Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы


Жауабы: Демеулік шылаулар (Шектік, болымсыздық, салыстыру)



Pdf көрінісі
бет139/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

Жауабы:
Демеулік шылаулар (Шектік, болымсыздық, салыстыру)
1-жаттығу
Демеулік шылауларды мағынасы бойынша топтаңыз.
Сгруппируйте частицы по значению.
Шектік
Болымсыздық 
(салыстыру)
Күшейткіш
Нақтылау
214


215
қОС
ым
ША
л
АР
1. Cіздің-ақ естімейтін нәрсеңіз жоқ екен?
2. Биыл университетке тек 70-тен жоғары балл жинағандарды ғана қабылдады.
3. Студент тұрмақ оқытушының өзі де сабаққа кешікпеуі керек.
4. Ол әжесіне өткен аптада кіріп шыққан-ды.
5. Құдай-ау, осыны да үлкен мәселеге айналдырып отырсыңдар ма?
6. Кездесу наурыз айының ортасында өтті ғой.
7. Тек ұлдар ғана барған сияқты.
8. Саған бермек түгіл өзімде де бір кітап қалмайтын болды.
Шектік
Болымсыздық 
(салыстыру)
Күшейткіш
Нақтылау
Тек ұлдар ғана 
барған сияқты.
Студент тұрмақ 
оқытушының өзі де 
сабаққа кешікпеуі 
керек.
Құдай ау, осыны 
да үлкен мәселеге 
айналдырып 
отырсыңдар ма?
Ол әжесіне өткен 
аптада кіріп шыққан 
ды.
Биыл университетке 
тек 70-тен жоғары 
балл жинағандарды 
ғана қабылдады.
Саған бермек түгіл 
өзімде де бір кітап 
қалмайтын болды.
Cіздің ақ 
естімейтін 
нәрсеңіз жоқ 
екен?
Кездесу наурыз 
айының ортасында 
өтті ғой.
Жауабы:
Еліктеуіш сөздер
1-жаттығу
Сөздерді сәйкестендіріңіз. 
Определите соответствие. 
Қарға
сарт етіп жабылды
Дөңгелек
қарқылдайды
Есік
зырылдайды
Бала
әңгіме болды
Гу-гу
шыр-шыр етті
Аяғын
гүрілдеп шығады
Даусы 
тарп-тарп басты 


216
Қарға
қарқылдайды 
Дөңгелек
зырылдайды
Есік
сарт етіп жабылды
Бала
шыр-шыр етті 
Гу-гу
әңгіме болды
Аяғын
тарп-тарп басты
Даусы 
гүрілдеп шығады
Жауабы:
бейнелеуіш сөздер
1-жаттығу
Көп нүктенің орнына қажетті бейнелеуіш сөздерді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте необходимые образоподражательные слова.
1. «Қара Көже» дегендерге «әу» деп ... қарайтын болдым. 2. Ғимараттың кіре 
берінде ... етіп құлап, аяғын қайырып алды. 3. Құлағындағы сырғасы күнмен 
шағылысып, ... әдемі көрінеді. 4. Аттылар бұрылып келіп, дөңгелене отырған 
жиынға ... сәлем берісіп амандасып қалды (М.Әуезов). 5. Мойнындағы жұқа 
мойын орағышы желмен ... . 6. Бүгін күні бойы ... біреуді күтумен болды.
7. Баласының ... түріне қарап, әңгімесін бастады. 8. Әжесінің ... жүзінен мейірім 
шуағы төгіліп тұр. 9. ... айнадай таза кең үйіне алып келді. 10. Байғұс қара өгіз, 
көзіне шыбын үймелеп, аузынан сілекейі шұбырып, ... аяңдап келеді.
Қажетті сөздер: жалп, жылтылдап, елеңдеп, митың митың, сөлбіреген, жапыр 
жұпыр, жарқыраған, жалт, желпілдейді, күлімсіреген
Жауабы: 
1. «Қара Көже» дегендерге «әу» деп жалт қарайтын болдым. 2. Ғимараттың 
кіре берінде жалп етіп құлап, аяғын қайырып алды. 3. Құлағындағы сырғасы 
күнмен шағылысып, жылтылдап әдемі көрінеді. 4. Аттылар бұрылып келіп
дөңгелене отырған жиынға жапыр жұпыр сәлем берісіп амандасып қалды
(М. Әуезов). 5. Мойнындағы жұқа мойын орағышы желмен желпілдейді. 6. Бүгін 
күні бойы елеңдеп біреуді күтумен болды. 7. Баласының сөлбіреген түріне қарап, 
әңгімесін бастады. 8. Әжесінің күлімсіреген жүзінен мейірім шуағы төгіліп тұр. 
9. Жарқыраған айнадай таза кең үйіне алып келді. 10. Байғұс қара өгіз, көзіне 
шыбын үймелеп, аузынан сілекейі шұбырып, митың митың аяңдап келеді.


217


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет