ISSN 1563-0269 Journal of history. №2 (89). 2018
157
Кәрібаев Б.Б.
деп Искандер-бек Мунши Сырдария өзенінің
орта ағысы бойындағы жартылай отырықшы
және жартылай көшпелі жергілікті тайпаларды
айтып отыр.
Одан әрі Искандер-бек Мунши өз баяндауын
былайша жалғастырады: « Тәуекел ханның осын-
шама мол әскеріне жергілікті өңірдің тұрғындары
ешбір қарсылықсыз бағынды. Аз уақыт ішінде
ол Орта Азияның Ташкент, Ахси, Андижан,
Самарқан сияқты
ірі қалалары мен өңірлерін
Бұхара аймағының қаласы Мианқалға дейінгі
жерлерді басып алады. Самарқанда 20 мыңдық
әскермен інісі Есім сұлтанды қалдырып, өзі 70-80
мың әскермен Бұхара алу мақсатымен қалаға бет
алады. Бұхарада 15000 мыңға жетпейтін әскер
болғандықтан, Пір-Мұхаммед хан мен әмірлер
жаумен ашық майданға шықпай, қала бекінісі
мен мұнараларын күшейтеді. Тәуекел хан
қалаға жақын келіп, әскері бірнеше бөліктерге
бөлінеді де, қаланы түгелдей қоршауға алады.
Бұхарлықтар күн сайын қаланың әр қақпасынан
қарсыластарына шабуылдар жасап,
олардың
адам санына шығындар келтіріп отырады. Осы-
лайша он бір күн бойы осындай ұрыстар болып
тұрады. Он екінші күні Бұхарадағы барлық әскер
қаладан шығып, күннің атысынан күннің ба-
тысына дейін соғысады. Осы күні бұхарлықтар
жеңіске жетеді. Ал Тәуекел хан шегінуге мәжбүр
болады. Шегінген әскердің алды Самарқандқа
жеткенде болған оқиға түгелдей Есім сұлтанға
баяндалады.
Мұндай хабарды естіген Есім сұлтан ашула-
нып ағасына мынадай сипатта хабар жібереді:
«Соншама әскермен азғантай ғана Бұхара
әскерінен жеңіліп, шегіну деген ұят және
өте қатты ұят нәрсе, егер хан Самарқандқа
келсе, бұл жақта да Бұхара жақтағыдай
самарқандықтардың бізге бағынбауы мүмкін.
Хан шегінісін тоқтатып, кері оралсын, мен
оған өз әскеріммен қосыламын».
Тәуекел
хан інісінің кеңесін құп алады да, қайтадан
Бұхараға бет алады. Көп ұзамай оған Есім
сұлтан келіп қосылады. Бұхараға да Бал-
хтан көмекке күш келіп жетеді. Екі жақтың
әскері Мианқалдың Ұзынсақал деген жерінде
кездесіп, ұрысты бастап кетеді. Шайқастар
қайта жалғасып, бір айдай уақытқа созылады.
Соғысушы екі жақ түпкілікті жеңіске жете ал-
майды. Осындай бір сәтте Тәуекел хан әскерді
өзі бастап ұрысқа түседі. Қарсыластар жағынан
көп әскер шығынға ұшырап, бұхарлықтардың
ең беделді және
танымал адамдары қаза таба-
ды. Осы шайқаста Тәуекел ханның өзі де ауыр
жарақат алады. Хан жараланғаннан кейін қазақ
әскерлері Ташкентке оралады. Ал көп ұзамай
Тәуекел хан қайтыс болады (Вельяминов-Зер-
нов, 1864: 350-351).
Достарыңызбен бөлісу: