Тәуекел хан және оның 1590-шы жылдардағЫ



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата24.05.2023
өлшемі0,82 Mb.
#96549
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
231-1-487-1-10-20180720

Әдістеме
Тәуекел хан және оның 1590-шы жылдардағы 
Мауереннахрға жасаған жорықтарын қарастыру 
барысында біз тарихи мәселелерді зерттеу 
бары сында қолданылатын тарихилық прин ципі 
мен ғылыми зерттеулердің тәсілдері қолда-
нылды. Сондай-ақ қазақ хандарының Мауерен-
нахр билеушілерімен Түркістан аймағы үшін 
күресінде сабақтастық және үздіксіздік прин-
циптері басшылыққа алынды. Зерттеу тәсілдері 
ішінен жазба дерек мәліметтерімен жұмыс істеу 
барысында салыстыру, талдау тәсілдері жиі 
қолданылды.
Тәуекел ханның жорықтары қарсаңын-
дағы жағдайлар 
Тәуекел ханның билікке қалай келгені жөнін-
дегі мәселелерді қарастырмай-ақ, біз бірден 


Хабаршы. Тарих сериясы. №2 (89). 2018
154
Тәуекел хан және оның 1590-шы жылдардағы Мәуереннахрға жорықтары 
оның сол жылдардағы Мауереннахр билеушісі II 
Абдаллах ханмен жүргізген саясатына көшелік.
Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының 
Мауереннахрдағы шайбанилық әулетпен екі 
жақты қарым-қатынастарының басты мәселесі–
Түркістан аймағындағы қалалар мен өңірлер 
болып қала берді. Ал өз кезегінде шайбанилық 
билеуші Түркістан аймағынан айырылмауға 
тырысты. Қазақ хандығы үшін шайбанилық 
әулетпен күресте өте қолайлы жағдай атқарған 
факторға – Мауереннахр билеушісінің өзінің 
оңтүстік-батыстағы көршісі – Ирандағы сефеви-
лік әулетпен жаулық қарым-қатынасы жатты. 
Бұл көршілер арасындағы қарым-қатынастардың 
басты өзегі тағы да территория болды. Хорасан 
аймағы мен оның қалалары үшін екі елдегі әр 
кезеңдегі билеуші әулеттердің күресі бірнеше 
ғасырға созылғаны белгілі. Сол күрестердің бір 
кезеңі XVI ғасырдың соңғы жылдарына тұспа –
тұс келді. Тәуекел ханның да Түркістан аймағы 
үшін күрестері дәл осы жылдары өтеді.
Мәселе түсінірек болуы үшін шайбанилық 
және сефевилік әулет билеушілері арасындағы 
күрестер барысына шолу жасалық.
Шайбанилық әулет өкілі II Абдаллах хан 
әкесі Ескендірді Бұхарада хан көтеріп, әулеттің 
басқа өкілдерімен ашық күреске шығады да, 
бәрін жеңіліске ұшыратып, Мауереннахрдың 
жеке-дара билеушісіне айналады. 1583 жылы 
әкесі қайтыс болғаннан кейін өзін ресми түрде 
хан жариялап, келесі жорықтарын Хорасан, Ба-
дахшан, Хорезм аймақтарына бағыттайды. Ол 
1584 жылы – Бадахшанды, 1588 жылы – Ге-
ратты, 1595 жылы – Хорезмді бағындырады 
(Гафуров, 1989: 274). 1587 жылы Иранда 16 
жасында таққа отырған атақты сефевилік 
билеуші Аббас шах Хорасан аймағын қайтару 
үшін дипломатиялық, әскери жолдарды пайда-
ланады. Ол екі майданда соғыспау үшін 1590 
жылы Осман империясымен бейбіт келісімге 
келеді. 1593 жылдың соңында Мәскеуге өз 
елшілігін жібереді. 1594 жылы қаңтарда 
Тәуекел ханның елшісі Құл-Мұхаммед бидің 
Мәскеуде ол елшілікпен жолыққаны және 
Бұхара ханына қарсы күресу үшін келіссөздер 
жүргізгені белгілі (Казахско-русские отноше-
ния, 1961:3-5). Тәуекел хан ордасында болған 
иран елшісінің өкілі 1595 жылдың қазан айында 
Вельямин Степановпен бірге Мәскеуге қайтып 
оралғанын атап өттік. Иран елшілігінің өкілін 
шамамен келесі жылы, яғни 1596 жылы өз еліне 
қайтып оралған деуге болады. Оның Тәуекел 
ханмен болған келіссөздер қорытындысы та-
рихта әлі күнге дейін белгісіз, бірақ қазақ ханы 
мен иран шахының ортақ қарсыласына қатысты 
ортақ келісім жасады деп ой түюге болады. 
Осы тұста мынадай мәселені айта кеткенді 
жөн көреміз. 1594 жылы 30 мамырда орыс 
патшасы Федор Иванович Аббас шахтың 
Мәскеуге келген елшілігіне жауап ретінде князь 
А.Д.Звенигородский бастаған елшілікті Иранға 
аттандырады. Иран шахы орыс елшісін сол 
жылдың 6 қарашасында өз сарайында қабылдап, 
орыс патшасының Түркияға, Қырымға, неміс 
императоры Рудольфке, Литва короліне, Ноғай 
Ордасына, Дағыстан билеушісі Шевкалға, 
Бұхара ханына және тағы басқа елдерге қарым-
қатынасы жөнінде сұрақтар қойып, қажетті 
ақпараттар алады (Корсакова, 1916: 313). Бірақ 
Қазақ хандығы жөнінде, қазақ ханының орыс 
патшасымен, шайбанилық билеушімен қарым-
қатынасы жөнінде ешқандай мәлімет айтыл-
майды. Біз оның айтылмау себебін былайша 
түсіндіруге тырысамыз.
Тәуекел ханның елшісі Құл-Мұхаммед би 
мен Аббас шахтың елшісі арасындағы Мәскеуде 
өткен келіссөз бойынша екі елшіліктің бір-
бір өкілдерін Қазақ елі мен Иранға жіберу 
жөнінде келісілген болатын (Казахско-русские 
отношения, 1961:3-5). Иран елшілігінің бір 
өкілі В.Степановпен бірге Тәуекел ханға келіп 
кеткенін айттық. Ал қазақ елшілігінің өкілі ту-
ралы ешқандай жерде айтылмайды. Бірақ ол 
қазақ елшілігінің өкілі Иранға келмеді дегенді 
білдірмейді. Біздің ойымызша, қазақ өкілі 
Иранға ирандық елші Ази Хұсраумен бірге 
келген. Князь А.Д.Звенигородский елшілігі 
Иранға 1594 жылдың 22 қыркүйегінде келсе, 
иран елшісінің кемесі «қарсы соққан желдің 
қырсығынан» 7 күн кешігіп келеді. Орыс елшісін 
иран шахы бірден қабылдамай, ұзақ күттіреді. 
Тек бір жарым айдан кейін ғана ол шахтың 
қабылдауында болады (Корсакова, 1916: 311). 
Ал осы аралықта Ази Хұсрау елшілігіндегі 
қазақ өкілінен Аббас шахтың адамдары немесе 
шахтың өзі қазақтар туралы, Тәуекел хан және 
оның Мауереннахрдағы шайбанилық әулетпен, 
орыс патшасымен қарым-қатынастары тура-
лы мәліметтерді біліп алған деуге болады. Сол 
себепті де Аббас шах орыс елшісінен қазақтарға 
қатысты өзіне белгілі ақпаратты сұрамаған деп 
ой түюге болады. 
Жалпы, осы кездегі қазақ-иран елшілік 
байланыстарының қорытындысынан біз, қазақ 
ханы мен иран шахының Мауереннахрдағы 
шайбанилық әулет билігіне қарсы күресінің ал-
дын-ала келісіп жүргізгендігін байқауға бола-
ды. Енді нақты Тәуекел ханның XVI ғасырдың 


ISSN 1563-0269 Journal of history. №2 (89). 2018
155
Кәрібаев Б.Б.
соңғы жылдарындағы Мауереннахрға жасаған 
жорықтарына ауысалық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет