92
♦ Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
Мектеп – біліммен ... əр адамның өміріне жолдама беретін қасиетті де ардақты
шаңырақ.
А) бері
В) қоса
С) жуық
D) бетер
1) бері сөзі шығыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеулік, ал алдындағы сөз
көмектес септігінде тұр;
2) қоса сөзі көмектес септігінен кейін келетін септеулік, мұнда бір əрекет (білім беру)
басқа бір əрекетпен (өмірге жолдама беру) қабаттаса қолданып тұр;
3) жуық – барыс септігіндегі сөзбен тіркесетін, мезгіл мəнді білдіретін септеулік;
4) бетер – көмектес септігінен кейін келетін септеулік. Сөйлемдегі екі əрекет те
(білім беру, өмірге жолдама беру) қатарласа, жарыса біреуі екіншісіне басымдық
беріп тұрған жоқ; бетер септеулігі – бір əрекеттің екінші бір əрекеттен артық не кем
екендігін білдіру үшін жұмсалатын септеулік.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Сонымен ... мемлекеттік тіл мəртебесіне сай қазақ тілінің қоғамдық қызметін жан-
жақты жетілдіру керек.
А) қатар
В) бетер
С) өзгеше
D) бұрын
1) қатар сөзі - көмектес септігінен кейін келетін септеулік, сондықтан көп нүктенің
орнына қатар сөзін қоюға болады;
2) бетер сөзі бір əрекеттің екінші бір əрекеттен артық не кем екендігін білдіру үшін
жұмсалатын септеулік, сөйлемде ондай салыстыру жоқ;
3) өзгеше сөзі – шығыс септігіндегі септеулік, алдындағы сөз көмектес септігінде тұр;
4) бұрын сөзі – шығыс септігіндегі септеулік, алдындағы сөзбен (сонымен)
тіркеспейді.
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Дастарқанға шаймен ... ыстық самса да қойылды.
А) бірге
В) бетер
С) қарай
D) сəйкес
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Қыркүйек айының ортасында Азамат əкесімен ... Италияға жол жүрмек.
А) таяу
В) бірге
С) кейін
D) бұрын
Достарыңызбен бөлісу: