Тестіге қатысқан оқушы саны: 105



бет5/8
Дата12.05.2023
өлшемі167,37 Kb.
#92384
1   2   3   4   5   6   7   8
«ә» сыныбы бойынша сынып жетекші Аққалиева Мейрамгүл.
2012-2013 оқу жылында 1 «ә» сыныбына 19 оқушы қабылданды. Қыркүйек айының бесінде Жұмабай Махаббат атты оқушы жанұя жағдайына байланысты басқа мектепке ауысып кетті. Қазір сыныпта 9 ұл, 10 қыз бала оқиды. Сыныптағы оқушылардың білім деңгейі жаман емес. Көптеген оқушылар қысқа мәтіндерді түсініп оқып, мазмұнын әңгімелеп айтуды меңгерді, құрама есептердің шартын құрып есептеуді үйреніп келеді. Дегенмен де ерекше көңілді қажет ететін оқушылар да бар. Бұл балалармен арнайы жасақталған жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізіліп келеді. Олар: Базаршаев Ерасыл –оқуы нашар, диктант нәтижесі «2».Жазу каллиграфиясы онша емес. Математика пәніне деген ерекше ықыласы байқалады, ауызша жақсы есептейді. Бірақ дәптерді жүргізуі айтарлықтай емес. Соңғы кездері сабақты жиі қалдырады.
Жауынбай Қарақат жыл басында оқи алмай, диктантқа ілесе алмай жүр еді, қазіргі сәтте диктантты «қанғаттанарлық» , «жақсы» бағаларға жазып келеді. алайда жүгіртіп оқуы жақсы емес, сөздерді қате оқиды.
Қапсалым Бірғаным атты оқушы да алғашқы үш айда әріптерді қоса алмай, есту бойынша жаза алмай, кейбір қылықтарымен сабақта үлкен қиындық келтіріп келді.
Анасымен бірлесе әрекет ету нәтижесінде ана тілінен жақсы оқып жүр. Есептеуде асығыстық білдіреді, ойланбайды. Қол еңбегін, сурет салғанды ұнатады. Кей кездері ойы далада отырады.
Білімді қабылдауы жақсы, алайда сабақ үстінде үнемі ескертуді қажет етіп отыратын оқушылар да кездеседі.
«б» сынып жетекшісі Ақжігітова Айнұр.
Сыныпта 19 оқушы бар. Оның 11 ұл, 8 қыз. Жалпы сынып құрамы жақсы. Барлығы жүргізіп оқиды.10 көлеміндегі сандардың құрамын ажырата алады.
Катушова Алия, Бақтыгереев Тұрарбек, Каримова Назира оқу бағдарламасын игеріп отыр, жылдың басында қиындық келтіргенімен, жеке жұмыстың арқасында ілгерілік танытты. Сыныпта тек Жаңаберген Алпамыс , Серік Шыңғыс бұл оқушылар қиындық келтіріп отыр. Мінез құлқында сабақ үлгерімінде ауытқулары бар оқушы жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет