185
ЖАЗ
ылым
бөлігі
Жоспар құру үшін, мәтінді ойша бөліктерге бөліп, негізгі ойды анықтау қажет.
3-нұсқа
Компакт-дискіден аудиожазбаны тыңдаңыз.
Мазмұндама мәтінін екі рет тыңдайсыз.
Мәтін мазмұнына сәйкес жоспар құрыңыз.
Мазмұндама соңында берілген мәтін мазмұнын ашатын 5 сұраққа жазбаша
жауап беріңіз.
Прослушайте аудиозапись на компакт-диске.
Прослушайте текст изложения два раза.
Составьте план изложения в
соответствии с содержанием текста.
Письменно ответьте на 5
вопросов, раскрывающих содержание текста.
1
мәдениет туралы түсінік
Мәдениет (латын. Cultura – өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат
объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам
еңбегінің ерекшелігі, оның адамның
іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның
және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз
жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы
ұғымда
мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам
жасаған «екінші табиғат».
Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның
өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол – өзара қарым-қатынас нәтижесінде
қалыптасатын ерекше құбылыс.
Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына
әсер етеді, өзгертеді. Адамдар мәдениетті өз мақсатына пайдаланады. Болашақ
қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда
болады.
Мәдениет әртүрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың,
таптардың,
жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес
пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу,
тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста
болу және т.б.
Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланысты, әр
қоғамдық
кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары
дамиды. Мәселен, бір кездерде
жазба әдебиеті болмады, соның нәтижесінде
фольклор қалыптасты,
кейінірек білім қалыптасып, жазудың шығуы жаңа
талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды.
Информатика дамыды,
оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру
арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың,
жеке адамның тілегіне, талабына сәйкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс
мәдениет қалыптаспайды. Мәдениет – әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы
күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен
қоғам талабы тікелей байланысты. Мәдениет – адамның өмір сүру мақсаты мен
құндылық жүйесі.
«Парасат» журналынан