Сіздің презентация кезіндегі міндетіңіз жобаңызға назар аударту және қызығушылықты қалыптастыра бастау. Егер бұл міндетті ойдағыдай орындасаңыз, кейінірек инвесторлармен жоба жайында толығырақ сөйлесуге мүмкіндігіңіз болады. Егер қандай да бір ойыңыз бір слайдқа сыймай қалса, екі жолыңыз бар: оны қысқарту немесе бір слайдтың орнына екі слайд жасау.
Бұл ретте барлығын белгіленген уақытта түсіндіріп үлгеруіңіз керек. Сондықтан слайд жасаған соң тай- мермен презентацияға алдын ала дауыстап дайындалыңыз. Егер регламентке сай үлгермейтін болсаңыз, онда қандай слайдтарды соңына ауыстыруға болатынын ойланыңыз («Байланыс деректері» деген соңғы слайдтан кейінгі және қажет болған жағдайда ғана қолданылатын қосалқы слайдтар). Осы операциядан кейін презентацияның қисынды әрі түсінікті болғанына көз жеткізу үшін тағы бір рет дайындық жасап алыңыз. Егер слайдтарыңызда бос нәрсенің жазылғанына және өз жобаңызды жақсылап таныстыра ала- тындығыңызға сенімді болсаңыз, бұл – сіздің құқығыңыз, алайда ережелерді бұзу үшін оларды біліп, түсіну керектігі есіңізде болсын.
2 сұрақ.
Әрбір кәсіпкерге өз қызметінде ерте ме, кеш пе аудиторияның алдында сөйлеуге тура келеді. Бұл өз өнімінің, көрсетілетін қызметінің немесе қандай да бір идеяның презентациясы болуы мүмкін. Осыған сәйкес кәсіпкер әрқашан да көпшіліктің алдында сөйлеуге дайын болуы тиіс, өйткені бұл өзіңіз және өніміңіз туралы мәлімдеуге таптырмас мүмкіндік. Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары танымал болуға, сізге және сіздің идеяңызға сенетін адамдарды тартуға көмектеседі. Егер кәсіпкердің бойында бұл дағдылар болмаса, ол қобалжып, уайымдап, жүйелі сөйлей алмайды.
Аудиторияның алдында ойдағыдай сөйлеуі үшін қажетті негізгі дағдылар:
1) Сөйлеу кезіндегі сезімталдығы мен қағылездігі. Тарихтан эмоциялары немесе қағылездігі арқасында әлемге әйгілі болған көптеген шешендер туралы білеміз. Бұл жерде сезімталдық қана емес, ал сонымен қатар: