Тестіге қатысқан оқушы саны: 105



бет7/8
Дата12.05.2023
өлшемі167,37 Kb.
#92384
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
суретти тест

«е» сынып жетекшісі Кодарова Анар.
1 «е» сыныбында 21 оқушы бар. Оның ұлы -13, қызы-8.
III-ші тоқсанның басында тағы бір оқушы қосылды. Ол Төлеген Ескендір,III – ші тоқсанда бір оқушы шығып кетті. Жалпы сыныптың құрамы жаман емес. Сыныпта тұғырлы жетім, жартылай жетім оқушылар жоқ. Жағдайы нашар бір оқушы бар. Ол Құлбаева Аягөз. Мектеп барлық оқушыларды оқулықпен, тамақпен қамтамасыз етіп отыр. Сыныптың ата-аналары Құлбаева Аягөзге жеке папка алып беріп сыйға тартты. Барлық оқушылар әріпті танып, оқи алады және жаза алады. Тек қиындық келтіріп отырған оқушылар бар. Олар Табылды Ернар, Төреғали Нұрасыл,III-тоқсанның басында бір оқушы келді Төлеген Ескендір әріптерді дұрыс танымайды, жаза алмайды. Мектептің психологтары осы оқушылармен жеке жұмыс жасап, бақылап отыр. Осы оқушыларды ата-анасының және мектеп психологтарының шешімімен көмекші сыныпқа ұсынып отырмын. Сынып ішінде сабаққа қабілеті жақсы оқушылар байқалады. Олар Джексенова Н, Нәсіпқали Н, Самекенова А, Серікқали Ә, Фанаров Ф, Зинекен А, Бақытұлы Д т.б сабақ үстінде оқушылар тапсырмаларды өз деңгейлеріне қарап орындайды, орындауға талпынады, қызығушылықпен қатысады. Мейірамжан Перизат деген оқушы Ш-С;Ж-З әріптерін шатастырып айтады, солай жазады. Ол оқушымен мектептің логопеді Лида Шапағатқызы жұмыстанып жатыр, сыныптың бір кемшілігі өте жыбырлақ, қозғалғыш.
« г» сынып жетекшісі Сүгіралиева Ақбаян.
Сыныпта 21 оқушы бар. Ұлы -13, қызы-8. Сыныптың құрамы орташа. Көп оқушы балабақшадан келген. Оқу жылының басында оқушылар қиындық туғызды, яғни балабақшадан келген оқушылар партада отыру қалыптаспаған , сабақ үстінде тұрып кетеді. Сыныпта тілінде мүкістігі бар оқушы бар. Үсенұлы Нұрдаулет ол оқушы Р әріп айтуда қиналады. Мектеп логопеді мен жылдың басында жұмыс жасағанымен қазіргі уақытта жұмыс жасап жатырған жоқ.
«д» сынып жетекшісі Жұматова Гүлназ.
Оқушы саны -19. Ұлы -11, қызы-8.
«ж» сынып жетекшісі Есенғазиева Нұргүл.
Сынып оқушы саны – 16. Оның ұлы-9, қызы -7.
Сыныпта қиындық келтіріп отырған Елтаев Мейрамбек . Бұл оқушы оқу бағдарламасын меңгере алмай отыр. Жеке жұмыстар жүргізілгенмен , оқушыда ілгерілік көп байқалмайды. Бұл оқушыны көмекші сыныпқа ұсынғалы отырмыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет