ISSN 1563-0269 Journal of history. №2 (89). 2018
153
Кәрібаев Б.Б.
отправил посла, а также об установлении связи между казахским послом, иранскими послами в
Москве и людьми Аббас шаха. Даже в борьбе против Мауереннахра существует вероятность того,
что между Казахским ханством и Ираном может быть установлен военный альянс. Причинами
эффективности походов Тауекел-хана являются личные качества хана,
единство казахского
общества. В результате этого похода Туркестанский регион, наконец, вошел в состав Казахского
ханства.
Ключевые слова: Тауекел хан, Мауереннахр, поход, Туркестан, посольство.
Кіріспе
XV-XVI ғасырлардағы қазақ хандарының
көршілес елдермен жүргізген сыртқы саясатының
негізгі мақсаты –
қазақ халқының этникалық
аумағының қалыптасуы үдерісін соңына дейін
жеткізу болды. Дешті Қыпшақ тұрғындарының
басым бөлігі көшпелі мал шаруашылығымен
айналысқандықтан оларға аумақтың солтүстік
бөлігіндегі – Тобыл, Есіл өзендерінің орта ағысы
бойындағы жазғы жайылымдардың маңызы
қандай болса, оңтүстік бөліктегі – Сырдария
өзенінің орта және төменгі ағысы бойында
қысқы жайылымдар мен қоныс –
тұрақтардың
маңызы одан кем болмады. Бірнеше мың жыл
бойы осы аумақта дәстүрлі шаруашылық түрін
дамытқан жергілікті тұрғындарға Дешті Қыпшақ
аумағы толықтай этникалық аумақ болып санал-
ды. Сонымен бірге Дешті Қыпшақтың жекеле-
ген аймақтарының өте ерекше маңызы да болды.
Сондай аймаққа XIV-XVI ғасырларда Түркістан
аймағы деп саналған Сырдың орта және төменгі
ағысы бойындағы өңірлер жатты.
XIII-XV ғасырларда Ақ Орда хандығы үшін,
одан кейін Әбілқайыр хандығы үшін және Қазақ
хандығы үшін Түркістан аймағындағы қалалар
мен өңірлердің шаруашылық, экономикалық,
саяси-әкімшілік,
мәдени-рухани, геосаяси ма-
ңыз дарға ие болғандығы белгілі (Кәрібаев,
2015: 179). Соған байланысты Дешті Қыпшақ
билеушілері мен Мауереннахр билеушілері ара-
сында бірнеше ғасыр бойы аймақ үшін күрес
жүрді.
XIV ғасыр соңында Ақсақ Темір мен Ақ Орда
хандары, Тоқтамыс хан мен Ақсақ Темір, Барақ
хан мен Ұлығбек мырза араларында болған
күрестер мен соғыстардың ең басты себебіне
Дешті Қыпшақ пен Мауереннахр билеушілерінің
осы аймаққа үстемдік орнатуға ұмтылыстары
жатты. XV ғасырдың 70-ші жылдарының басын-
да Дешті Қыпшақтың басым бөлігінде өз билігін
таратқан Қазақ
хандығының алдында Сырдың
орта ағысы бойындағы қысқы жайылымдар мен
жерлерді, қалалар орналасқан өңірлерді қайтару
міндеті тұрды.
XV ғасырдың соңғы ширегінде бұл күресті
Керей мен Жәнібек хандардың мұрагерлері –
Бұрындық хан, Қасым хандар жүргізеді. Одан
кейінгі хандықтың «уақытша әлсіреу» кезеңінде
аймақ жері Мауереннахрдағы шайбанилық әу-
летке тәуелді болып қалды. Хақназар хан тұсында
Қазақ хандығы бұл аймақты қайтару үшін ұзаққа
созылған күрестер жүргізгені белгілі. Ғасыр
соңында қазақ ханы Тәуекел бұл күресті одан әрі
жалғастырып, ақыры оң нәтижеге қол жеткізеді.
Оның 1597-1598 жылғы Мауереннахрға жасаған
жорықтарының нәтижесінде Сыр бойындағы
өңірлер мен жерлер Қазақ хандығының құра мы-
на толығымен және түпкілікті түрде қосылады.
Сөйтіп, аталған аумақ қазақ халқының этноау-
мағы болып қалыптасады. Міне,
аталған ау-
мақ тың қазақ халқының этноау мағына қосы-
луын да Тәуекел ханның ұзақ жылдар бойы
жүргізген саясаты мен оның 1597-1598 жылда ры
Мауереннахрға жасаған жорықтарының нәти-
желері тікелей маңыз атқарады. Осыған орай, біз
осы жұмысымызда Тәуекел ханның осы жорық-
тарының барысы мен маңызын ашып көрсетуді
мақсат етіп қойдық.
Достарыңызбен бөлісу: