (Қанша жүзе алады адам дария ішінде). Бұл омонимдік қатарлар қазіргі қазақ тілінен й ~ ж сәйкестігімен ғана ерекшеленеді. Мағынасы ескерткіш пен қазақ тіліне ортақ. Бұл омонимдік қатар көне заманнан қазіргі кезге дейін келіп жеткен.
Йаш І зат. адамның, жан-жануардың, т.б. өмір сүру мезгілін белгілейтін уақыт, жыл саны. Кичик йашдин улығларның улуғы 108 (Кішік жастан ұлықтардың ұлығы).
Йаш ІІ зат. жылағанда көзден шығатын сұйық зат. Көзүмниң йашыдин Каусар булашкай 218 (Көзімнің жасынан пейіштегі Кәусар суы да ылайланды). Йаш сөзінің бұл мағыналары қазіргі түркі тілдерінің барлығында сақталып қалған. Қазақ тілінен айырмашылығы – сөз басындағы й ~ жжәне сөз соңындағы ш ~ с сәйкестіктерінде ғана.