Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет133/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

белгісіздік есімдігі
1-жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.
Дополните предложения, вместо многоточия вставив нужные слова.
1. ... адамдарда өзге тілді тез үйренетін ерекше қабілет болады.
2. Айнұр ... тілде еркін сөйлейді екен. 
3. Люда мемлекеттік тілді ... меңгеріп алыпты. 
4. Айжан түсіндірме сөздікті ... рет ақтарса да, мына сөздің синонимін таба алмады.
Қажетті сөздер: әлденеше, бірнеше, кейбір, әлдеқашан
Жауабы: 
1. Кейбір адамдарда өзге тілді тез үйренетін ерекше қабілет болады.
2. Айнұр бірнеше тілде еркін сөйлейді екен. 
3. Люда мемлекеттік тілді әлдеқашан жетік меңгеріп алыпты. 
4. Айжан түсіндірме сөздікті әлденеше рет ақтарса да, мына сөздің 
синонимін таба алмады. 
болымсыздық есімдігі 
1-жаттығу
Жақшаны ашып, тиісті сөзді қойып сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.
Перепишите предложения, раскрыв скобки и вставляя нужные слова.
1. «Айдар, сенің жақсылығыңды (ешкім, ешқашан) ұмытпаймын», - деді Гүлнәз. 2. 
Менің қолымнан сурет салудан басқа (ештеңе, ешқашан) келмейді. 3. Гүлсім ертең 
(ешқандай, ешқайда) бармайды. 4. Асылжан жол-жөнекей (ешбір, ешкім) танысын 
кездестірмеді. 5. Балжан (ешқандай, ешқайда) амалы болмай, көршісінен көмек 
сұрады.


209
қОС
ым
ША
л
АР
Жауабы: 
1. «Айдар, сенің жақсылығыңды ешқашан ұмытпаймын», - деді Гүлнәз.
2. Менің қолымнан сурет салудан басқа ештеңе келмейді. 3. Гүлсім ертең 
ешқайда бармайды. 4. Асылжан жол-жөнекей ешбір танысын кездестірмеді. 
5. Балжан ешқандай амалы болмай, көршісінен көмек сұрады.
бұрынғы өткен шақ етістік 
1-жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, жаттығуды көшіріңіз.
Вместо многоточия вставьте нужные слова и перепишите упражнения.
1. Олар мектепті былтыр ... . 2. Ал ЖОО-ға оқуға биыл ... . 3. Кеше менің 
төрт курстасым кітапханаға ... . 4. Айгүл де түстен кейін кітапханаға барып, 
сабаққа ... . 5. Ол кітапханада көптен көрмеген құрбысын ... .
Қажетті сөздер: кездестіріпті, бітіріпті, түсіпті, барыпты, дайындалыпты
Жауабы:
1. Олар мектепті былтыр бітіріпті. 2. Ал ЖОО-ға оқуға биыл түсіпті. 
3. Кеше менің төрт курстасым кітапханаға барыпты. 4. Айгүл де түстен 
кейін кітапханаға барып, сабаққа дайындалыпты. 5. Ол кітапханада көптен 
көрмеген құрбысын кездестіріпті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет