Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы


Табыс септігі. Салт және сабақты етістіктермен байланысы



Pdf көрінісі
бет132/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

Табыс септігі. Салт және сабақты етістіктермен байланысы
1-жаттығу
Жақша ішіндегі сөздерге қажетті қосымшаларды жалғап, сөйлемді 
толықтырыңыз.
Дополните предложения, раскрыв скобки и присоединив к словам нужные 
аффиксы.
1. Студенттер мерекелік (кеш) ұйымдастырды. 2. Қазақ әдебиетінің 
(тарихы) екі жыл оқыдық. 3. Әдебиетшілер ХХ ғасырдың соңында жазылған 
(шығармалар) талдады. 4. Асхат биыл домбыра (үйірмесі) құрды. 5. 
Оқушылар көрмеден суретшінің (өнері) тамашалады. 6. Туристер Қытайда 
Император (қамалы) тамашалады. 7. Алма қан құрамындағы (холестерин) 
төмендетеді. 8. Ғалымдар құс тұмауынан сақтану (жолдары) іздестіруде.


208
Жауабы:
1. Студенттер мерекелік кеш ұйымдастырды. 2. Қазақ әдебиетінің тарихын екі жыл 
оқыдық. 3. Әдебиетшілер ХХ ғасырдың соңында жазылған шығармаларды талдады. 
4. Асхат биыл домбыра үйірмесін құрды. 
5. Оқушылар көрмеден суретшінің өнерін тамашалады. 6. Туристер Қытайда 
Император қамалын тамашалады. 7. Алма қан құрамындағы холестеринді 
төмендетеді. 8. Ғалымдар құс тұмауынан сақтану жолдарын іздестіруде.
Жалпылау есімдігі 
1-жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріңіз.
Перепишите предложения, вставив вместо многоточия нужные слова.
1. Әзиза ауылдағы ... туыстарын тойға шақырды. 
2. Гүлнәр кездескен таныстарының ... ертең үлкен алаңда жарыс болатынын айтты.
3. Аманғали досынан ... көмегін аямай, оған қолынан келгенінше жәрдемдесті. 
4. Табиғатты қорғау – ... адамзатқа ортақ іс.
Қажетті сөздер: барша, бар, бәріне, барлық
Жауабы:
1. Әзиза ауылдағы барлық туыстарын тойға шақырды. 
2. Гүлнәр кездескен таныстарының барша ертең үлкен алаңда жарыс болатынын 
айтты.
3. Аманғали досынан бар көмегін аямай, оған қолынан келгенінше жәрдемдесті. 
4. Табиғатты қорғау – барша адамзатқа ортақ іс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет