Бақылатын элемент коды 1.6.1 Сөйлемнің айтылу, жазылу мақсатына қарай түрлері, дауыс ырғағы, тұрлаулы,
тұрлаусыз сөйлем мүшелер, жай, құрмалас (салалас, сабақтас, аралас) сөйлемдер.
1 тапсырма.Адамның әр түрлі көңіл күйін білдіру мақсатымен қолданылатын сөйлем
А) хабарлы, сұраулы
В) лепті, бұйрықты
С) лепті
Дұрыс жауап
2 тапсырма. Қате мәлімдемені көрсетіңіз.
А) сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі қатысуы арқылы айтылады;
В) сұраулы сөйлемдердің соңында нүкте, қос нүкте, леп белгісі қойылады.
С) хабарлы сөйлем соңына нүкте қойылады.
Дұрыс жауап
3 тапсырма. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен айырмашылығы
А) бірнеше сөйлем мүшелері бар
В) грамматикалық негізі жоқ
С) екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.
Дұрыс жауап
4 тапсырма . Күрделі сөйлем мүшелерінің байланысу құралдарына қарай барлық құрмалас сөйлемдер бөлінеді:
А) жалғаулықты, жалғаулықсыз
В) салалас, сабақтас
С) салалас, сабақтас, аралас
Дұрыс жауап 5-тапсырма. Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз
Далада біресе жаңбыр себелейді, біресе қар ұшқындайды. А) Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем В) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем С) Кезектес салалас құрмалас сөйлем Дұрыс жауап
1.6. Күрделі сөйлемдерді синтаксистік талдау Бақылатын элемент коды 1.6.2 Грамматикалық негіз, жалаң, жайылма сөйлемдер түрі, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер.
1 тапсырма. Сөйлемнің баяндауышын белгілеңіз.Таң бозарып атып келеді.
А) таң бозарып
В) таң
С) атып келеді