90
83
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Кадр бөліміне сағат екіден ... келіңіз.
А) гөрі
В) кейін
С) бетер
D) қарай
1) гөрі сөзі салыстыру мəнінде жұмсалады, келіңіз сөзімен тіркеспейді;
2) кейін сөзі істің орындалу мерзімінен
соңғы жағдайды нақтылайды, шығыс септікті
сөзбен тіркеседі;
3) бетер сөзі екіден сөзімен тіркес түзе алмайды, мағыналық жақтан үйлеспейді;
4) қарай сөзі барыс септігіндегі сөзбен тіркеседі, сондықтан шығыс септігіндегі
сөзден (екіден) кейін қолданылмайды.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Қонақтар астан ... бата қайырды.
А) кейін
В) бері
С) шейін
D)
арқылы
1) кейін сөзі шығыс септік тұлғалы сөзбен (астан) тіркесіп, істің орындалуының
мезгілін білдіріп тұр;
2) бері сөзі - істің басталу шегін білдіретін септеулік, ал
сөйлем өткен шақта тұр;
3) шейін сөзі - барыс септікті сөздермен тіркесіп, мезгіл-мекен мағынасын білдіретін
септеулік;
4) арқылы сөзі - атау септігіндегі сөздермен тіркесетін септеулік, шығыс септігіндегі
сөзбен байланыспайды.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Қазақстанда 2011 жылы маусымда 56 мыңнан ... жеңіл автокөлік тіркелді.
А) бірге
В) бетер
С)
астам
D) салым
1) бірге сөзі - көмектес септігіндегі сөздермен тіркесетін септеулік, шығыс септігіндегі
сөзбен тіркесе алмайды;
2) бетер сөзі іс-əрекеттің бұрын істелген іс-əрекеттен неғұрлым күшті болғанын
көрсетеді, сөйлем мазмұнына үйлеспейді;
3) астам сөзі шығыс септігіндегі
сөзбен тіркесе алады, сөйлем мазмұнына сəйкес
келеді;
4) салым сөзі - барыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеулік, шығыс септігіндегі
сөзбен байланыспайды.
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Оқушылар сабақтан ... мəдени-танымдық саяхатқа барады.
А) кейін
В) дейін
С) шейін
D) сайын