Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет114/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

Жоспар үлгісі
Тақырыпшалар
Тойға жиналған адамдар
Сауытбайдың үйіне жиналған адамдар.
Қымыз 
ішіп 
отырған 
ақсақал, 
қарасақалдар.
Төрде отырған аққұба, шоқша сақалды 
адам.
Ы. Алтынсариннің пікірі
Оқыту туралы әңгіме.
Жиынды аузына қаратып отырған 
Ыбырай
«Өнер жастан шығады».
Шешім
Ауылдық мектепті ашу туралы шешім.
Жиын тарады.
Мектеп ашылатыны туралы хабардар 
болу.
2-нұсқа
Компакт-дискіден аудиожазбаны тыңдаңыз.
Мазмұндама мәтінін екі рет тыңдайсыз.
Мәтін мазмұнына сәйкес жоспар құрыңыз.
Мазмұндама соңында берілген мәтін мазмұнын ашатын 5 сұраққа жазбаша 
жауап беріңіз.
Прослушайте аудиозапись на компакт-диске.
Прослушайте текст изложения два раза.
Составьте план изложения в соответствии с содержанием текста
Письменно ответьте на 5 вопросов, раскрывающих содержание текста.
1
Алғашқы мектеп
Сауытбайдың тойына көп адам жиналыпты. Менiң әкемдi үлкен ақ боз 
үйге түсiрдi. Бiз үйге кiрсек, жұрт лық толып, қымыз iшiп отыр екен. Ақсақал, 
қарасақалдардың алуан түрi осы үйде. Төрде доп-домалақ, қара бiреу отыр. 
Ол Тыржық деген бай екен, оның жанында тағы бiреу отыр, ол – осы ауылдың 
молдасы. Әрiректе аққұба, шоқша сақалды бiреу отыр. Бұл – Ыбырай Алтынсарин 
еді.
Бiз келiп отырғанда, балаларды оқыту туралы әңгiме болып жатты. Әңгiменi 
қозғап, бүкiл жиынды аузына қаратып отырған – Ыбырай. Жұрт үнсiз тыңдап қана 
отыр. Ыбырай өзiнiң сөзiнде ғылым да, өнер де оқуда екенiн түсiндiрдi. Ыбырай:
– Өзiмiз талпынып, өзiмiз еңбектенбесек, бәрiнен артта қаламыз. Заман өнерлi, 
бiлiмдi болуды талап етедi. Өткенге өкiнуiмiз пайдасыз. "Өнер жастан шығады", 
– деген үлкендер. Бүгiнгi таңда әуелi екi жылдық ауыл мектебiн ашуды көздеп 
отырмыз. Жастарды бiлiмге шақыруымыз керек. Балалар – бiздiң болашағымыз, 
– дедi.
Ыбырайдың сөзiнен соң жұрт біраз пiкiр алысты да, ауылдық мектеп ашылсын 
деген шешімге келдi.
Жиын тарауға айналды. Бiр топ адам жиналып, ойын болатын төбеге қарай 
кеттi.
Сонымен, той аяқталатын мезгiл де келiп жеттi. Ауыл ақсақалдары өз 
адамдарын жинап алып, үйлеріне тарай бастады. Бiраз елдiң адамдары мектептiң 
ашылатынынан хабардар боп кеттi.
С. Көбеев бойынша
Мәтінді ойша үш бөлікке бөлейік. Ол үш бөлікті тағы да мағына беретін 
тақырыпшаларға ажыратайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет