Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы


Йақа І зат. киімнің мойын үстіне түсетін бөлігі. Сақақыңны йақаң киши өпар бас 456 (Сағағыңды жағаңның ұшы ғана өбеді). Йақа



бет94/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

Йақа І зат. киімнің мойын үстіне түсетін бөлігі. Сақақыңны йақаң киши өпар бас 456 (Сағағыңды жағаңның ұшы ғана өбеді).

Йақа ІІ зат. су арнасының кемері, жиегі. Қамуғын Сыр йақасында битидим 616 (Барлығын Сыр жағасында жаздым). Қазақ тілімен ұғымы бірдей болғанымен й ~ ж және сөз ортасындағы қ ~ ғ сәйкестіктерімен ерекшеленеді.

Сач І зат. адамның бас терісіне біткен жіңішке қалың қыл. Сачың бир тарына миң хур йетмас 213 (Шашыңның бір талына мың хор [қызы] жетпейді).

Сач ІІ ет. бүрку, шашырату, себу. Хызыр суйын сачалиң жан йүзига 538 (Сұлулығын мәңгі ету үшін Хызыр суын шашалық жанананың жүзіне). Бұл омоним түзетін қатардың мағыналарында айырмашылық байқалмағанымен дыбыстық тұлғалануы жағынан с ~ ш және ч ~ ш сәйкестіктерін аңғарамыз. Түрколог ғалымдардың еңбектерінде көрсетілгендей, бұлар зат есім – етістік мағыналы синкретикалық түбірлер болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет