Тәттібеков Қ. С. Раимбаева С.Ә. С/С++ тілінде программалау негіздері



Pdf көрінісі
бет42/79
Дата15.11.2023
өлшемі1,39 Mb.
#124059
түріПрограмма
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   79
 
 


64 
5 Функциялар 
С және С++ тілінің программалық кодының негізгі бөлігін функциялар 
құрайды. Олар программаны жеке блоктар мен модульдерге бөлуге 
мүмкіндік береді. Осылай модульдік программалаудың пайда болуына 
функциялар себепші болды.
Модульдік программалау деп біртұтас қосымшаны құрайтын жеке, әрі 
өз бетінше өңделетін бөліктерден тұратын программаларды жасауды айтады. 
Мысалы, бір модуль мәліметтерді енгізу функциясын орындаса, екіншісі – 
мәліметтерді баспаға шығарса, ал басқасы дискідегі мәліметтерді сақтауға 
жауап береді. Бұл тілдердегі кез келген программада кем дегенде бір 
функция – 
main()
болады. Бұл функция басты функция деп аталады және 
программаның орындалуы осы функциядан басталады. Программаның 
тиімді, әрі сенімді жұмыс істеуі орнымен пайдаланылған функцияларға 
байланысты болады.
Функция – бұл белгілі бір есепті шешуге бағытталған сипаттамалар мен 
операторлардың жиынтығын құрайтын программалық бірлік. Функция 
параметрлерді қабылдайды және мәндерді қайтара алады.
Функция шақырылған кезде орындалады. Кез келген функция 
жариялануы және анықталуы қажет. Компилятор функцияны шақыру 
дұрыстығын тексеру үшін, функция жариялануы мәтінде оны шақырғанға 
дейін болуы керек.
Си
 
тіліндегі программа – бұл тізбектей сипатталған функциялар жиыны.
Әрбір функция – бұл есепті шешуге арналған программаның жеке 
бірлігі. Функцияны жариялау (прототип, тақырып, сигнатура) оның атын, 
қайтарылатын мәндердің типін және берілетін параметрлер тізімін ұсынады.
Функция прототипі – бұл функцияны алдын ала анықтайтын
функцияның айқын жариялануы. Функция жарияланғанда қайтарылатын 
мәндер типі функция прототипінде қайтарылатын мәндер типіне сәйкес келуі 
қажет.
Функцияның жазылуы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет