Тиімді презентациялау әдістері. Көпшілік алдында сөйлеу дағдысы


) «Процес технологиясы» төртінші блогы



бет2/5
Дата10.07.2023
өлшемі76,16 Kb.
#104150
түріСабақ
1   2   3   4   5

4) «Процес технологиясы» төртінші блогы

  • Жұмыстың қалай ұйымдастырылғаны, наныңыздың құрамын ерекшелейтін құпиясы туралы айтып беріңіз. Мәтіннің аз, фотосуреттер, диаграммалар, сызбалар мен кестелердің көбірек болғаны дұрыс. Инвесторды идеяңызды техникалық жағынан іске асыра алатындыңызға бір слайдпен ғана сендіруіңіз керек.
  • 5) «Бизнес-модель» бесінші блогы

  • Қалай өмір сүретініңізді айтып беріңіз: сізге кім төлейді, өніміңізді кім таратады, алатын табысыңыз туралы.
  • 6) «Сатып алушыларға қатысты жоспар» алтыншы блогы

  • Тұтынушыларды қалай табатыныңыз жайлы, маркетингтік саясатыңыз туралы айтып беріңіз. Стратегияңыздың тиімді және сенімді екендігіне, сонымен қатар кедергі туындаған кезде жоспарыңыздан бас тартпайтыныңызға инвесторды сендіре біліңіз.
  • 7) «Бәсекелестер» жетінші блогы

    • Негізгі қатысушылар, қазіргі таңдағы олардың алатын орны сияқты нарықтағы жағдай туралы толық баяндаңыз. Осы жерде жобаңызды барынша асыра сипаттағаныңыз жөн, алайда ешкімді де кемсітіп көрсетпеңіз: әлеуетті инвесторлар бәсекелестеріңіздің кемшін тұстарын емес, сіздің жұмысыңыздың қаншалықты жақсы екендігін білгісі келеді.
    • 8) «Команда» сегізінші блогы

    • Командаңыздың басты тұлғалары: басқарушы, наубайшылар, сатушы-кассирлер туралы баяндап беріңіз. Егер инвесторларыңыз болса, олар туралы да айтуды ұмытпаңыз. Барлығын тізбелеп айтудың қажеті жоқ, ең басты адамдарды және олардың осы жобада жасап жатқан қызметтері туралы айтсаңыз жеткілікті. Ең мықты аргумент – олардың тәжірибесі. Егер олардың аты-жөндерін көпшілік білмесе, қамығудың қажеті шамалы: егер сіз Facebook немесе YouTube арналарының негізін қалаушылардың бірі болсаңыз, онда қаржыландыру көздерін іздеудің де керегі болмас еді. Бұл кезеңдегі мақсатыңыз – өзіңіз қызмет ететін нарық саласын игеру үшін тәжірибеңіз бен біліміңіздің жететінін көрсету. Әркімнің-ақ осал тұстары болады - мінсіз стартаптар болмайды, ең бастысы кемшіліктеріңізді көріп, оларды барынша дұрыстау болып табылады.


    • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет