1 «в» сынып жетекшісі Құсанова Майра . 1 «в» сыныбында 21 оқушы бар. Оның 11 ұл, 10-ы қыз бала. Сынып құрамы жаман емес. Сынып оқушылары түгел кітаппен қамтылған. Алғашқы күннен бастап сынып оқушыларын мектеп ережесімен таныстырдым. Сыныпта апта сайын сынып сағаттары өтіп тұрады. Сынып оқушылары арасында тазалық, тәртіп мәселесі үнемі айтылады. Сонымен қатар сыныпта алдыңғы қатарлы оқушылар да бар. Мысалы: Серік Ә, Сағидолла А,Ешмаханова Ж сонымен қатар сыныпта тәртібі нашар, көп ескерту алатын оқушылар бар. Оларға Қожантаев Саламат деген оқушыны атауға болады. Саламаттың тәртібі орташа. Оны үнемі қадағалап отыру керек. Балаларға тиіседі. Өзіне ұрынған баладан үнемі өшін алады. Жыл басында мектеп инспекторы мен мектеп психологтары Саламат үнемі бақылауға алып түсінік жұмыстарын жүргізді. Ата-анасымен үнемі байланыс жасап тұрмын. Ата-анасы баланың тұңғышы болғандықтан еркелеу екенін айтады. Оқушының мінезі құбылмалы бүгін сабақ үстінде өзін өте тәртіпті ұстап, мұғалімнің айтқанын орындайды. Келесі күні керісінше болады. Бұл оқушымен үнемі сабақ соңынан сөйлесіп, ескерту беріп отырмын. Сыныпта өте нашар оқушы ол Молдағалиев Батырбек. Бағдарламаны меңгере алмай отыр. Сабаққа ешқандай қызығушылығы, ынтасы жоқ. Ата-анасымен бірнеше рет сөйлестім. Жеке жұмыстар жүргізілсе де, ешқандай өзгеріс жоқ. Сонымен қатар сабағы орташа деңгейде Қуанышев Р деген оқушыны атауға болады. Ата-анасы ажырасқан. Баланы әжесі қарайды. Жыл басында өте нашар болды. Жеке жұмыстар нәтижесінде оқушы әріп таниды, екі буынды сөздерді оқиды. Сандарды таниды. Сурет бойынша әңгімелейді. Бұл оқушымен де көп жұмыстану керек деп ойлаймын. Сонымен қатар сыныпта КабакановаГ, Кабаканова Д деген оқушылардың да сабағы орташа. Бұл оқушылар егіздер, тілдерінде мүкістігі бар. Р дыбысына тілдері келмейді. Жақында аналары қайтыс болды. Бұл балаларды үйден апасы қарайды. Осы оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіп сабақ соңынан алып қалып жүрмін, алға қарай да осы оқушылармен жұмыстар жүргізе беремін.
III тоқсанда сыныпта жоспарланған тәрбие сағаттары, сынып сағаттары бар. Алға қарай сынып оқушыларын сауаттандыруға, тәртіпті, әдіпті болуға тәрбиелеймін.